Сабақтың тақырыбы:Қаратпа сөз



бет1/2
Дата11.01.2017
өлшемі347,04 Kb.
#6737
түріСабақ
  1   2
Ақтөбе облысы

Қобда ауданы

Егіндібұлақ ауылы

И.Құрманов атындағы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы:Қаратпа сөз

Сабақтың мақсаты: 1.Қартпа сөз туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау.2. Қаратпа сөзді тілде ауызша, жазбаша қолдана білуге жаттықтыру.Сөйлем,сөйлем мүшелері туралы түсініктерін дамыта түсу. Танымдылыққа, шығармашылыққа бейімдеу.

3. Топпен жұмыс істеуге , ұйымшылдыққа, бірлікке,іскерлікке, ойлампаздыққа, ұлттық салт-дәстүрді үйренуге тәрбиелеу.



Түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: СТО, ойын технологиялары, деңгейлеп оқыту.

Көрнекілігі: кестелер, дидактикалық материалдар. Сюжетті суреттер, тірек сызба,интнерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, еңбекке баулу.

Күтілетін нәтиже: қаратпа сөз туралы ұғым қалыптасады. Ауызша, жазбаша тілде қолдана біледі. Сөйлем ішінен ажырата алу,ойдау қабілеті қалыптасады.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі ( амандасу, оқушыларды сабаққа дайындау)

А ) Поэзия минуты

Қазақ тілім-өз тілім,анатілім,

Абай ,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым,дара тілім. ( Ж.Молдағалиев)

Айналаға алақанмен

Жылылықты шашайық.

Сәттілік тілеп баршамызға

Сабақты біз бастайық.

Ә) Қызығушылығын ояту. « Ой қозғау»

-Балалар ,қазір қай мезгіл?

- Қыс мезгілі.

-Қыс мезгілін сипаттап көріңдерші.

Қыс мезгілі суық,аязды болады. Адамдар жылы киінеді,құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ауылдағы адамдар малдың жем –шөбін,отын даярлайды.Біздер шаңғы ,шаналарымызды майлап, сайлаймыз.

-Қыс айларын атаңдаршы?

- Желтоқсан,қаңтар,ақпан.



  • Ал қыстың алғашқы күні қандай мейрам болатынын білеміз бе?

  • Тұңғыш Президент нүні.

  • Қ.Р Президенті кім?

  • Н.Ә. Назарбаев

  • Алда келе жатқан қандай мереке?

  • 16 желтоқсан тәуелсіздік күні.

  • Балалар сауатты болу үшін не істеуіміз керек?

  • Әрине білімді болуымыз керек.

  • Балалар бүгінгі сабағымызда қысқы табиғат аясына серуенге шығамыз.

  • Ол үшін ормандағы аңдар мен құстарға көмек беруіміз керек.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

Жұмбақ шешу : Өзі айлакер, өзі қу,

жүрген жері айқай шу.


  • Бұл қандай аң ? түлкі

  • Түкінің тапсырмасы:

Жалаң және жайылма сөйлем дегеніміз не?

Жай сөйлем

Жалаң жайылма

Бастауыш Баяндауыш Бастауыш Тұрлаусыз мүше Баяндауыш

Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем деп атайды. Мысалы: Қыс түсті. Балалар шаңғы тепті сөйлемдері- жай сөйлемдер.

Жай сөйлем жалаң , жайылма болып екіге бөлінеді. Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейді. Жазира биледі. Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейді. Жазира әдемі биледі.

118-жаттығу.Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда. 1. Лаура кітапханаға келді. 2. Арман суға шомылды. 3. Дәурен Астанада тұрады.4. Жәния ыдыс жуды. 5.Жаңбыр жауды.

Осы сөйлемдерді қай себетке салуға болады?

Түлкі риза болып,орманнан өз орнын тапты.

Жұмбақ шешу : Жол үстінде қу қазық, Секіреді жортады,

Мергеншіге жол азық. ( Қоян) Барлық аңнан қорқады. ( Қоян)

Қоян оқыс оқиғаға тап болған екен, ол әріптерді шатастырып,адасып қалыпты .Біз оған көмектесейік. 1. Қ . 3. Р . 5. Т . 2. А . 6.П 4.А 7.А . 10. С . 12. З. 11. Ө

Бүгінгі жаңа тақырыбымыз қаратпа сөз деп аталады екен. Демек қоян сендерге соны хабарлағысы келген екен

Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер болады. Ондай сөздерді қаратпа сөздер дейді: Шынар, сен сабаққа дайындалдың ба? Қаратпа сөз үтір арқылы ажыратылады.

-Туған жерім, армысың!



Жылы ұям-ау, бармысың?

Қаратпа сөз сөйлем мүшесі бола алмайды. Оған сұрақ қойылмайды. Қаратпа сөзді бастауыштан ажырата білу керек.

Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір,не леп белгісі, ортасында келсе,екі жағынан үтір белгісі ,соңында келсе ,оның алдынан үтір қойылады.


Қаратпа сөз сөйлем мүшесі бола алмайды.

Оған сұрақ қойылмайды.

Қаратпа сөзді бастауыштан ажырата білу керкек.

Міне қоян да риза болып, орманнан өз орнын тапты.

Әрі қарай серуенге шығайық . Жұмбақ шешу:

Аузы бейне шалғы орақ, Мал өрісін жағалап,

Шөп емес,бірақ мал орады. ( қасқыр) Қақпаннан ол қорқады.

Әр ауылды сағалап,

Азық іздеп, жортады. (қасқыр) Енді балалар қасқырға көмектесу үшін 1-жаттығуды орындаймыз. Сөйлемдерді мәнерлеп оқы .Кімдерге қаратылып айтылғанын тап.

Сәлем, қымбатты достым!

Сәлеметсіз бе, қадірлі ұстаз!

Армысыз, әже!

Ата, қайырлы таң!

Қымбатты достарын, қадірлі ұстазын, әжесін, атасын өзіне қаратып алу үшін айтылып тұр.

Қасқыр да сендерге рахметін айтып орманына кетті.

Жұмбақ шешу: Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап,

Басына бөрік киер,құндыз ұстап.

Үстіне ақ камзолын киіп алып,

Жүреді екі қолын артына ұстап. ( Сауысқан )

Сауысқанның тапсырмасы: 2- жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстырып оқы. Мазмұнына, тыныс белгілеріне назар аудар.

Арайлым,сен кітапханаға бардың ба? Арайлым кітапханаға барды.

Әже, ертегі айтып беріңізші. Әжем ертегі айтты.

Дүкеннен керек-жарағыңды алуды Қызым дүкеннен керек жарағын алуды ұмытпады

ұмытпа,қызым.

Бұл жаттығудан нені байқадыңдар?

Сауысқанда сендерге риза болып аспанға ұшып кетті.

Жұмбақ шешу : Суықта ол тоңбайды,

Жылы жаққа бармайды.

Аты айтып тұрғандай,

Торғайдың бір түрі болады. ( Суықторғай. )

Суықторғайдың тапсырмасы 3-жаттығуды орындау. Мәтінді тиісті дауыс ырғығымен оқы. Қаратпа сөздерді тап.

-Шырағым,Кәмаш, мына Қарасақаудың баласы саған бүлдірген әкеліпті.Өзі бұрын есік ашпаған бала еекен, жақсылап көйлек тігіп кигіз.-Иә,балам, оқып жүрсің бе? -Оқып жүрмін ,Абай ата.Қаратпа сөздің тыныс белгілеріне назар аудар. Мәтінді көшіріп жазып, қаратпа сөздердің астын сыз

4-жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Қаратпа сөздерді тап.

Суықторғайда сендерге риза болып өз жөніне кетті.



Сергіту сәті

Бір иілеміз, шалқаямыз,

Екі алақанды үш соғамыз.

Басымызды үш изеп,

Төрт дегенде қол соғамыз.

Бес, алты дегенде,

Орнымызға отырамыз.

Енді орманды ары қарай аралап көрейік.

Қарқылдап ұшып жүрген қандай құс екен Дала аппақ ,қар аппақ,

Ағаштардың бәрі аппақ.

Жем іздейді қарқылдап,

Қар үстінде қонақтап. (қарға)

Ол да сендерге тапсырма әкеле жатыр екен. 5-жаттығу Суретке қара .Әрқайсысының мазмұнына лайық сөйлемдерді төмендегі мәтіннен таңдап ал.

Қарға ірімшік тауып алды. Ол ағашқа қонды. Осы кезде түлкі келді. Ол қарғаны мақтай жөнелді. Қарға қарқ етті. Ірімшік жерге түсті. Түлкі ірімшікті жеп қойды.

Қарамен жазылған сөйлемді қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдырып жаз. Қарға, сен қандай әдемісің

Қарғаның да тапсырмасын орындап ірімшігін алып бердік.

Жұмбақ шешу: Бейбітшілік құсымын,

Орманды мекен етемін. ( Көгершін)



Сәйкестендіру тесті . Екі бағанда орналасқан қаратпа сөзді сәйкес келетін қаратпа сөзі бар сөйлем сызбасын бір-бірімен сәйкестендіреді.

Достым, оқып жүрсің бе?

Терезені дұрыстап жапшы, мені кешірші

Берік , көке

Қайда барамыз, Айман

Жұмбақ шешу: Ағашқа қонады,

Тұмсығын балға етіп.

Тоқ-тоқ деп соғады: ( тоқылдақ)

Сабақты бекіту. Рефлексиялық-бағалау кезеңі . Семантикалық картамен жұмыс.

Сөйлемдер

Жалаң сөйлем

Жайылма сөйлем

Қаратпа сөйлем

Әй,күшік мен сені жеймін.







+

Қыс суық болады




+




Түйе боталады

+







Ұшақ биікке ұшты



+




Айжан,сен бақыттысың!







+

Мұз қатты

+






Жылы жаққа ұшып кететін жыл құстары: Үйрек, қарлығаш, шұбар шымшық, сарыторғай,барылдақ торғай, тырна. Қыстап қалатын құстар: Қарға,тоқылдақ,торғай, сары шымшық, суықторғай, сауысқан, кептер, ұзақ.

Сөйлем мүшелерінің алғашқы мәжілісі болды. Бастауыш бастап ,тұрлаусыз мүшелер қостап, бірінен кейін бірі сөз алды. Парақ бетіндегі сөздер тыңдаудан жалығып, қозғалақтап кетті.



  • Жолдастар, үзіліс жасасақ қайтеді? –деп, Қаратпа сөз ұсыныс енгізді.

Мәжілісті басқарып отырған Бастауыш үзіліс жариялады.

-Енді балалар бұл жерде нені байқап отырсыңдар? Қаратпа сөзді бастауыштан ажырата білу керек. Қаратпа сөз үтір арқылы ажыратылады.



Бағалау:

Тапсырмаларды жақсы орындап,ұйымшылдық, бірлікпен еңбектенсеңдер,сол үшін алғыс білдіремін. Бірлік қана мол табыстарға жеткізеді. Балалар, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың даналық сөзіне назар аударайық.

Бұл даналық сөз оның ҚР халықтарына жолдаған кезекті жолдауында ерекше айтылған болатын.

« Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол-бірлік. Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік,білім қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтау үшін де сондай қажет.»

Осымен балалар қысқы табиғатқа серунеге шығуымыз аяқталды.



Үйге тапсырма: Ереже. 6-жаттығу 97-бет. Ата,әже, апа, аға сөздерін қатыстырып қаратпа сөйлемдер жазу




Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет