Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
Талқылауға
Хақназар қанша жыл билік етті?
Хақназар хан билігі кезіндегі дипломатиялық қарым қатынастар жасаған мемлекеттер бүгінгі таңдағы Тәуелсіз Қазақстанмен қарым –қатынаста деп ойлайсыздарма?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Хақназар ханның кезінде аталған себептер ....... қазақ хандығының күшеюіне,дамуына ықпал етті
Құндылықтарға баулу
Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік,
Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы, алғашқы хандары мен Қасым ханның мемлекетті өркендетуге атқарған жұмыстарын біледі.
АКТ қолдану дағдылары
Internet, ppt, e-history.kz,massaget.kz
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
(7 мин)
2 минут
5 минут
Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу)
« Тақырып кілті» әдісі бойынша интербелсенді тақтада жазылып тұрған сұрақтарға оқушылар жауап беру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.Әр берілген жауаптың алдынғы әрпін алу арқылы сөз шығарады.
Керей мен Жәнібектің титулы қалай аталады? (ХАН)
1242 жылы құрылған орданың атауы? (АЛТЫН ОРДА)
1511 жылы келген Қазақ халқының ханы? (Қасым)
Қасым ханның билігінің нығаюына әсер еткен орда (Ноғай)
Моғолстан астанасы? ( Алмалық)
« Қасым ханның қасқа жолы» дегеніміз не? (Заңдар жинағы)
Жырау,күйші, аңыз шығармалары мәдениеттің қандай түріне жатады? ( ауызша)
Қасым хан туралы жазған зерттеушілердің бірі? ( Рузбихан)
(Шыққан есімге оқушылар қысқаша мәлімет беріп кетеді.)
«Тақырып кілті» әдісін алған себебім, бұл әдісте оқушылар өткен тақырыпты қайтадан еске түсіре отырып,бүгінгі сабақ тақырыбын ашады. Бұл сабақтастықты дамытуға үлкен көмек деп түсінемін.
Тапсырма « PEST» әдісі .«PEST» әдісі Хақназар хан тақ басына келместен бұрын елдегі жағдайды ашады, оқушылар жіктеп, өз ойларымен қорытынды жасайды
Хақназар ханға дейінгі қазақ хандығының жағдайын сипатта (көмекші сөздер арқылы Аласапыран, Мамаш, Тахир, Мұхаммед Хайдар, өзбек, моғол, ойрат,қазақ хандығы) әр бағытына 1 аргументтен келтіріңіз.
Дискриптор:
1 аргумент келтіру арқылы саяси жағдайын анықтайды
1 аргумент келтіру арқылы әлеуметтік жағдайын анықтайды
1 аргумент келтіру арқылы экономикалық жағдайын анықтайды
1 аргумент келтіру арқылы сыртқы жағдайын анықтайды
Хақназар ханның билігінің алдындағы хандықтағы аласапыран кезенің анықтап,қорытындылайды
Көмекші сөздердің мағынасын ашады,қорытындылайды
Скаффолдинг: Карточка беру арқылы оқушыларға оқулықтан таныс емес сөздерді дәптерге теріп жазу керектігі сұралады.
Қалыптастырушы бағалау: «Жұлдызша» арқылы бағалау
Интер белсенді тақта
Бакина Н.С., Жанақова Н.Т. Қазақстан тарихы. 7(6) сыныбына арналған оқулық.- Алматы: Атамұра, 2017.-240 бет
Бакина Н.С., Жанақова Н.Т. Қазақстан тарихы. 7(6) сыныбына арналған оқулық.- Алматы: Атамұра, 2017.-240 бет
« Арам-зам зам» әніне билету арқылы оқушыларды сергіту
1-Тапсырма «Хақназар хан» тақырыпшасымен танысу
«Кластер» құрады. «Кластер» жасау арқылы барлық оқушылар түгел сабаққа қатысып Хақназарды сипаттап шығады
Кім
Хақназар Ел биледі
Қандай
Шыққан тегі
«Детальдарды қосу» әдісі«Детальдарды қосу» әдісі арқылы кейбір оқушылар оқулықпен жұмыстанып, адасқан сөздерді қосып сөйлем құрап, шыққан сөйлемге анықтама береді.
Анағұрлым ойластырылған Хақназар саясат терең хан жүргізді
«Уақыт сызығын» толтыру әдісі. «Уақыт сызығын» толтыра отырып ,оқушылар хронологиямен жұмыстанады, есте сақтайды. Берілген жылдарға қарап, қандай оқиға болғанын анықтайды.
Берілген жылдарға қарап, қандай оқиға болғанын анықта.
16ғ 20-30ғ 1511ж 1518ж 1522ж 1538ж
Дискриптор:
Хақназар хан оқулықтан оқиды, кім екенін,ел билеген жылдары мен шыққан тегін жазады
Сөйлемнің ішіне адасқан сөздерден сөйлем құрап,мағынасын ашады.
2. « Картаны жандандыру» әдісі.Бұл әдісте оқушылар картамен жұмыстана отырып, елдердің территорияларын нақты біледі. Елдердің орналасуын жаттауға септігін тигізеді.
Оқулықтан Хақназардың сыртқы саясатта қай елмен байланыс жасағандығын оқып,кескін картаға түсіру
-Хақназардың қосып алған Аралдың солтүстігі мен Жайық жерін қызыл түспен белгіле
-Бұхара билеушісімен жүргізген жердің территориясын көк түспен белгіле
-Ташкенттің билеушісімен жүргізген жердің территориясын жасыл түспен белгіле
Дискриптор:
Хақназар ханның елде жүргізген сыртқы саясатын картадан бояйды
Кескін картамен жұмыс жасау арқылы территорияларды анықтайды
Хақназар ханның қазақ хандығының территориясын кеңейтудегі роліне баға береді