Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы



Дата27.07.2017
өлшемі42,07 Kb.
#22138
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Мақсаты:1.1986 жылғы желтоқсан оқиғасының  тарихы  мен маңызын ашып, оқушыларға жеткізу.

               2.Оқушылардың қосымша құжаттарды меңгере отырып, өздігінен

                 ізденіп, білімдерін толықтыру.

               3.Жасақшылардан қайтпаған, қаймықпаған желтоқсаншылардың ерлігін үйрете отырып, жас ұрпақты ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, саяси карта,

            газет-журналдардан мақалалар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ  

Сабақтың барысы: 

І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқу құралдарын тексеріп түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй жұмысын тексеру

- 1950-1960жылдары Қазақстанда қандай өнеркәсіп орындары болды?

- Мыс қорыту зауыты қай қалада орналасты? /Балқаш/

- Тың игеру қай жылы басталды?Қай облыстарда жүргізілді?

 /1954ж.Ақмола,Көкшетау,Қостанай,Павлодар,Солтүстік Қазақстан,Торғай/

ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру

                                             Жоспары:

А).1986жылғы Желтоқсан оқиғасының әлеуметтік-экономикалық және 

саяси астары.

Ә).Желтоқсан оқиғасының сипаты.

Б).Желтоқсан оқиғасының себептері,тарихи маңызы.

 Эпиграфы: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті». Сабақты бастамас бұрын оқушылардан Желтоқсан оқиғасы туралы не білетіні сұралады. Сабақ тірек сызба негізінде түсіндіріледі.

Дағдарыс

1985 жыл сәуір

Жеделдету бағыты

КОКП –ның ХХҮІІ сьезі. 1986 жыл

1987 жыл

Қайта құру

Жариялылық

Оқушылар 1986 жылғы 16 желтоқсанда болған оқиға сендердің барлықтарыңа аян бірақта біз сол оқиғаның не себептен болғанын, сол оқиғаның салдарын, қандай тарихи маңызы болғанын анықтап көрейік.



Үш қатарға сұрақтар беріледі.

  • Қатар желтоқсан оқиғасының  себептері.

  • Қатар салдары

  • Тарихи маңызы

1. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Ү пленумы өтті,ол 18 минутқа созылды. КОКП Орталық Комитетінің

Хатшысы Г.Разумовский ұсынысымен Д.А.Қонаев қызметінен босатылды.

Оның орнына Ресей Федерациясында Ульянов облыстық партия ұйымын басқарған Г.Колбинді сайлады.

Шын мәнінде бұл ешқандай сайлау емес, Қазақстанда орталықтың саясатын жүргізуге тиіс болған номенклатура өкілін пленумға жиналғандарға таныстыру рәсімі ғана еді.

17 желтоқсан күні таңертең Алматының Брежнев атындағы алаңға жастар жинала бастады.Кешке қарай жиналғандардың саны 25-30 мыңға жетті.

 Бұл бейбіт шеру болатын.Өйткені жастардың қолында: «Әр халыққа - өз көсемі!», «Жасасын біздің Қазақстан!» сияқты плакаттар ғана болатын.

Алаңға жиналғандар орталықтың саясатына наразылық білдірді.

2. - 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, 2401 адам уақытша қамау орындарына жеткізілді, қалғандары қала сыртына апарылып тасталды;

- 99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылып, 2 адам өлім жазасына кесілді;

- 246 студент оқудан шығарылды;

- ЖОО-ның 12 ректоры қызметінен алынды;

- 1720 адам жарақат алды;

3. - Қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылуына жол ашты.

  - Қазақ топырағында ұлттың санасын, намысын жетелеген қайсар буын келгенін әйгіледі.



  • Қазақ тарихындағы естен кетпес аса ауыр және қайғылы беттердің бірі.

«Желтоқсан жұлдыздары»тақырыбында үш оқушы Қайрат Рысқұлбеков, Л. Асанова, С. Мұхамеджанова туралы қысқаша хабарлама жасайды.

 ІҮ.Сабақты қорытындылау.



Пікірталас.

- 1986ж.Желтоқсан оқиғасына сенің көзқарасың қандай?

- Осы көтеріліске сен қатысар ма едің?

- Болашақ Қазақстанды қалай елестетесің?

Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековке 1996 жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді. 

Алматы қаласында орталық алаңға Желтоқсан көтерілісінің құрметіне Тәуелсізді таңы деп аталатын ескерткіш орнатылды.

1986ж. Желтоқсан оқиғаларына тарихи-ғылыми баға беру үшін құрылған комиссия оларға ғасырлар бойы азаттық,тәуелсіздік үшін жүргізілген қозғалыстардың жалғасы, Кеңес еліндегі демократия жолындағы қозғалыстардың басы, жаршысы деп баға берді.

Желтоқсан оқиғалары –Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі.Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды.

1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Алматы қаласындағы жастар бейбіт  шеруге шықты. 

- Д.Қонаев  Қазақстанды 1960ж.қаңтардан – 1986ж.желтоқсан айына дейін басқарды.

- М.Горбачев КОКП ОК-ның бас хатшысы болған жыл – 1985жыл.

- 1990жылы «1986ж.желтоқсан оқиғасына қатысқандар Желтоқсан партиясын құрды.  

- Н.Назарбаев «1986жылғы 17-18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» 1991ж.12 желтоқсанда Жарлық шығарды.

 

«Білемін, білгім келеді, білдім » тапсырмасы бойынша кесте толтыру.




Білемін

Білгім келеді

Білдім

Ү.Үйге тапсырма: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы бойынша эссе жазу.



ҮІ.Бағалау.

 
Каталог: uploads -> doc -> 09b2
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09b2 -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
09b2 -> Сабақтың тақырыбы: Денешынықтыру сабағында "Волейбол" ойынның тәрбиелік мәні
09b2 -> Сабақтың мақсаттары: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет