География пәнінің мұғалімі, жоғары санатты, Қабдол Гүлшарида Аманғалиқызы
Тақырыбы: Құрлықтағы таулар, олардың жіктелуі
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың «таулар», «тау жотасы», «тау аңғары», «таулы өлке», «тау торабы» ұғымдарын қалыптастыру. Таулрдың биіктік бойынша және пайда болуына қарай бөлінуін меңгерту. Таулардың пайда болуы және ескі,жас таулар жайында түсінік беру.
Міндеттері: картадан таулардың түрлерін көрсету арқылы икемділіктері мен дағдыларын дамыту.
Нәтижесі: Оқушылар таулар туралы мәлімет ала алды.
- Картамен жұмыс істей алады.
- Өздері қорытынды жасай алады.
- Шығармашылық қабілеті артады.
Сабақтың кезеңдері:
І кезең-а)ұйымдастыру; б) Ертегі желісі бойынша үй тапсырмасын тексеріп тақтадағы ашық журналға белгілеу; " Миға шабуыл".
В) "Жадыңда сақта". (Жанартаулардың құрылысы).
Г) "Кім жылдам?"
ІІ кезең-а)оқушылардың топта өз бетімен жұмыс дәптерінде берілген жетелеуші тапсырмаларға оқулықпен жауап іздеуі.
Б)мұғалімнің көмегімен дискуссия жүргізу;
В)тақтамен, оқулықпен жеке жұмыс.
ІІІ кезең-дұрыс орындалған деңгейлік тапсырмаларды мұғалімнің тексеруінен кейін оқушылардың өзіне тақтадағы "ашық журналға" белгілетіп отыру, жиған алғашқы ұпайларын қорыту.
Көрнекіліктер: Дүниежүзінің физикалық картасы. Теңге суреті бар карточкалар, суреттер жинағы, атлас, кескін карта. Электронды оқулық. Интербелсенді тақта.
«Ертеде бір алып болыпты.Ол ұсталық өнерді кәсіп қылыпты.Төстің үсіне қойып ауыр балғамен темір соққанды,көрікпен от үрлегенді жақсы көріпті. Өзіне заңғар таудың ішінен ұста дүкенін салып алады. Қолына балғасын алып, жұмысқа кіріскенде тау солқылдап,гүрілдеген,күрсілдеген дыбыстар алысқа кетеді екен.Таудың ұшар басындағы тесіктен құлақты жара күркіреген от пен күл, қызған тастар аспанға атқылағанда,зәресі ұшқан адамдар үйлері өртеніп,егістіктері мен бау-бақшалары күлдің астында қалмас үшін олар таудан аулаққа қашады. Содан бастап адамдар от бүркетін тауларды «Жанартаулар» деп атайтын болған. »
Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың не білгені туралы сұрайды.
1. Жанартау және олардың құрылысы қандай бөліктерден тұрады?
2.Жер бетіне шыққанда ұшпа заттарынан айырылған магма қалай аталады?
3.Кратер сөзінің мағынасы?
4.Камчатка түбегіндегі жанартаулар қандай жанартаулар деп аталады?
5. Газ қысымы үлкен болған жағдайда су мен газ мезгіл-мезгіл шапшып атылады. Ол қалай аталады?
6.Гейзер сөзінінің мағынасы қандай?
7. Ұдайы атқылап жататын жанартаулар қалай аталады?
8. Жанартау атқылаған кезде қандай процестер болады?
9.Жанартау әрекеттерінін маңызы қандай?
10.Магма ошағынан жоғарыға қарай өңеші қалай аталады?
1. Ошақ,көмей,кратер,лава.
2. Лава
3.Тостаған
4.Сөнбеген
5.Гейзер
6.Лақ ете түсу
7.Сөнбеген
8. Жер астынан гүріл естіледі.Кратерден газ бен бу бұрқырап шыға бастайды