Сабақтың тақырыбы:Қаратпа сөз


Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды етістік



бет2/2
Дата11.01.2017
өлшемі347,04 Kb.
#6737
түріСабақ
1   2
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды етістік.

Сабақтың мақсаты: 1. Етістіктің негізгі және туынды болып бөлінетіні туралы түсінік беру. Бір- бірінен айыра білуге қалыптастыру. Өзге сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалатын етістіктің туынды деп аталатынын түсіндіру.

2.Оқушыларға жаттығулар мен шығармашылық тапсырмалар орындату, білімдерін тереңдете кеңейту, логикалық ойларын дамыту жеке тұлға қалыптастыру.

3. Оқушыларды әдемі, таза, сауатты оқуға, жазуға тәрбиелеу. Ұқыптылыққа , тиянақтылыққа баулу.

Көрнекілігі: кесте, үлестірмелі парақтар, сюжетті суреттер, сәйкестендіру тест.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,талдау, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Туған тілім- бабам тілі –өз тілім!

Туған тілім- анам тілі –өз тілі!

Туған тілім- далам тілі-өз тілім!

Туған тілім- адам тілі-өз тілім !

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Етістік дегеніміз не ? Дара етістік қалай жасалады ?

Күрделі етістік қалай жасалады ? Мысалдар келтіру.

Етістік дегеніміз-заттардың қимылын ,іс –әрекетән білдіретін сөз.

Етістік дара және күрделі болып бөлінеді. Дара етістік бір сөзден тұрады. барды, келді, кетті . Күрделі етістік екі немесе одан да көп сөздерден тұрады. алып бер, қайтып кел, көріп кет .

Етістік

Дара күрделі

Бір сөзден тұрады Екі немесе одан да көп сөздерден тұрады

Барды, келді, кетті алып бер, қайтып кел, көріп кет



14- жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құра. Әңгімедегі етістіктердің дара немесе күрделі екендігін айт.

( балапандарына тамақ әкелген қарлығаш суреті )





« Кім жылдам » өлеңнен етістіктерді табу

Аппақ болып таң атып,

Түтін көкке ұшады.

Қарлығаштар қанатын,

Самғап биік ұшады.

3. Жаңа сабақ

Бүгінгі күн келген ,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Тек бестіктер болсын деп жаңа сабағымызды бастаймыз.

Етістік

Негізгі туынды

Түбір сөзден болады Түбір сөзге жұрнақ жалғану

арқылы жасалады.

Оқы, жүр, күт, ки. Төрле, ақылдас, ойлан, ақта.

Ой қозғау сәйкестендіру тесті

Шеге да

Ақыл дет

Ой те

Өрнек лан

Ән дас


Арқан ле

Оқулықпен жұмыс 17-жаттығу. Суреттегі зат атауын тұсындағы сөзбен салыстыр. Осы сөздерді сөз таптары бойынша топтап жазып, сөз құрамына талда. Етістіктер қандай сөз таптарынан жасалғанын байқа ?

Зат есім Етістік

көз, үтік, өрнек, көзде, үтікте, өрнекте,

тырма, сабын тырмала, сабында

18-жаттығу. Екі бағандағы етістіктерді оқып, салыстыр.

келді көздеді

айтты ойлады

көрді бастады

оқыды биледі

Етістіктерді сөз құрамына талда. Қай бағандағы етістіктердің түбірі зат есім ? ( 2-бағандағы )



19- жаттығу Мақалды жатқа жаз. Етістіктің астын сыз және қай түрі екенін айт.

Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар.

Туынды етістіктер: ақтар, сақтар.



4.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Белге қолды қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Бір,екі,үш. Бір,екі,үш.

Жоғары қолды созамыз,

Орнымызға қонамыз.



5. Ойын « құстар қалай сайрайды ?»

Бұлбұл .... ( сайрайды ) Торғай ... ( шырылдайды )

Шағала ... ( шаңқылдайды ) Қарға ... ( қарқылдайды )

Тырна ... ( тыраулайды ) Бөдене ... ( бытпылдайды )

Үйрек ... ( пырпылдайды ) Қаз ... ( қаңқылдайды )

Сауысқан ... ( саңқылдайды ) Аққу ... ( сұңқылдайды )



6.Бекіту 1. Жаңылтпаштан жаңылмайық

( етістікті табу ,негізгі және туынды екенін ажырату)



1.Үміт түбіт түтті, 2. Ала қарға қарға қонды,

Түбітті түтіп бітті. Қара қарға жарға қонды.

2. Өлең ұйқасын тап. Етістіктерді тап.

Ойнаймыз күлеміз,

Жарқырап ....( жүреміз.)

Үлкенді сыйлаймыз,

Айтқанын ....( тыңдаймыз .)

3.Негізгі және туынды етістік дегеніміз не?

Олар қалай жасалады ?

Мысалдар келтіру.



7.Бағалау

8.Үйге тапсыпма . ереже, 20- жаттығу 169- бет
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет