Сабақтың тақырыбы: Уақытты анықтау не үшін қажет?



Дата08.09.2017
өлшемі444,04 Kb.
#30237
түріСабақ

Пән:Жаратылыстану

Мектеп: Абай атындағы мектеп-лицей

Күні:24.02.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Салибекова З.

Сынып: 1 «Б» сынып

Қатысқандар саны:

қатыспағандар:

Сабақтың_тақырыбы:__Уақытты_анықтау_не_үшін_қажет'>Сабақтың тақырыбы:

Уақытты анықтау не үшін қажет?




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.4.3.1 уақыттың маңыздылығын түсіндіру;

1.4.3.2 уақытты өлшеу құралдарын анықтау



Ойлау дағдылары

Білу,түсіну және қолдану

Сабақтың

мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады

уақыттың маңызын түсіну;



Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

уақытты өлшеу құралдарын анықтау;

Кейбір оқушылар орындай алады:

көрсетілген тәжірибені түсіндіру.



Бағалау

критерийлері

Уақытты үнемдеудің қаншалықты маңызды екенін түсінеді;

Уақытты анықтайтын құралдар мен әдістерді атап, олардың ішіндегі ең дәл көрсететінін анықтайды;

Қанша уақыт кеткенін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

уақыттың адам үшін маңызын,өлшеу құралдарын анықтайды

Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы:

уақыт, күн тәртібі, көп, аз, бәріне үлгеру, уақытты бағалау.



Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері:

-Уақыт деген не?

-Өмірдің қай жерінде бізге уақытты бақылау керек?

-«Уақыт алтыннан да қымбат» мағынасы нені білдіреді?

-Адамның өмірінде уақыттың алатын орны қандай?


Алдыңғы білім

Глобусты қалай қолданады?

Жоспар Ресурстар

Сабақтың жоспарланған

Кезендері
Сабақтың басталуы

8 мин

Сабақтың ортасы

25мин

Сабақтың

Соңы

12мин

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық.

Біз көңілді баламыз,

Бас иіп, сәлемдесіп аламыз.

Амансыңба,алтын күн!

Амансыңба,көк аспан!

Амансыңба,достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

Міне менің қолым тос.

Жылуыма жылу қос.

Өткенді пысықтау

«Сұрақ-жауап»

1.Астрономия деген не?

2.Аспан денелеріне нелер жатады?

3. Ертеректе адам Ай мен Күнді бақылай отырып қандай жаңалық ашты?

4.Ежелгі заманда адам күнтізбелерді не үшін пайдаланды?

5.Біз қай ғаламшарда тұрамыз.

6.Жер ғаламшарында неше құрлық бар?

7.Жер шарында неше мұхит бар?

8.Глобус деген не? Ол қандай түспен боялған?

«Ой шақыру»

Сыртылдайды күнімен.

Сыртылдайды түнімен.

Білгің келсе уақытты

Көрсетеді тілімен.

(Сағат)

-Балалар сағат бізге не үшін керек?

-Уақыт деген не? Ол туралы не білеміз? (Оқушылар уақыт туралы білетіндерін айтады.)

-Олай болса бүгінгі тақырып не туралы екен?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өту.

Жаңа сабақты түсіндіру

Балалар, уақыт деген не екенін түсіну үшін мына слайдтағы суреттерге қараймыз.



Саяхат. Негеш пен Эврика саяхатқа шығуға жиналды .

-Балалар қане кім саяхаттап көрді?Саяхаттан қандай әсер алдың?

Басқа елдерге саяхаттап баруға, қонақүйлерге, қонақжайларға тоқтауға болады. Сонымен қатар табиғатқа шығуға, орманға баруға, шатырларда демалуға болады. Оқулықтағы суретке назар аударту.

— Негеш пен Эврика қалай демалмақшы ? (Жолдорбаларын алып, табиғат аясында белсенді серуендеуге барады.)

 — Сапаржайдағы карта мен жазуға қараңдар. Біздің кейіпкерлеріміз қай жерден қайда барады? (Астанадан — Бурабайға.)

 Оқушыларға Қазақстанның інжу-маржаны болып табылатын осы өлке туралы айтып берулерін ұсы­ну.

 — Балалар бірден Бурабайға жете ала ма? Неге?

 — Олар қандай көлікпен жетеді?

— Ол қанша уақыт алады?

— Сендерге кейде уақыт “жүйрік” болып көріне ме?

 — Ал кейде өте баяу жылжитындай болып көрінді ме? Қандай жағдайда? Айтып беріңдер.

  Сонымен, қажетті жерге жету үшін белгілі­ бір уақыт керек екен.Баратын жер неғұрлым алыс болса, жету үшін соғұр­ лым көп уақыт жұмсалады.



Гүлдің өсуіне қанша уақыт қажет? Суреттерге назар аударту. Сұраңыз: “Бірінші суретте не бейнеленген? (Тұқым.) Екіншіде? (Өскін.) Өскін қайдан пайда болды? (Тұқымнан.) Үшінші суретте не бейнеленген? (Өсімдік гүл жарды.) Сендер қалай ойлайсыңдар, бірінші сурет пен үшінші сурет арасында қанша уақыт өтті? (Бір айға жуық.) Уақытты тоқтатып қоюға бола ма? (Жоқ.) “Егер уақыт тоқтап қалса, онда...” — деп, қиялдауды ұсыныңыз.
Уақыт көзге көрінбейді, қолға ұсталмайды деп қорытынды жасап, жинақтау. Ол өткен шақтан болашаққа қарай жылжиды. Барлық өзгерістер уақыт аралығында болады.

Дәптермен жұмыс (Ж.Ж)

Кеш — ерте. Оқушыларға суреттерді қарауды тапсыру. -“Ағаш бас кезінде қандай болды? Содан кейін қандай болды? Ол бірден үлкен болып өсті ме? Қалай өсті?”


Дескриптор:

-Берілген суреттердің ретін анықтайды.

-Суреттерді дұрыс ретпен нөмірлейді.

-Бірінші және соңғы суреттер арасында қанша уақыт өткенін жазады.



Сергіту сәті:

Сағаттың түрлері. Осы тапсырманы орындай отырып, оқушылардан сұрау:

—Сағатты қай жерден көруге болады? (Сапаржайда, мектепте, емханада, үйде, мұражайда және т.б.)


— Сағаттар қандай болады?

Бейнебаян

Ойлан!
Мәселелік сұрақ : “Сағаттың неше болғанын білу бізге не үшін керек?”
Кенеттен, бір мезетте барлық сағаттар жоқ болып кетсе немесе жұмыс істемей қалса, не болатынын көз алдымызға елестетейікші. (Ұшқыштар, жүргізушілер және т.б. сағат нешеде жолға шығу керектігін білмес еді. Апат көп болушы еді. Адамдар жұмысқа кешігетін еді және т.б.)

Зерттейік. Сыныпты үш топқа бөлу. Практикалық жұмысты жүргізу үшін бірінші топ құмсағатты, екінші топ — механикалық, үшінші топ — электрондық сағатты алады.

Жүгіру кезінде топтағы басқа оқушылар уақытты белгілеп, жазып тұрады.



Бейнебаян

Содан кейін оқушылар сағаттарын алмастырып, тәжірибені қайталай алады.

Тәжірибе аяқталғаннан кейін “Осы уақытты құмсағаттың көмегімен өлшеуге бола ма?” — деп сұраймын.

-Оқушылар қай сағат бәрінен де нақты уақытты көрсетті.

(“Құмсағатта циферблат жоқ, сондық тан дәл уақытты анықтау қиын. Механикалық және электрондық сағаттардың көмегімен дәл уақытты анықтауға болады, алайда электрондық сағат ың ғайлы”)

Тапсырма

Суреттен уақытты өлшеу құралдарын тауып, белгілеңіз. Оларды атаңыз.





Дескриптор: Білім алушы

- уақытты өлшеу құралдарын (құмсағат, секундомер, қол сағат,

күнтізбе) белгілейді.

Бекіту: Уақыт қозғалысы.

— Жағдайлардың әрқайсысында қанша уақыт өтті? Неге?

— Сәби бір минуттан кейін оқушы болуы мүмкін бе?

— Бала төсектен бір жылдан кейін тұруы мүмкін бе?

Оқушылар әр әрекет үшін белгілі бір уақыт аралығы қажет екенін түсіне алады.

Қорытынды:Тест.

1.Зымыранды ұшыратын орын:

а) вокзал;

ә) ғарыш айлағы

б) әуежай.

2. Жұлдыздарды бақылауға арналған құрал:

а) лупа

ә) микроскоп



б) телескоп

3.Уақытты анықтауға арналған құрал;

а) сызғыш

ә) сағат


б) таразы


құмсағат, механикалық және электронды сағат;

күнсағаттың фотосуреті;

Интернет-ресурстары:

АКТ

Жұмыс дәптері



Сергіту сәтіне арналған жинақ


Қосымша мәліметтер


Саралау–


Бағалау.

Пәнаралық байланыстар.






Математика


Сабақ бойынша рефлексия






Жалпы баға


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет