Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme : Баубақша. Гүлзар. Сабақтың үлгісі / Тип занятия/ Type of the lesson: Жаңа сабақ



Дата29.03.2017
өлшемі360,93 Kb.
#12537
түріСабақ
Сабақтың жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні/ Дата/ Date:

Топ/ Группа/ Group:

Пән/ Предмет/ Subject: Табиғатпен таныстыру әдістемесі экология негіздері.

Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: Баубақша.Гүлзар.

Сабақтың үлгісі / Тип занятия/ Type of the lesson: Жаңа сабақ.

Сабақтың түрі/Вид занятия/ Kind of the lesson: дәріс

Мақсаты/ Цели занятия/ Objectives :

білімдік / образовательная/ educational: Баубақша, гүлзар туралы түсініктерін

қалыптастыру.



дамытушылық/ развивающая/ developing: Танымдық іс-әрекеттерін, белсенділіктерін дамыту,Ойлауды белсенді ететін теңеу қабілеттерін дамыту.ойындар таңдай білу қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік/ воспитательная / bringing-up: Қоршаған ортаға сүйспеншілікпен қарауға , жақсы көзқарастарпен, ынта-ықыласқа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар/ Оборудование/ Resources: тақта, суреттер.

Сабақтың барысы/ План занятия/ Plan:

  1. Ұйымдастыру сәт

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. Мақсатқа жету.

  4. Жердің орналасуы

  5. Флипчартпен жұмыс «Қөкөністерді тандау»

  6. Бақшаның жоспарын құру

  7. Балабақшадағы гүлзарды құру

  8. Схемалар – цикл «Бақшамен гүлзардың күту жолдары»»

  9. Рефлексия. Клумба

  10. Үй тапсырмасын орындау.

.

Сабақ барысы.



І.Ұйымдастыру бөлімі. Үш тілде амандасу. Сәлеметсыздар ма!Здравствуйте,Good morning.Бірыңғай талап бойынша кезекшілерді сұрап,оқушылардың сыртқы пішініне назар аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Презентация ұсыну,альбомдарын көрсету



Презентацияны бағалау критериялары

бағалау

5

4

3

2
Мазмұны

  Жұмыс толық аяқталған

  Жұмыстың маңызды компоненттер аяқталған

  Барлық маңызды компоненттер орындалмаған

   Жұмыс дұрыс жасалмаған




  Жұмыстың толық үрдісі қарастырылған

   Жұмыста маңызды сәттер қарастырылған,кейбір

Бөлшектер аңықталмаған.



   Жұмыс түсінікті ,бірақ толық емес.

  Жұмыс шағын көрсетелген
Дизайн

   Дизайн сай 

   Дизайн бар

   Дизайн қарапайым

   Дизайн түсініксіз

   Дизайн элементері толығымен көрсетілген. Дизайн мазмұнға сай

  Дизайн элементері толығымен көрсетілген. Дизайн мазмұнға сәйкес

  Тұрақты элементтер жоқ .Дизайн мазмұнға сәйкес емес

   Элементтер дизайның,мазмұнға сәйкес емес.






Сауатылығы

   Қате жоқ: грамматикалық, синтаксистық

 Аз кателер бар 

 Сезінуге кателер кедергі жасамайды. 

 Өте көп қателер,қиын қабылдау
Графика

  Жақсы тандалған,мазмұнға сәйкес.

   Графика мазмұнға сәйкес

   Графика мазмұнға аз сәйкестігі.

   Графика мазмұнға сәйкес келмейді.


III. Мақсатқа жету

«Әлемді сұлүлық сақтайды! ».Осы сөзбен барлығы келісеміз. Біз бақыттымыз егерде біздің айналамызда жақсы адамдар,әсемді киімдер,мейрімді ойлар .Бүгінгі біздің тақырымыз балабақшадағы участігі. Тақырыбы: Баубақша. Гүлзар.



Жоспар:

  1. Біздің мемлекетімізде көкөніс өсірудің болашағы мен мәні.

  2. Баубақшаның көлемімен жоспарлауы,отырғызатын көкөністерді таңдау.

  3. Күнделікті күтім,өсімдіктерді қоректендіру.

  4. Гүлзарлардың пішіні,жоспары.Гүлзардағы өсімдіктерді күту.

1.Біздің мемлекетімізде көкөніс өсірудің болашағы мен мәні


Көкөністерді атайды тағамға пайдаланылатын бөліктері бойынша көкөніс дақылдарын жапырақтары(қырыққабат, салат), жемісті(қияр, қызанақ асқабақ, кәдіш, асбұршақ, үрмебұршақ, жүгері), тамыр жемісті (шалғам, шалқан, сәбіз) және баданалы(пияз, сарымсақ) деп ажыратады. Олар бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер болады,тағамға шікі,піскен және консервілеу.

Көкөніс дақылдары - балалар жас ерекшелігіне орай, жергілікті жер климатын ескере отырып, мәдени дақылдарды таңдау.Дақылдардың биологиялық ерекшелігі, олардың өсу жағдайы жасау..

2.Баубақшаның көлемімен жоспарлауы,отырғызатын көкөністерді таңдау.


Кіші топтағы балаларға тандайды тез өсетін,тез пісетін көкөністер,оларды ірі тұқымдармен отырғызады(пияз,жеміс бұршақ,үрме бұршақ)

Ортаңғы топ балаларға арналған сол көкөністер екінші топтардағы,балалардың әр түрлігі қалыптасқан үшін әр түрлі пияздың түрі, шалғам,салат тағы басқа ірі тұқымдар.

Ересек топтарда барлық көкөністер отырғызады:



- жасыл(тұрып, салат);

- пияз(пияз батун, пияз, сарымсақ);

- қырыққабат (қырыққыбыт, кольраби, түрлі түсті):

- жемісті (баклажаны, кәдіш, қияр, қызанақ, бұрыш т.);

- тамырды жеміс (сәбіз,қызылша,шалқан,картоп және т.б.).

Баушақшада дәнді дақылдарды егуге мүмкін жасауға болады (бидай,арпа,карабидай)

Жас ерекшеліктері бойынша көкөністерді тарату.

3.Күнделікті күтім,өсімдіктерді қоректендіру



4.Гүлзарлардың пішіні,жоспары.Гүлзардағы өсімдіктерді күту.
1 нұсқа баубақшаның жоспарын құрады

2 нұсқа гүлзар

V. Рефлексия

«Гүл»

Қызғылт гүл – материал түсінікті

Қызыл гүл - сұрақтар бар

Жасыл гүл–дәрісті түсінбедім

VI. Объяснения домашнего задания

Әдебиет/ Литература/ Literature:

  1. Николаева С.Н. Методика экологического воспитания дошкольников. -М., 1999.

  2. Веретенникова С. А. Ознакомление дошкольников с природой. -М.,1980.

  3. Как знакомить дошкольников с природой./ Под ред. П.Г.Саморуковой.-М., 1983.

4 М.М.Марковская «Уголок природы в детском саду». М., 1984

Тақырыбы:Баубақша.Гүлзар.

Жоспар:

1.Біздің мемлекетімізде көкөніс өсірудің болашағы мен мәні.

2.Баубақшаның көлемімен жоспарлауы,отырғызатын көкөністерді таңдау.

3.Күнделікті күтім,өсімдіктерді қоректендіру.

4.Гүлзарлардың пішіні,жоспары.Гүлзардағы өсімдіктерді күту.

Әдебиет/ Литература/ Literature:

Николаева С.Н. Методика экологического воспитания дошкольников. -М., 1999.

Веретенникова С. А. Ознакомление дошкольников с природой. -М.,1980.

Как знакомить дошкольников с природой./ Под ред. П.Г.Саморуковой.-М., 1983.

М.М.Марковская «Уголок природы в детском саду». М., 1984
Орын таңдап алу және жоспарлау. Жер учаскесінің көлемі мен балалардың санына қарай бақшаның барлық топқа ортақ немесе олардың әр тобына жеке болуы мүмкін. Оған арналған орынды жабдан әрі күн сәулесі түсіп тұратын, солтүстік жағынан құрылыстармен, дуалмен немесе өсімдік бұталары мен қоршалған жерден таңдайды. Бақша алаңы(аралықтары, 3-4 жастағы әрбір бала үшін 0,5 шаршы метр және 5-6 жастағы бала үшін 1-1,5 шаршы метрден бөлінуге тиіс).

Бақшаны жүйектердің ұзындығы 2,5-3м болатындай етіп бөледі. Мұндай ұзындық егіс егу, көктеген шығымды қарау, көшеттерді отырғызу кезінде және т.б. жағдайларда барлық баланы жүйектің бойына орналастыруға мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі балалар жұмыс істеген кезде қолдары ортасына дейін жетуі үшін жүйектің енін 70 см шамасынан арттырмаған жөн. Жүйектердің биіктігі топырақтың ерекшелігіне және сол жердің климатына байланысты болады. Күні суық немесе топырағы ауыр, жазы қысқа, жауын-шашыны мол болатын немесе ойпаң жерлерде жүйелердің биіктігін 40-50см етіп; топырағы жеңіл, құрғақшылық аудандар мен биіктеу жерлерде жер бетіне деңгейлеп, тегістеу ғып жасайды. Топырағының ылғалдылығы орташалау орталық алқаптағы жүйектердің биіктігі әдетте 15-20см болады. Топырақ сусып кетпеуі үшін жүйектің жиегін көлбеулеу қылып қояды.

Жүйектердің бір-бірінен қашықтығы 50-60см, ал бақшадағы негізгі жолдың ені 1м болып келеді.

Бақшаға бөлінген алаңды дуалмен немесе жүгері(тез өседі, жақсы желек жаяды, жемістері әдемі, тұқымдары ірі болады), немесе күнбағыс (бұл да тез өседі, гүлшоғырының күнге қарай қозғалуы бақылауға қызықты) сияқты өсімдіктерден қоршау жасап қояды.



Балалар жас ерекшелігіне орай, жергілікті жер климатын ескере отырып, мәдени дақылдарды таңдау.Дақылдардың биологиялық ерекшелігі, олардың өсу жағдайы.

Тағамға пайдаланылатын бөліктері бойынша көкөніс дақылдарын жапырақтары(қырыққабат, салат), жемісті(қияр, қызанақ асқабақ, кәдіш, асбұршақ, үрмебұршақ, жүгері), тамыр жемісті (шалғам, шалқан, сәбіз) және баданалы(пияз, сарымсақ) деп ажыратады. Балабақша үлескісінде өсіру үшін: топырақ талғамайтын, күтімі жеңіл, тез көктеп өсетін және тез пісетін, жеуге жарайтын бөлігі бар, шикі күйінде де пайдалануға болатын әрі дәмді, бақылауға қызықты дақылдарды алған жөн. Жоғарыда көрсетілген талаптардың көпшілігіне мынадай бақша дақылдары: пияз, қант бұршағы, жеміс бұршақ және үрмебұршақ, қызғылт шалғам, шалқан, қызылша, қияр, салат, қызанақ, қырыққабат, асқабақ пен кәдіш, сәбіз, ақжелке сай келеді.



Аталған дақылдардан сәбилер тобындағы балалар үшін – 1-2, ортаңғы тобындағы балалар үшін – 2- 3, ересек топтағылар үшін 4-6, мектепке даярлық тобындағылар үшін 6-8 дақыл алу керек.

Көкөніс өсімдіктерінің сорттары көп. Олардың ішінен жергілікті табиғи жағдайларға басқаларынан гөрі жақсырақ бейімделгендерін алу керек.

Өсіруге арналған дақылдардың ерекшеліктерін қарастырайық.

Шалқан пияздың тұқымының пішіні үш қырлы қара түсті (“чернушка”) болып келеді. Жерден ілгек сияқтанып көктеп шығады. Алғашқы нағыз жапырақ тұқым жарнағы жапырақшасының тесігінен шығады, ал келесі жапырақтардан әрбіреуі бұрынғы жапырақтардың ішінен өсіп, өрбиді. Жапырақтары жасыл, шырынды, түтікшелі, сыртын балауыз өңез жауып тұрады. Жапырақтары түзілгеннен кейін баданасы- жер асты өркені қалыптасады, оның ішінде бір-біріне тығыз жабысқан еттей жұмсақ аппақ жапырақтар болады. Олар қоректік заттарға толы. Сыртқы жапырақтары пісіп жетілген кезде кеуіп, жарғақтай болады да, сары, қоңыр, қызыл немесе күлгін түстеніп қабыршаққа айналады. Пиязшықтың (бадананың) түбіртегі өңі өзгерген сабақ болып саналады: одан төмен қарай ұсақ тамырлар, ал жоғары қарай етті жапырақтар өсіп шығады.

Пиязды көбінесе екі жылдық дақыл ретінде өсіреді. Алғашқы жылы тұқымнан майда пиязшықтар (екпе-пияз)алынады. Шалқан пиязды өсіру үшін көлемі 1,5-2см екпе пияз алып, бороздаға “иығынан келтіре”, яғни майда пиязшықтың жоғарғы ұшы топырақтан селтиіп көрініп тұратындай етіп отырғызады.Бороздалардың ара қашықтығы15-20 см, ал өсімдіктердің арасы 6-10 см болуы керек. Пияз жиі суаруды қаламайды. Шалқан пияздың жапырақтарының жығылып қурауы- пісіп, жинап алуға дайын болғандығының белгісі.



Қант бұршағының тұқымы жұмыр, өте ірі, сырты тегіс немесе бұжыр, ақ, сары, немесе жасыл түсті болып келеді. Оның ұрығы тастай қауызының астына орналасады, ол етті екі тұқымжарнақтан, түбірлер мен бүршіктерден тұрады.

Егілген тұқымдардан ұзындау, жұқалау, майысқақ сабағы және жұмыртқа тектес бірнеше жұп жапырақшалардан тұратын түк-түк жапырақтары бар өркендер өсіп шығады, ол жапырақтардың мұрттай қылтанақтары діңінің айналасына серіппедей ширатылып барып аяқталады.



Үрмебұршақтың сабағы жасыл немесе күлгін, сыртқы беті бұжыр-бұжыр, өскен уақытында бекінетін тірегін бұрандаша орап шырмалады. Жапырақтарының алғашқы жұбы жүрек пішіндес, қалғандары үшқұлақтанып, салбырап, жасыл, сары-жасыл және күлгін түстеніп тұрады. Кіндік тамырынан жанама ұзын тамырлар тармақталады. Асбұршақ сияқты мұның да гүлдері көбелекке ұқсас келеді. Жемісі-бұршаққап. Тұқымы өте ірі, пішіндері әртүрлі (бүйректей, шардай және жұмыртқадай) болады; оның ойыс жағынан жігі- жеміске бекінетін орыны көрініп тұрады, құрылысы асбұршақ тұқымының құрылысы сияқты.

Үрмебұршақ әр түрлі топырақта өсе береді, бірақ әсіресе құмды және құмдақ жерлерде жақсы өседі. Егілгеннен кейін 10-11 күнде көктей бастайды.

Өсімдікті барлық топтағы балалардың өсіруіне болады.

Шалғам себілгеннен кейін 3-5 күнде көктеп шығады.Оны ортаңғы және ересек топ балаларымен өсіруге болады.Снымен қатар қияр,сәбіз,қызылша,қызанақ,қырыққабатты өсіруге болады.Қөкөністердің жақсы өсіп жетілуі үшін оларға жағдай жасау керек-жарық,жылу,су,минералды тұздар мен ауаның белгілі мөлшерінің болуы.



Ауыспалы бақша егісі. Көкөніс дақылдарын үлескіге орналастыру кезінде ауыспалы егісті, яғни өсімдіктерді белгілі бір алаңда биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, кезегімен дұрыс отырғызылуын белгілеу қажет.

Қандай да болсын бір дақылды бір жерге қатарынан бірнеше жыл өсіре беруден топырақ тозып, өсімдіктің аурулармен және зиянкестермен зақымдануына әкеліп соғды; бір тұқымдас өсімдіктерді екі жыл қатарынан бір жүйекте өсіруге болмайды.

Дақылдардың әрқайсысын бұрынғы егілген жеріне кемінде 4 жылдан кейін қайта егілетіндей етіп орналастыру керек. Мәселен, қырыққабат, қияр, кәдіш пен асқабақтан кейін сол учаскіге қызанақ, ал үшіншісі жылы тамыржеміс пен пияз, төртінші жылы асбұршақ, үрембұршақ отырғызуға болады.

Жер өңдеу және тыңайту. Жерді жақсылап өңдеу тек ылғал сақтауға және ауаның өсімдіктер тамырына баруын жақсарту үшін ғана емес, арамшөптер мен зиянкестерді құрту, өсімдіктің жақсы өсуіне жағдай жасау үшін де қажет.

Овощ дақылдары егілетін жерді күзден басап өңдеуді ұсынады. Өнімдерді жинап алғаннан кейін жүйектерді өсімдік қалдықтарынан тазартып, жентектерді тырмалап қопсытпай, тереңдігі 18-20 см етіп күрекпен қазып алады, сол кезде топыраққа ылғалды мол жинап, арамшөптер мен зиянкестерді құруға мүмкіндік туады. Ондағы ылғал буланып кетпеуі үшін көктемнің бас кезінен, жер шамалы дегдіген бойда-ақ топырақты тырмалап қопсытады.



Өсімдіктерді қоректендіру, күнделікті күтім.Механикалық және биологиялық зиянкестермен күресу, ауруларды емдеу, алдын-алу ерекшелігі.

Топырақтың өңдеуге дайын болғандығын былай анықтайды: топырақтын бір жентегін алып, қолмен сығымдап, оны кеуденің биіктегіндей жерден лақтырып жібереді, егер қолмен сығымдағанда ылғал шықпаса, жерге түскенде шашылып кетсе, топырақты өңдеуге дайын деп санауға болады. Топырақты 12-15 см тереңдікте қайтадан қазады. Сөйтіп күрекпен топырақ қабатын жұқалап кесіп алып, лақтырған кезде ұзақ түйіршіктерге бөлініп, шашылуы керек. Осындай жұмыс кезінде топырақтағы ұсақ тастарды, арам шөп тамырларын, насекомдардың личинкаларын іріктеп алып тастайды. Үлескіні қазғаннан кейін топырақты шаңдатып жібермей, тағы да тырмалап қопсытады- ол мап-майда болуы тиіс. Сазды топырақты тұқым себер алдында екінші рет қайтадан қазады. Топырақты алғашында ересек адамдар қазады, ал қайтадан екінші рет қазған кезде оған естиярлар мен мектепке даярлық тобының балаларын қатыстыруға болады.



Овощ өсімдіктеріне ең құнарлы жерді бөледі. Егер онда қоректік заттар жеткілісіз болса, тыңайтқыштар төгеді. Олардың ішіндегі ең жақсысы-көң, онда өсімдіктің қоректенуіне қажетті заттардың барлығы бар. Көң сонымен бірге топырақтың құрлымын жақсартады. Жаңа көңді күзде немесе ерте көктемде топырақты өңдеуден бұрын төгеді.. Көктемде, тұқым себуден бұрын 1 шаршы метр жерге бір шелек шымтезек немесе қарашірік, 30-50 г-суперфосфат, 30-40 г –амоний сульфатын 20-30 г калий тұзын, пештен алынған 1-2 стакан күл енгізеді.

Тұқымды егуге дайындау. Егу үшін ең ірі, дәні толық, шығымы жақсы тұқымы іріктеп алу керек.

Салқынға төзімді өсімдік (асбұршақ, сәбіз, ақжелке, қызылша) тұқымдарының көктеуін тездету үшін, еккенге дейін 3-4 тәулік бойы дымқылдап, суын күн сайын ауыстырып отырады. Егу алдында тұқымды шамалы кептіреді.

Ерте пісетін және өте жоғары түсім алу үшін сәбіз бен қызылшаның тұқымдарын баптайды. Бұл үшін олардың тұқымдарын тәрелкеге сеуіп, қайнамаған сумен ылғалдайды да шүберекпен жауып қояды. Тәрелкедегі тұқымды мезгіл-мезгіл араластыра отырып, оны бірнеше күн жылы бөлмеге қояды. Тұқымдар бөртіп ісінген кезде оларды мұздыққа апарады: сәбіздің тұқымын 10-15 күн, қызылшаныкін -7-10 күн (+1, +2 температурада) ұстайды.

Асбұршақ, үрембұршақ және ірі бұршақ тұқымдарын ылғалданған қағаздың немесе мақта қабаттарының арасына салып, егуден бұрын тәрілкеде көктетіп алады. Мұндай тұқымдарды дымқыл топыраққа ғана себуге болады, оларға арналып жыртылған борозданы әбден суарады.



Егу. Тұқымдарды егу мен көшеттерді көшіріп отырғызу мерзімі әрбір өсімдікте түрліше болады. Еліміздің Европалық бөлігінің орталық аймағында асбұршақ, шалғам, шалқан, сәбіз, ақжелкені 20 апрельден 5 майға дейін, қызылша мен пиязды 25 апрельден 5 майға дейін, салатты 10 апрельден 25 август аралығында себеді. Бұл өсімдіктер суыққа төзімді, шамалы үсіктерге шыдамды келеді, олардың тұқымдары 2-5 температурадағы жылылықта көктеп шығады.

Суыққа төзімді овощ дақылдарының (сәбіз, ақжелке, шалқан, пияз, асбұршақ) тұқымдарын қысқа қарай себуге болады. Мұндай егу едәуір жоғары түсім береді. Сонымен бірге бұл өсімдіктердің ерте шыққан өскіні- балалардың бақылауы мен көктемгі жұмысы үшін бағалы объект. Тұқымды күзде көктемейтіндей есеппен себеді. Қысқа қарай егілетін тұқымды ылғалдамайды. Оларға арналған жүйектер мен бороздаларды күздік топырақ қатқанға дейін дайындайды. Тұқым себілген бороздаларды шымтезекпен немесе қарашірікпен жауып тастайды. Көктемде, өскен көрінісімен-ақ топырақты қопсытып, арам шөптерді отайды.

Асқабақ, кәдіш, қияр, үрембұршақ жылу температурасы +10 градустан төмен болған кезде өсуін тоқтатып, ауруға шалдығады, сондықтан олардың тұқымы өскіні көктемгі үсіктен (мамырдың аяғы – маусымның басында) кейін көктеп шығатындай есеппен себеді.

Тұқымды топыраққа сіңіру тереңдігі оның шамасымен анықталады. Ірі тұқым (асбұршақ, үрембұршақ) 5 см тереңдіктен көктеп шығады. Тұқым неғұрлым ұсақ болса, оны сіңіру тереңдігі соғұрлым тайыз болуы керек. Тұқымды егу тереңдігі топыраққа да байланысты: сазды топырақта тұқымды құмды жердегіден тайыздау етіп сіңіреді. Егілген тұқымды қарашірікпен немесе шымтезекпен қалыңдығы 1 см етіп жабады. Себілетін тұқымдардың ара қашықтығы да әр түрлі болады.



Овощ дақылдарын күту дегеніміз-топырақты қопсыту,сирету,суару,өсімдіктерді тыңайту,арам шөптерді отау.Арам шөптердің өсуін топырақтың қабыршықтануын болдырмау үшін ,топырақты жазда 3-4 рет қопсытады.Овощ дақылдарының ішінде зиянкес жәндіктерден ең алдымен зәбір көретіні шаршы гүлді өсімдік тұқымдастар.Шалғам қырыққабат,шалқандарға жер бүргесі зиянын тигізеді.Бұдан қорғау үшін олардың дымқыл жапырақтарына күл немесе жолда жататын шаңнан сеуіп қояды.Қызылша,асбұршақты өсімдік биттері зиянын тигізеді.Оларды құрту үшін өсімдікке сабын езілген суды (1 л суға 25 г сабын салып) бүрку керек.Балалар бақшасында зиянкес жәндіктермен күрескен кезде улы химикаттарды қолдануға болмайды.

Гүлбақтардың жобасын жасау балалар бақшасының әрқайсысының жағдайына байланысты болады.Гүбақшаларға гүлдерді таңдаған кезде олардың биіктігіне,пішініне,гүлдердің түсіне және мезгілдік гүлдеуіне қарай таңдайды.Сонымен қатар гүлдердің жарықты және ылғалдықты сүйетініне назар аудару қажет.Гүлдерді таңдаған кезде ерте көктемнен бастап,күздің соңына дейін гүлдейтін гүлдерді таңдау қажет.Ерте көктемде гүлдеу үшін күзде топыраққа қызғалдақтың,нарцистің тұқымдарын себеді. Жер үлескісінің көлемі жеткілікті болса,үлкен гүлбақша жасалады.Мұны әдетте үлкен адамдар мен ересек топтың балалары күтіп баптайды және әр топтың үлескісінде 1-2 –ден клумба немесе гүл жиектерін жасайды.



Гүлдер егілетін үйме топырақтардың (клумба) көлемін әр түрлі етіп (дөңгелек, үшбұрыш, жұлдызша) жасауға болады, бірақ көлемі баланың қолы олардың ортасына жететіндей яғни диаметрі 70 см-ден артық болмауы тиіс.Клумбаларға гүлдерді отырғызған кезде ортасына ұзын сабақты,шеттеріне орташа,ал ең шетіне кішкентай сабақты гүлдерді отырғызады.

Шағын гүл жүйектері (рабатка)-тік бұрыштанып,жіңішкелеу келген ұзынша гүл тізбектері-құрылыс маңындағы ойын алаңдарындағы жолдардың бойына орналыстырады.Рабатканың ені 50-80 см,ұзындығы-2 м және одан да ұзын болады.

Гүлбақшадағы аяқ жолдардың енін 1-1,5 м етіп ортасына таман аздап иілдіріп, жақсылап таптап жасайды. Оларға құм төсеп жасыл газон себеді.

Гүлбақшаны бөлу үшін, оған бөлінген үлескіні өлшейді де, қағазға оның жобасын сызады.

Жобада,клумба,рабаткалар,соқпақ жолдар және бұталар отырғызылатын орын белгіленеді.Клумбалар мен рабаткалар аяқ жолдардан 5 см биігірек болуы тиіс.Олардың бүйір жақтарын тырманың сырт жағымен соққылап түзетеді.

Гүлді-сәндік өсімдіктер.

Бір жылдық,екі жылдық және көп жылдық гүлді-сәндік өсімдіктер болады.

Гүлбақша үшін көп күтімді керек етпейтін, пішіні мен түсі жағынан әр алуан гүлдер беретін,жағымды иісі бар, ашық көктесінді өсімдіктерді таңдап алу керек.Ерте көктемнен қара күзге дейін үзбей гүлдеп тұратын өсімдіктердің түр-түрінің болғаны жақсы.

Бір жылдықтар-өсіп гүлдейтін, жетік піскен тұқым беретін және сол еккен жылы өлетін өсімдіктер,олар негізінен тұқымдарынан көбейеді.

Тұқымдарын мамыр айының екінші жартысында тура топыраққа себуге болады.

Біржылдық бірнеше өсімдіктерді алуға болады:



Жоңышқа бас (алиссум) немесе хош иісті тастақ биіктігі 15-20 см жиектік өсімдік маусым айынан бастап суық түскеге дейін гүлдейді.

Қошқар гүл (астра) биіктігі жағынан үш топқа бөлінеді. Аласа 15-20 см ,орташа 30-60 см, биік 60-100см.Жаздың екінші жартсынан бастап,суық түскеген дейін гүлдейді.Кез-келген топырақта өсе береді,бірақ олар жарық пен суды сүйеді.

Барқыт шөп,көкнәр, қараот,космея,кларкия,лобелия,бұталы настурция,қырмызы гүл,резеда т.б



Екі жылдықтар-көктемде немесе жаздыгүні сепкенде топырақта қыстап қалып,келесі жылдың ерте көктемінде гүлдейтін өсімдік.

Шегір гүл (анютины глазки)-формасы әдемі және бояуы әр түрлі үш түсті немесе бір түсті гүлдері көп кішкене түптер,ерте көктемнен салқын түскенше гүлдеп тұрады.Ерте көктемнен бастап гүлдеуі үшін тұқымын шілденің аяғы мен тамыздың басында себеді.

Түрік қалампыры(гвоздика турецкая) алғашқы жылы жапырақтарынан дөңгелек жасайды,екінші жылы биіктігі 40-60 см сабақтарының ұшында әр түсті ұсақ гүлшешектер пайда болады,бұлар қол шатыр бейнелес ірі гүлшоғына шоғырланады.

Көп жылдықтар-бірнеше жыл өмір сүретін өсімдіктер.Олар бір жылдыққа қарағанда күй талғамайды және оларды күту жеңіл болғандықтан,балалар мекемелері үшін бағалы өсімдіктер.

Лалагүл-биік өсімдік,маусым-шілде айларында гүлдейді.Бір орында 10 жылға дейін өсе береді.

Пиондар-мамыр-маусым айларында әдемі гүлдерімен биік өсетін өсімдік.

Қызғалдақ-биіктігі 30-50 см өте әдемі өсімдік,мамыр айында гүлдейді.Жабдан далада және тыңайтылған жерлерде жақсы өседі.

Құртқашаш,көп жылдық флокс.георгиндер т б.



Көп жылдық және бір жылдық гүлді өсімдіктердің көбеюі.

Көбею жер үлескісінің көлеміне, оның орналасуына, ағаштардың бұталардың, газондардың санына, өсімдіктердің кейбір биологиялық ерекшеліктерін есепке алуға байланысты.

Акстра, қалампыр, жылан, қияқ, пион, қызғалдақ, сияқты өсімдіктер тек күннің көзі түсетін жабдан жерлерде жақсы өседі. Пиондар, басқасын қойғанда, топырақ суларының жақын тұрғанын ұнатпайды.

Жартылай көлеңкелі орындарда алиссум (бал иісті, ақ немесе ақшыл көк гүлдерімен гүлдейді.),темекі,лалагүл,бәйшешек,рудбекия өсе алады.

Көктемде әдемі гүлдейтін ландышты басқа өсімдіктерді орманнан әкеліп, үлескіге қайта отырғызған кезде ол жер терістіктен соғатын желден құрлыстарымен немесе ағаштармен қоршауы тиіс.

Көп жылдық және бір жылдық гүлдерді үйлерді бойлай, топтардың алаңшаларының маңындағы рабаткаларға,клумбларға ағаштар тобы, жақын газонға, газон аралықтарындағы кішкене жайылымдарға орналастырады. Өсімдіктерді рабаткаларға,газондарға,бұталарға жақын орналастырған кезде өсімдіктердің гүлдеуін және әрдайым гүлдердің болуын ескеру қажет. Ортаңғы топ балалар мен сәбилер топтарының алаңшаларында күрделі күтіп-баптауды талап етпейтін, ұзақ уақыт гүлдеп тұратын, әр алуан түсті және әр түрлі аталатын-балалардың тілі келетін (шегір гүл, тұқыш күлте, астра) ірі гүлді өсімдіктерді егіп өсіреді.



Өсімдіктерді топырақта өсіру.

Барлық дерлік гүлді-сәндік өсімдіктерді ерте көктемде немесе қысқа қарай топыраққа себілген тұқымдарынан өсіруге болады. Бұл үшін күн түсетін желден қорғалған үлескіде жүйек-көшет жасайды.Оның көлемін 1 шаршы метр жерден 1000 түп өсімдік алатындай есеппен анықтайды. Көктемде 1 шаршы метр жерге бір шелек қарашірікпен немесе шымтезекпен жүйекті тыңайтады.Гүл дүкендерінен сатып алуға болатын минералды тыңайтқыштардың дайын қоспасын қосқан жақсы. Сазды топыраққа құм қосады.

Содан кейін жүйекті қайта қазып, тырмамен тегістейді. Оның үстінен бір-бірінің арасын 10-15 см, етіп, тереңдігі 1-2 см етіп кішкене жыра жасайды.Олардың түбін тығыздап, барынша суарады.Су қалай сіңсе, тұқымды да, солай біркелкі жататындай және сиректеу етіп,(0,5 см аралатып) себеді.

Көшеттерді көшіріп егу.

Топырақ көшетін оның 3-4 жапырағы көрінісімен-ақ гүлбақшаға көшіріп, егеді. Үйде өсірілген көшетті көктемгі қатқақ өтісімен (мамыр айының аяғы-маусым айының басында) қайта отырғызады,әдетте бұл жұмысты бұлыңғыр күндері немесе кешкілік уақытта орындайды.

Көшіріп отырғызбастан бұрын қандай гүлдер қандай орында өсетінін анықтап алады. Бұл арада өсімдіктердің биіктігін, олардың бояуын гүлдеу уақытын ескереді.Мысалы жүйектің тең ортасына биіктерін отырғызады, содан кейін аласалауын, шетіне жиектік өсімдіктерді көшіріп егеді. Көшіріп отырғызардан бір сағат бұрын көшет салынатын орындағы топырақты су 10-12 см тереңдікке дейін сіңетіндей етіп әбден суарады.

Өсімдіктерді күтіп-баптау.

Өсімдіктер жақсы жетілуі үшін оның астындағы топырақты аптасына бір реттен және қатты жауыннан кейін қопарыстырып тұрады.Күнбе-күн таңертеңгісін және кешке таман өсімдіктерді топыраққа су жақсы сіңетіндей етіп суарады.Арам шөптерден тазартып отыру керек.



Тұқым жинау.

Гүлдерден алынған тұқымнан өсімдікті көп жыл бойы өсіру арқылы,оның сортын едәуір жақсартып,жергілікті жағдайға бейімдеуге болады.Жинап алған жемісті дәкеден жасалған дорбаға салып,құрғақ және желдетіліп тұратын бөлмеде сақтайды.



Гүлдер егілетін жерді қалай аталады,анықтама бер?
Шағын гүл жүйектері қалай аталады,анықтама бер?
Бір жылдықтар дегеніміз не,өсімдіктерін ата?
Екі жылдықтар дегеніміз не, өсімдіктерін ата?
Көп жылдықтар дегеніміз не, өсімдіктерін ата?
Гүлбақшадағы аяқ жолдардың енін 1-1,5 м етіп ортасына таман аздап иілдіріп, жақсылап таптап жасайды. Оларға құм төсеп жасыл газон себеді.
Жер учаскісінің көлемі мен балалардың санына қарай бақшаның барлық топқа ортақ немесе олардың әр тобына жеке болуы мүмкін. Оған арналған орынды жабдан әрі күн сәулесі түсіп тұратын, солтүстік жағынан құрылыстармен, дуалмен немесе өсімдік бұталары мен қоршалған жерден таңдайды
Бақша алаңы(аралықтары, 3-4 жастағы әрбір бала үшін 0,5 шаршы метр және 5-6 жастағы бала үшін 1-1,5 шаршы метрден бөлінуге тиіс).
Аталған дақылдардан сәбилер тобындағы балалар үшін – 1-2, ортаңғы тобындағы балалар үшін – 2- 3, ересек топтағылар үшін 4-6, мектепке даярлық тобындағылар үшін 6-8 дақыл алу керек.
Овощ дақылдарын күту дегеніміз-топырақты қопсыту,сирету,суару,өсімдіктерді тыңайту,арам шөптерді отау
Балықтардың ішінде бақылауға ең қызықтысы және ең төзімдісі-мөңке,тұқы,қызыл қанат,шабақ,ақ қайран,голец,құйын балық.
Сәбилер топтарында жергілікті су қоймаларындағы балықтарды ;мөңкіні,тұқыны,қызылқанатты,шабақты ұстаған жақсы.

Ал ортаңғы және ересектер топтарында осы ларға қосымша алтын балықтардың әр түрін жылы суларда болатын және тірілей туатын балықтарды ұстауға болады.

Балалар балықтарды бақылай отырып,олардың қалай жүзетінін жүзгіші мен құйрығының қандай қызмет атқаратынына қорытынды жасай алады.



Ал ересек топтың балаларымен қосымша денесі әр түрлі балықтардың қимылын салыстыруға,тірілей туатын балықтың тұқымының пайда болуын бақылауға болады(гуппин,семсер балық)
Гуппин-тірі туатын балықтардың ең кішкентайы,ұрғашысы үш см ге дейін,еркегі одан да кіші болады.Гуппин өте жылдам балық және олар жылына алты-жеті рет көбейеді,ұрғашысы елуге дейін майда балықтар туады.
Телескоптың денесі күмпиген және қысқа,көздері үлкен бадырайған,мөлдір қабыршықтары бар.
Алтын балықтың барлық түрін қолда ұстаудың жағдайлары қарапайым,өзеннің таза құмы аквариумда жер қызметін атқарады,оған су өсімдіктерін төсейді,суды 16-20 температурасында ұстайды.
Голец-өзеңдер мен көлдердің түбінде су жағасында тастардың арасында өмір сүреді.Оның денесінің ұзындығы 12см.Денесінің түсі топыраққа байланысты өзгеріп отырады.Голец барлық денесімен жыланша жиырылып ақырын жүзеді.Аузынның жанынды 6 тал мұрты бар,онымен судың түбін қармалап жүріп өзіне жем тауып алады.
Бақаларды бақылаған кезде оның тықыр ,дымқыл және суық терісіне алдыңғы және артқы аяқтарының ұзындығына жүзгіш жарғақтарының бар-жоғына назар аудару керек,жерде қалай жылжитынын секіруге қалай ыңғайланатынын ,жүзетінін,жемін қалай ұстайтынын бақылап көру қажет.Бақалардың күннің әр мезгіліндегі қылықтарын,кішкентай бақадан қалай үлкен бақаға қалай айналатынын ересек балалармен бақылауға болады.Бақа мен құрбақаны салыстыруға болады.

Бақа орманның,бақтың,жайылымның ылғалды жерлерінде және су қоймаларында өмір сүреді.Табиғат бұрышы үшін шөп бақасын ұстап алған жақсы,бұл суда жақсы жүзеді және жерде жақсы секіреді.Оның артқы аяқтары ұзын,бес саусақты табанында жүзгіш жарғағы бар:алдыңғы аяқтары- төрт саусақты,жарғақсыз болады.

Бақаның тілі алдыңғы ұшымен бекітілген.Жемді көре салып ол тілін сыртқа жылдам шығарады,сол кезде жәндік оның аузына келіп түседі.



Құрбақа ормандарда,алқаптарда,бақшаларда,адам тұратын үйлерге жақын жерлерде кездеседі:қара көлеңкелі,дымқыл орындарды мекендейді.Түсімен формасы жағынан ол топырақ түйіршігне ұқсайды,бұл оны жауларынан сақтайды.Құрбақаның терісі құрғақ,бұдырмақтармен-сүйелдермен жабылған.

Кесірткенің түрлері: ширақ кесіртке, ұршықты кесіртке,тірілей туатын

Кесірткелерді бақылаған кезде аяқтары мен саусақтарының құйрығының құрылысын қимылдауға, бүкіл денесінің қозғалатынын, жәндіктерді кесірткенің қалай ұстайтынын мұнда тілінің қандай роль атқаратынын қадағалау керек.Кесерткені таяқшаға қыстырылған етті алуға үйреткен жақсы,ауа-райының әр түрлі жағдайында өзін қалай ұстайтынын бақылау керек.

Ширақ кесіртке-дымқыл жерлерден қашады;оны қарағайдың басынан,кесілген жерінен,төбелердің күн түсетін ылдиларынан, тақыр жердің жарықтарынан,үйілген тастардың астынан табуға болады.Ұрғашасының үсті жер түстес,бүйірлерінде дөңгелек ашық дақтары бар,еркегінің үсті ашық жасыл түсті,ұрғашысының бауыр жағы ақ,еркегінің бауыры жасылдау.Кәдімгі кесірткелер жұмыртқасын құмға салады,тамыздың бас кезінде жас кесірткелер пайда болады.

Тірілей туатын кесірткілер-ормандарда,торфты шалшықтарда мекендейді.Оның қоңыр арқасында қаралау жолқша,бүйірлерінде ашық түсті дақтары болады.Ұрғашысының бауыры сары,еркегінің бауыр жағы қызғылт сары.Жаздың орта кезінде кесірткенің балалары тірі туады.Егер ол балаларын терраиумда туса, оларды аналарынан бөлек ұстау керек. Барлық балалар топтарындағы табиғат мүйісіне қосмекендеушілердің ішінен бақа мен құрбақаны мекендету қажет.

Веретеница-ұршықты кесіртке-аяғы жоқ кесіртке,біздің еліміздің европалық бөлігінде кең тараған.Кавказда өмір сүреді.Аяғы жоқ кесірткені жылан екен деп қалады,тұрқы жыланға ұқсайды.оның жыланнан айырмашылығы кірпіктерінің ашылып-жабылатынында.Бұл кесіртке қола түстес қоңыр,еркегінің арқасында көкшіл дағы бар.Бұл кесірткенің пайдасы-құрлық ұлуларын,зиянды құрттарды жейді.

Құрлық тасбақасы далада өмір сүреді.Қыста ұйқыға кетеді.Тағамдық өсімдіктермен –шөппен,жапырақтармен,жемістермен қоректенеді.Ол мүйізденген қабы бар жақ сүйегінің шетімен өсімдіктерді тістеп жұлады.Тасбақаны террариумда немесе қарапайым жәшікте ұстайды.

Шалшық тасбақасының жалпақ қара қалқаны болады.Құрлық тасбақасына қарағанда құйрығы ұзындау,аяқтарының саусақтары жүзгіш жарғағына жалғасқан.Шалшықтарда,өзендерде,арықтарда өмір сүреді.Жақсы жүзіп сүңгиді.Қыста тұнбаларға көміліп ұйқыға кетеді.Әр түрлі жәндәктермен және олардың личинкаларымен қоректенеді,тек суда ғана тамақтанады,сондықтан оған үлкен су қоймасы қажет.Балалар бақшасында ұстауға және бақылауға құрлық тасбақасы ыңғайлы болады.Бірдеңе тиіп кеткенде басын,аяғын және құйрығын тығып алатын дөңес,қатты қалқанына балалар назарын аудару керек,мүйізденген қабыршықтарымен бүркелген қысқа ,жуан аяқтарын қарап,оның жылжығанын байқап көру керек.Ересек топтарда көлбақаның қимылымен кесірткені салыстыруға болады.

Террариум-қос мекенділерге көлбақа,құрбақа және бауырымен жорғалаушыларға кесіртке,тасбақаларға арналған орын.Балалар бақшаларында кең тараған террариумның түрі металдан жасалған торлы қақпағы ,шыныдан жасалған бүйір қабырғалары,бүйірінен ашылатын есігі болады.

Террариум түбіне қалыңдығы 5-6 см етіп өзеннің қиыршық құмын салады.Бір бұрышына топырақ шашып ,оған өсімдік отырғызады.Террариумда көлбақалар мен құрбақаларға арнап жайпақ тарелкеден су қоймасын және жануарлар тығыла алатын баспана жасау қажет.Кесірткелер мен құрлық тасбақалары үшін террариумға бірнеше ұсақ тас салады да түбіне құрғақ құм немесе топырақ төгіп,оны түкпен ,жапырақтармен немесе шөппен жауып тастайды.



Құйың(шіңкілдек)-судың түбінде өмір сүретін ірі балық.Аузынның жанында кішкене мұрттары бар.Баяу ағатын өзендер мен тұңбалы көлдерді,шалшықтарды мекендейді.Денесін жиырып,жылан сияқты жүзеді.Оттегі жетіспеген кезде судан басын шығарып,ауаны барынша жұтады.Құйың балық атмосфераның өзгеруіне сезімтал,сондықтан «жанды барометр» қызметін атқара алады:ауа райының бұзылуы мен күннің күркіреуіне алдында мазасызданады.Құйыңды түбіне құм мен тұнбаны араластырып төсеген бөлек аквариумда ұстайды.

Презентацияны бағалау критериялары

бағалау

5

4

3

2
Мазмұны

  Жұмыс толық аяқталған

  Жұмыстың маңызды компоненттер аяқталған

  Барлық маңызды компоненттер орындалмаған

   Жұмыс дұрыс жасалмаған




  Жұмыстың толық үрдісі қарастырылған

   Жұмыста маңызды сәттер қарастырылған,кейбір

Бөлшектер аңықталмаған.



   Жұмыс түсінікті ,бірақ толық емес.

  Жұмыс шағын көрсетелген
Дизайн

   Дизайн сай 

   Дизайн бар

   Дизайн қарапайым

   Дизайн түсініксіз

   Дизайн элементері толығымен көрсетілген. Дизайн мазмұнға сай

  Дизайн элементері толығымен көрсетілген. Дизайн мазмұнға сәйкес

  Тұрақты элементтер жоқ .Дизайн мазмұнға сәйкес емес

   Элементтер дизайның,мазмұнға сәйкес емес.






Сауатылығы

   Қате жоқ: грамматикалық, синтаксистық

 Аз кателер бар 

 Сезінуге кателер кедергі жасамайды. 

 Өте көп қателер,қиын қабылдау
Графика

  Жақсы тандалған,мазмұнға сәйкес.

   Графика мазмұнға сәйкес

   Графика мазмұнға аз сәйкестігі.

   Графика мазмұнға сәйкес келмейді.


Гүлдер егілетін жерді қалай аталады,анықтама бер?
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------
Шағын гүл жүйектері қалай аталады,анықтама бер?
------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Бір жылдықтар дегеніміз не,өсімдіктерін ата?
------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Екі жылдықтар дегеніміз не, өсімдіктерін ата?
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------

Көп жылдықтар дегеніміз не, өсімдіктерін ата?


Гүлбақшадағы аяқ жолдардың енін -------------- м етіп ортасына таман аздап иілдіріп, жақсылап таптап жасайды. Оларға құм төсеп жасыл -----------себеді.

-------------------- көлемі мен балалардың санына қарай бақшаның барлық топқа ортақ немесе олардың әр тобына жеке болуы мүмкін. Оған арналған орынды жабдан әрі күн сәулесі түсіп тұратын, солтүстік жағынан құрылыстармен, дуалмен немесе өсімдік бұталары мен қоршалған жерден таңдайды

Бақша алаңы аралықтары, 3-4 жастағы әрбір бала үшін ------- шаршы метр және 5-6 жастағы бала үшін -------- шаршы метрден бөлінуге тиіс.



Аталған дақылдардан сәбилер тобындағы балалар үшін –--------, ортаңғы тобындағы балалар үшін--------------, ересек топтағылар үшін-------------. мектепке даярлық тобындағылар үшін ------------ дақыл алу керек.

-----------------------------------дегеніміз-топырақты қопсыту,сирету,суару,өсімдіктерді тыңайту,арам шөптерді отау.

Балықтардың ішінде бақылауға ең қызықтысы және ең төзімдісі-------------------------


--------------------------------------------------------------------------------
Сәбилер топтарында жергілікті су қоймаларындағы балықтарды ---------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------.

Ал ортаңғы және ересектер топтарында осыларға қосымша ---------------------------------------

Балалар балықтарды бақылай отырып,олардың қалай жүзетінін жүзгіші мен құйрығының қандай қызмет атқаратынына қорытынды жасай алады.



Ал ересек топтың балаларымен қосымша денесі әр түрлі балықтардың қимылын салыстыруға,тірілей туатын балықтың тұқымының пайда болуын бақылауға болады--------
-------------------------------------------------------------------------------.

-----------------тірі туатын балықтардың ең кішкентайы,ұрғашысы үш см ге дейін,еркегі одан да кіші болады.------------------ өте жылдам балық және олар жылына алты-жеті рет көбейеді,ұрғашысы елуге дейін майда балықтар туады.

------------------денесі күмпиген және қысқа,көздері үлкен бадырайған,мөлдір қабыршықтары бар.

----------------------------------барлық түрін қолда ұстаудың жағдайлары қарапайым,өзеннің таза құмы аквариумда жер қызметін атқарады,оған су өсімдіктерін төсейді,суды 16-20 температурасында ұстайды.



-------------------өзеңдер мен көлдердің түбінде су жағасында тастардың арасында өмір сүреді.Оның денесінің ұзындығы 12см.Денесінің түсі топыраққа байланысты өзгеріп отырады.--------------- барлық денесімен жыланша жиырылып ақырын жүзеді.Аузынның жанынды 6 тал мұрты бар,онымен судың түбін қармалап жүріп өзіне жем тауып алады.
Бақаларды бақылаған--------------------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

.Бақалардың күннің әр мезгіліндегі қылықтарын,кішкентай бақадан қалай үлкен бақаға қалай айналатынын ересек балалармен бақылауға болады.Бақа мен құрбақаны салыстыруға болады.



Бақа орманның,бақтың,жайылымның ылғалды жерлерінде және су қоймаларында өмір сүреді.Табиғат бұрышы үшін шөп бақасын ұстап алған жақсы,бұл суда жақсы жүзеді және жерде жақсы секіреді.Оның артқы аяқтары ұзын,бес саусақты табанында жүзгіш жарғағы бар:алдыңғы аяқтары- төрт саусақты,жарғақсыз болады.

Бақаның тілі алдыңғы ұшымен бекітілген.Жемді көре салып ол тілін сыртқа жылдам шығарады,сол кезде жәндік оның аузына келіп түседі.


---------------------------ормандарда,алқаптарда,бақшаларда,адам тұратын үйлерге жақын жерлерде кездеседі:қара көлеңкелі,дымқыл орындарды мекендейді.Түсімен формасы жағынан ол топырақ түйіршігне ұқсайды,бұл оны жауларынан сақтайды.Құрбақаның
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------.
Кесірткенің түрлері: -----------------------------------------------------------------------------

Кесірткелерді--------------------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Кесерткені таяқшаға қыстырылған етті алуға үйреткен жақсы,ауа-райының әр түрлі жағдайында өзін қалай ұстайтынын бақылау керек.

------------------------------------------------дымқыл жерлерден қашады;оны қарағайдың басынан,кесілген жерінен,төбелердің күн түсетін ылдиларынан, тақыр жердің жарықтарынан,үйілген тастардың астынан табуға болады.Ұрғашасының үсті жер түстес,бүйірлерінде дөңгелек ашық дақтары бар,еркегінің үсті ашық жасыл түсті,ұрғашысының бауыр жағы ақ,еркегінің бауыры жасылдау.Кәдімгі кесірткелер жұмыртқасын құмға салады,тамыздың бас кезінде жас кесірткелер пайда болады.

-----------------------------------------ормандарда,торфты шалшықтарда мекендейді.Оның қоңыр арқасында қаралау жолқша,бүйірлерінде ашық түсті дақтары болады.Ұрғашысының бауыры сары,еркегінің бауыр жағы қызғылт сары.Жаздың орта кезінде кесірткенің балалары тірі туады.Егер ол балаларын терраиумда туса, оларды аналарынан бөлек ұстау керек. Барлық балалар топтарындағы табиғат мүйісіне қосмекендеушілердің ішінен бақа мен құрбақаны мекендету қажет.



-----------------------------------------------------------------------біздің еліміздің европалық бөлігінде кең тараған.Кавказда өмір сүреді.-------------------------кесірткені жылан екен деп қалады,тұрқы жыланға ұқсайды.оның жыланнан айырмашылығы кірпіктерінің ашылып-жабылатынында.Бұл кесіртке қола түстес қоңыр,еркегінің арқасында көкшіл дағы бар.Бұл кесірткенің пайдасы-құрлық ұлуларын,зиянды құрттарды жейді.

Құрлық тасбақасы------------------------------------------------------------------------------------------

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



----------------------------------тасбақасының жалпақ қара қалқаны болады.------------тасбақасына қарағанда құйрығы ұзындау,аяқтарының саусақтары жүзгіш жарғағына жалғасқан.Шалшықтарда,өзендерде,арықтарда өмір сүреді.Жақсы жүзіп сүңгиді.Қыста тұнбаларға көміліп ұйқыға кетеді.Әр түрлі жәндәктермен және олардың личинкаларымен қоректенеді,тек суда ғана тамақтанады,сондықтан оған үлкен су қоймасы қажет.Балалар бақшасында ұстауға және бақылауға құрлық тасбақасы ыңғайлы болады.Бірдеңе тиіп кеткенде басын,аяғын және құйрығын тығып алатын дөңес,қатты қалқанына балалар назарын аудару керек,мүйізденген қабыршықтарымен бүркелген қысқа ,жуан аяқтарын қарап,оның жылжығанын байқап көру керек.Ересек топтарда көлбақаның қимылымен кесірткені салыстыруға болады.
-------------------------------------қос мекенділерге көлбақа,құрбақа және бауырымен жорғалаушыларға кесіртке,тасбақаларға арналған орын.Балалар бақшаларында кең тараған террариумның түрі металдан жасалған торлы қақпағы ,шыныдан жасалған бүйір қабырғалары,бүйірінен ашылатын есігі болады.
Террариум түбіне қалыңдығы 5-6 см етіп өзеннің қиыршық құмын салады.Бір бұрышына топырақ шашып ,оған өсімдік отырғызады.Террариумда ------------------------------------ арнап жайпақ тарелкеден су қоймасын және жануарлар тығыла алатын баспана жасау қажет.Кесірткелер мен құрлық тасбақалары үшін террариумға бірнеше ұсақ тас салады да түбіне құрғақ құм немесе топырақ төгіп,оны түкпен ,жапырақтармен немесе шөппен жауып тастайды.
-----------------------------судың түбінде өмір сүретін ірі балық.Аузынның жанында кішкене мұрттары бар.Баяу ағатын өзендер мен тұңбалы көлдерді,шалшықтарды мекендейді.Денесін жиырып,жылан сияқты жүзеді.Оттегі жетіспеген кезде судан басын шығарып,ауаны барынша жұтады.----------------- балық атмосфераның өзгеруіне сезімтал,сондықтан «жанды барометр» қызметін атқара алады:ауа райының бұзылуы мен күннің күркіреуіне алдында мазасызданады.------------------- түбіне құм мен тұнбаны араластырып төсеген бөлек аквариумда ұстайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет