Досжанова Нургул Максутовна,
Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Қызылорда қаласы.
Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Өсімдіктердің өніп –өсуі,жетілуі жайлы ұғым беру,құрғақ және шырынды жемістермен таныстыру.
2. Дамыту: Дүниетанымын,ой-өрісін,пәнге деген қызығушылығын,ақыл-ойын,есте сақтауын,шығармашылық қабілетін дамыту
3. Тәрбиелік: Қоршаған ортаның экологиясын сақтау, салауатты өмір салтын қалыптасып, сымбатты, дені сау азамат болып өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, ойын сабақ, әңгімелеу, өз ойын ортаға салу, қортынды шығару.
Сабақтың көрнекілігі: Өсімдік, жеміс суреттері, сызба, жеміс, көкөністер,слайдтар, интерактивті тақта, СТО технологиясының стратегиялары, Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Психологиялық дайындық:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қазір қай айы?
-Бүгін аптаның қай күні?
-Бүгін ауа-райы қандай болып тұр? Күн ашық па? Бұлтты ма?
Күнге қолдарыңды созыңдар.Күннің жомарт сәулелері барлық өкпе мен мұңды жібітеді.Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.Мінең жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.Сабағымызды бастамас бұрын топтасып алайық.
Балалар,тақтада түрлі жемістер тұр,сол қалаған ұнайтын жемістеріңді алып,топтасайық.
1 топ «Алма»
2 топ «Алмұрт»
3 топ «Жүзім»
4 топ «Шие»
II. Үй тапсырмасын сұрау. «Серпілген сауалдар» арқылы әр топқа сұрақтар қою арқылы өтілген тақырыпты пысықтау.
1 сұрақ. Жапырақ өсімдіктің қай мүшесінде орналасқан?
2сұрақ. Жапырақтың атқаратын қызметі қандай?
3 сұрақ. Жапырақ қоректі қайдан алады?
4 сұрақ. Өсімдіктің өсіп жетілуіндегі жапырақтың пайдасын айт.
5 сұрақ. Қураған өсімдік қалдықтарының қандай пайдасы бар?
Үй тапсырмасы «Жапырақтан» кейінгі өсімдік мүшесі тұқым мен жеміс екенін балалар өздері табу.
Жаңа сабаққа байланысты жұмбақ шешу
Жұмбақ
1 Көктемде жерге енемін
Ылғалда өсіп-өнемін
Менің өскен жемісім,
Қыс бойғы сенің қорегің (тұқым)
2 Аспай піскен.
Қайнамай түскен (жеміс)
-Ендеше,балалар,бүгінгі жаңа сабағымыз «Тұқым және жеміс» деп аталады,яғни өсімдіктің көбею мүшелерімен танысамыз.
III. Жаңа сабақ. «Мағынасын ашу»
Жаңа сабақты түсіндіру. Көрнекілік бойынша
Өсімдік мүшелері :
тамыры
сабағы
жапырағы
гүлі
тұқымы бар жемісі.
а) Тамыр – бәрінің негізі, жер астында жатқандықтан көрінбейді.
ә) Сабақ - өсімдікке пішін береді, ол жапырақтар мен гүлдерді ұстап тұрады.
б) Жапырақ – сабаққа жабысып тұрады, оттегі береді.
в) Гүлі - өсімдіктің әшекейі, өте қажет гүл түйіні.
г) Жемісі - өсімдіктердегі адамдардың ең артық бағалайтын бөлігі, бізге тарататын сыйы.
Жеміс және тұқым туралы әңгімелеу.
Жеміс- өсімдіктің бізге тартатын сыйы. Оларды жақсылап күтіп, баптап өсірсе мол өнім береді. Ал осы жемістер өсімдікте қалай пайда болады.
Кез-келген гүлді өсімдікті байқап қарайық. Гүл сабақта жетіледі. Өсімдік жетіліп өсе келе гүлдің түбі түйінделеді. Бұл «гүл түйіні » деп аталады. Гүл түйіні үлкейіп өскен сайын гүлдің күлтелері солып, түсіп қалады. Сол түйінен жеміс өсіп жетіледі. Жемістің ішінде тұқым болады.
Балаларға бейнеролик арқылы тұқым мен жемістің өсіп жетілуін көрсету.
Әр жемістің ішінде дәндері мен сүйектері болады. Сүйек оның тұқымы болып табылады. Одан жаңа өсімдік өнеді. Бірақ ол үшін тұқымдар жерге түсуі керек.Тұқым мен жемістің пісіп жетілуі әр өсімдікте әр түрлі. Ерте гүлдейтін өсімдіктердің тұқымы тез жетіліп піседі. Олар екі-үш аптада тұқым береді. Тұқым екіге бөлінеді.
Тұқым
/ \
Шырынды Құрғақ
Суретпен жұмыс. Суретке қарап құрғақ, шырынды жемістерді атау.
Слайдтар арқылы құрғақ және шырынды жемістерді көрсету.
Шырынды жемістер шырыны мол, жұмсақ болады.
Құрғақ жемістер қабы қатты, сүректенген, құрғақ кебу болады.
Құрғақ жемістер: Емен жаңғағы, грек жаңғағы, бидай жеміс дәні, жүгерінің жемісі дәні.
Шырынды жемістер: Жүзім, құлпынай, алма, қарбыз, алмұрт, апельсин, шие және т.б.
Тәжірибе жасау
Жеміс-жидектерді көрсету арқылы дәлелдеу.
Тәжірибе: Алма жемісін алып ортасын бөлу
Қорытынды: алма жемісі шырынды
Тәжірибе: Жаңғақты алып ортасынан бөлу
Қорытынды: Жаңғақ жемісі құрғақ
Электронды оқулықпен жұмыс
Өсімдіктердің таралу жолдарын түсіндіру. Өсімдік тұқым арқылы таралады. Қайың, жөке, тал, көктал ағаштарының тұқымдарында ұшатын «қанатшалары» бар. Бақбақ, қоға өсімдіктерінің тұқымдары үлпілдек түкті болады. Шамалы жел соқса, ұша жөнеледі. Кейбір тұқымдарды жел айдап талай жерге апарып тастайды. Селеу, қара сұлы сияқты өсімдіктердің тұқымы желмен ұшады да, үшкір ұштарымен топыраққа қадалады.
IV. Сергіту сәті
V. «Ой қорыту». Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы мәтінді балаларға оқыту. Оқулықтағы суретпен жұмыс.
Бидайдың жемісі-дән,жүгерінің жемісі-дән,алма ағашының жемісі –алма,еменнің жемісі-жаңғақ.
Балалардан жемістердің пайдасы туралы білетіндерін сұрау.
Жемістердің пайдасы туралы әңгімелеу.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы дұрыс тамақтана білуге шақыру.
Көкөністер мен жемістерде ағзаға қажетті микроэлементтер мен түрлі витаминдер, минералдарға бай. Олар денсаулыққа пайдалы тағам ғана емес, сондай-ақ ауруға қарсы дәрі.
Алма- асқазанға өте пайдалы, себебі оның құрамындағы қышқылдар шіріген бактериялармен күресуге көмектеседі.
Пияз-бауырдың, қалқанша бездерінің жұмысын жақсартады. Пайда болған аурудың жайылуын тоқтатып, оны жойып жібереді.
Сарымсақ-суық тигенде пайдалы, қан құрамындағы холестеринді төмендетеді.
Сәбіз-көздің жақсы көруіне көмектеседі.Ол біздің ағзамызға сіңгеннен кейін А витаминіне айналады.
Жаңғақ-жүрек жұмысын және көздің көру қабілетін жақсартады. Оның құрамындағы Е вимтамині есте сақтау қабілетін жақсартады.
Банан-шаршағанды басып, күш-қуатыңды арттырады. Оның құрамында А,С витаминімен қоса, адам ағзасына өте қажетті В6 витамині бар.Бұл жеміс миды оттегімен қамтамасыз етеді, гемоглобинді көтереді.
Дәптермен, тақтамен жұмыс. Құрғақ және шырынды жемістерді көрсету арқылы тақтаға жазу.
Тұқым
Құрғақ Шырынды
Венн диаграммасы.
Шырынды
Алма
Алмұрт
Жүзім
Құрғақ
Бидай дәні
Жаңғақ
Жүгері дәні
Шығармаашылық жұмыс
1 топ «Алма»
Жемістер туралы өлең құрастыру
2 топ «Алмұрт»
Суреттер бойынша құрғақ,шырынды жемістерді ажырату
3 топ «Жүзім»
Тұқымы жемістің ішінде болатын өсімдіктердің суретін салу
4 топ «Шие»
Жел арқылы таралатын өсімдіктерді ажырату,белгілеу
VI. Қорыту. Сұрақтар қою.
а) Тұқым мен жеміс өсімдіктердің қандай мүшелері.
ә) Шырынды жемістерге мысал келтіру.
б) Құрғақ жемістерге мысал келтіру.
в) Өсімдіктер тұқымының таралуы жайлы әңгімелеу.
VII. Бағалау.
Мадақтау,қошеметтеу
-Балалар,бүгінгі сабақ ұнады ма? Ендеше алдарыңдағы алма түстерімен бағалайық
Қызыл түс –өте жақсы
Жасыл-жақсы
Сары- орташа
VIII. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Шырынды және құрғақ жемістің суретін салу.
Достарыңызбен бөлісу: |