Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру



Дата23.10.2016
өлшемі43,11 Kb.
#10
түріСабақ
Сыныбы: 9

Пәні: Физика

Күні: 25.11.14ж

Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Қорытынды жасай білу, негізгі ойды ажырата білу,өз пікірін қысқаша жеткізуді дамыту.

Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа және айналасындағыларды тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ

Әдіс: Баяндау, сұрақ-жауап, тәжірибе,жаттығу.

Технология: СТО

Көрнекілік: Ауа шары, ғарышкерлер суреті, слайдтар, ракета сызбасы.

Пәнаралық байланыс: Биология, тарих, әдебиет.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру

II. Алғашқы қадам /үй тапсырмасын тексеру/

Не білемін?



  1. Дене импульсі деген не?

  2. Дене импульсі қандай шама?

  3. Дене импульсінің бірлігі қандай?

  4. Күш импульсі деген не?

  5. Күш импульсінің бірлігі қандай?

  6. Тұйық жүйе деген не?

  7. Импульстің сақталу заңы қалай айтылады?

III. Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

а/ Қызығушылығын ояту. Нені білгім келеді?



Тәжірибе: Ауа шарын үрлеп, содан кейін оны қоя береміз. Ол аз уақыт бөлме ішінде әрлі-бері ұшып жүреді. Шардың қозғалыс себебі неліктен?

Биологиямен байланысы: сегізаяқ, теңізқұрт, медуза, кальмар, реактивті қозғалыс принципі бойынша қозғалады.

ә/ Мағынаны ашу: Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлінген кездегі қозғалысын реактивті қозғалыс деп атайды.

Ғарышқа қадам жасау.

а/ К.Э. Циолковский /1857-1935/ 1903ж «Әлемдік кеңістікті реактивті құралдармен зерттеу» еңбегін жазды.

ә/ С.П. Королев /1907-1966/ К.Э. Циолковскийдің идеяларын жүзеге асырды.

б/ Сен білесің бе?


  1. 1957 жылы 4-қазанда жердің тұңғыш жасанды серігі ұшырылды.

  2. 1959 жылы 12-қыркүйекте Айға қарай зымыран ұшырылды.

  3. 1960 жылы 1-желтоқсанда ұшырылған кеме серігінде тірі табиғат өкілдері (Пчелка мен Мушка) иттер , тышқандар, жәндіктер, өсімдіктер болды.

  4. 1961 жылы 12-сәуірде ғарышқа Ресей азаматы Ю.А.Гагарин ұшты. (Восток кораблі)

  5. 1963 жылы 16-шілдеде ғарышкер әйел адам В.Терешкова ұшты.

  6. 1991 жылы тұңғыш Қазақстан азаматы Т.Әубәкіров ұшты.

  7. 1994 жылы Т.Мұсабаев ұшты. (135 тәулік бойы космос әлемінде ұшып жүрді).

  8. 1998 жылы Т.Мұсабаев екінші рет ұшты (орбитада 7 ай жүріп, 7 рет ашық аспан әлеміне шықты).

Әлемдік рекордтарды тізетін Гиннес кітабына аты жазылды.

в/ Ақпараттық сәт:

Ай мен күнді ардақтаған алашым,

Биіктерге баулитұғын баласын.

Көк дөненнен жүйрік қазақ көңілі,

Шарлайтұғын жұлдыздардың арасын.

Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін,

Жырға бөле даланың әр төбесін.

Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер,

Көтерді қазағымның мәртебесін.

Т.Мұсабаев пен Т.Әубәкіровтың өмірбаянымен таныстыру

Қазақстанда бір ұшу алаңы бар-Байқоңыр

Ресейде екеу –Капустин Яр және Плисецк

АҚШта үшеу, дүниежүзінде он жеті ұшу алаңы бар.

г/Реактивті қозғалыстың құрылысын түсіндіру.

Зымыран корпусының жылдамдығы:

v1 -атқылап шығатын газ жылдамдығы, m-жанған отынның массасы,М-зымыранның корпусымен және отынымен қоса есептегендегі массасы. v2- зымыран корпусының жылдамдығы.



Дәптермен жұмыс: Кішкене зымыранның массасы 200г. Ондағы жанғыш заттың массасы 50г .Газ зымыран соплосынан 100м/с жылдамдықпен шығады. Зымыранның қозғалыс жылдамдығын анықта.

IV. Не білдім? / Қортынды/ «Ғажайып үштік»

10

10

10

20

20

20

30

30

30

Сұрақтар

10)1 Реактивті қозғалыс дегеніміз не?

10)2 Зымыраннан басқа реактивті қозғалыс жасайтын денені ата?

10)3 Ғарышқа жол салған Ресей азаматы?

20)1 Ғарышқа алғаш қадам жасау идеясын ұсынған ғалым кім?

20)2 Тұңғыш жасанды Жер серігі қашан қай жерден ұшырылды?

20)3 Реактивті қозғалыс жылдамдығы қандай шамаларға байланысты?

30)1 К.Э. Циолковский ойларын жүзеге асырған ғалым, конструктор кім?

30)2 Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата?

30)3 Ғарышқа ұшқан әйел адам?



V. Оқушылар білімін бағалау.

Сүйікті шәкірттерім, Байқоңыр космодромының келесі старттарының иелері сендердің араларыңнан шығатынына сенімім мол.



VI. Үйге тапсырма: §21, 18-жаттығу (1,2)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет