Сабақтың тақырыбы: «Темір және оның қосылыстары»



бет1/2
Дата21.04.2017
өлшемі244,36 Kb.
#14371
түріСабақ
  1   2



Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

«№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ


Сабақтың тақырыбы:
«Темір және оның қосылыстары»


Пәні: Химия

Сыныбы: 9

Пән мұғалімі: Тагаева Ұлмекен Бизаққызы




Сабақтың тақырыбы: «Темір және оның қосылыстары»
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

Темір элементінің периодтық жүйедегі орнын, табиғатта кездесуі, алынуы, физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы мәліметтерді меңгерту;



Дамытушылығы:

Оқушының пәнге қызығушылығын, дүниетанымын, металдар жайлы алған білімді одан әрі дамыту;



Тәрбиелігі:

Темірдің тұрмыста қолданылуы мен адам ағзасы үшін маңызын түсіндіре келе қажеттілігі бойынша қолдануға үйрету.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: ұжымдық оқыту, сұрақ-жауап, СТО технологиясы, АКТ

Пәнаралық байланыс: Математика, әдебиет, биология, география, физика.

Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, интерактивті тақта, реактивтер, электронды оқулық.
Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. «Мағынаны тану» жаңа сабақтың тақырыбын оқушылармен бірлесе отырып ашу

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру

V. Тәжірибелік бөлім (тәжірибелер көрсету)

VІ. Сабақты бекіту (сандық есептер, Венн диаграммасын орындау, Сандарды сөйлету)

VІІ. Бағалау, үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Тақырыбы: «Алюминий қосылыстары»

1. Алюминий элементінің атомдық құрылысын айтыңдар.

2. Алюминийдің табиғатта кездесуі және қосылыстары қандай?

3. Алюминийдің физикалық қасиеттерін сипаттаңдар.

4. Химиялық қасиеттері:

А) жай заттармен әрекеттесуі;

Б) күрделі заттармен әрекеттесуі

5. Өнеркәсіпте алыну жолын ата және елімізде қай қалада алюминий өндіретін өнеркәсіп орындары бар?


№3, №6 есептерді (162 бет) тексеру

№3 есеп

Берілген айналымдарды іске асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар

Al2(SO4)3 → AlCl3 → Al(OH)3

№6. Құрамында 30 г алюминий хлориді бар ерітіндіге калий гидроксидінің ерітіндісін құйғанда тұнбаға түсетін алюминий гидроксидінің массасы қанша?
ІІІ. «Мағынаны тану» жаңа сабақтың тақырыбын оқушылармен бірлесе отырып ашу

Сөзжұмбақ шешу (көлденеңінен)



  1. Ең жеңіл металл (литий)

  2. Электрохимиялық кернеу қатарын кім ұсынды? (Бекетов Н.Н.)

3. Электрөткізгіштігі 2-орындағы металл (мыс)

4. Қандай металдарды керосиннің астында сақтайды? (сілтілік)

5. Ең қатты металл (хром)

т

е


м

і


р

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру



Жаңа сабақ жоспары:

1. Темірдің периодтық жүйедегі орны

2. Табиғатта таралуы

3. Физикалық қасиеттері

4. Алынуы мен қолданылуы

5. Темірдің химиялық қасиеттері

6. Темірдің маңызды қосылыстары
Алюминийдің периодтық жүйедегі орны

Fe – VІІІ топтың қосымша топшасының элементі.

Реттік нөмірі – 26 Салыстырмалы атомдық массасы – 56 г/моль

Валенттілігі ІІ және ІІІ Тотығу дәрежесі +2; +3



Табиғатта кездесуі

Тек қосылыс түрінде. Жер қыртысында 4,2%, таралуы жөнінен 2 орындағы металл.

Темірдің маңызды минералдары:

Магнитті теміртас (Магнетит) Fe3 О4

Қызыл теміртас (Гематит) Fe2О3

Пирит (темір колчеданы) ҒeS2

Темір сульфаты ҒeSО4

Темір гидрокарбонаты Ғe(НСО3)2



Физикалық қасиеттері

Темір – жылтыр, күміс түстес ақ металл, оның тығыздығы 7,87г/см3. Қиын балқиды, иілімді, магниттелетін және оны жоғалтатын қасиеттері бар.


Темірдің ғажайыптары
Каталог: uploads -> doc -> 1337
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1337 -> Бағдарламасы Компьютерлік сауаттылық негіздері 3-4 сыныптар Құрастырушы: информатика пәнінің мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет