Сабақты зерттеу жайындағы рефлексивті есеп. 2021 – 2022 оқу жылы



бет1/6
Дата13.03.2023
өлшемі0,66 Mb.
#172148
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Іс әрекетті зерттеу есеп
Дәріс №3, Письмо 113

Сабақты зерттеу жайындағы рефлексивті есеп.
2021 – 2022 оқу жылы.
Сабақты жоспарлау барысында қалай және қандай әдіс-тәсілдерді қолдансам, оқушыларды сабаққа қалай қызықтырсам деген ой барлық ұстазды мазалайды. Ұстаздардың көпшілігі бұл сұраққа толық жауап ала алмайды. Балаларды қалай оқыту керектігіне, неге оқыту керектігіне өзі қанағаттанарлықтай жауап табу үшін мұғалім іс-әрекетті зерттеу мен сабақты зерттеуді жүргізуі керек. Менің тренер ретіндегі міндетім мұғалімдерге осы жұмыстары барысында бағыт-бағдар беру, ой бөлісу.
Биылғы оқу жылында мұғалімдерге өз білгенімді үйретіп, зерттеу жүргізуге тартым, зерттеу барысында қажетінше көмек көрсетуді жүзеге асырдым. Мектеп ұжымының ұстаздары іс-әрекетті зерттеу мен сабақты зерттеу жұмысымен таныс болды, тек кейбірі оны жүзеге асырмаған. Сондықтан осы мәселе бойынша көмек сұраған кез-келген ұстазға мүмкіндігінше барлық көмек көрсетілді.
Сабақты зерттеу бойынша биылғы зерттеу жүргізілетін сыныпқа білім сапасы көрсеткіші бойынша өткен жылмен салыстырғанда төмен көрсеткіш көрсеткен сыныптар алынды, 10 «Б» және 8 «А» сыныптары мұғалімдерінен сабақты зерттеуді жүргізіп келе жатқан ұстаздардан зерттеу топтары құрылды жіне зерттеуге қатысуға қызығушылық танытқан ұстаздар кірді. 8 "А" сынып оқушыларынан сауалнама алғанымда "сабақта өзіңді әділ бағаландым деп ойлайсың ба?", "Мұғалімдердің қойған бағаларына қанағаттанасың ба?"-деген сұраққа кейбір оқушылар "ия" деген, кейбірі "жоқ" деп жауап берген. Оқушының сабақта бағалауды түсінбеушілігі кері байланыстың толық берілмейтіндігінен деп түсінуге болады. Сабаққа деген ынталары да әртүрлі екендігі көрінді. Сондықтан топ мұғалімдермен бірігіп, әр мұғалімнің проблемалық тақырыбын және ұсынған тақырыптарын ескере отырып, алдымен топтарда зерттеу тақырыптарын анықтадық.
Осыдан 8 «А» сыныбындағы зерттеу тақырыбы: "Диалогтік оқытуды қолдана отырып оқушылардың ойын айта білу дағдыларын дамыту".
Зерттеу жұмысының мақсаты: Сабақта диалогтік оқытуды қолдану арқылы оқуға деген қызығушылығын, ынтасын, белсенділігін арттыру, жаңа сабақты өздеріне меңгерту арқылы білімдерін дамыта отырып сөйлеу дағдыларын, ойларын жинақтап айту дағдыларын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет