Бекітемін___________
22.12.15ж 9 сынып
Сабақтыңтақырыбы: Зертханалық жұмыс №3
Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: математикалық маятниктің тербеліс периоды формуласы бойынша еркін түсу үдеуін анықтау.
ә) дамытушылық: маятник ұзындығын өлшеу, тербеліс санын анықтау, еркін түсу үдеуін есептеу арқылы оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру.
б) тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: білім мен білікті практикада қолдану сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: шар, жіп, штатив, сағат, өлшейтін лента.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Сабақтың мақсатын айқындау.
3. Зертханалық жұмыс.
4. Қорытындылау.
5. Үйге тапсырма.
Жоспар. (топтық жұмыс)
1. Зертханалық жұмыстың мақсатын анықтаңдар.
2. Қажетті құрал-жабдықтарды анықтаңдар.
3. «Кім жылдам?»
1. Математикалық маятник дегеніміз не?
2. Еркін түсу үдеуін есептеу формуласы?
3. Формуладағы а)g-қандай физикалық шама?
б)g-дің өлшем бірлігі?
в)g-дің сан мәні?
4. π-дің мәні?
5. L-ді өлшейтін құрал?
6. T-ныесесптеу формуласы?
7. Еркін түсу үдеуі математикалық маятниктің ....тура пропорционал.
8. Еркін түсу үдеуі математикалық маятниктің ....кері пропорционал.
Зертханалық жұмыс.
Жұмыстың орындалуы:
1. Тұрғыны үстелдің шетіне орнатыңдар. Оның жоғарғы жағына қысқыш арқылы сақина бекітіп, оған жіпке байланған жіпті іліңдер. Жүкеденнен 3-5 см жоғарытұрукерек.
Маятникті тепе – теңдік күйінен 5-8 см-ге ауытқытып, содан кейін оны жібере салыңдар.
3. Маятниктің ұзындығын өлшеуіш таспамен өлшеп алыңдар.
4. Толық 40 тербеліс (N) жасауға кеткен Δt уақытты өлшеңдер.
5. Δt уақытты қайтадан өлшеп (тәжірибе шартын өзгертпей), оның Δtорт орташа мәнін табыңдар.
6. Уақыттың Δtорт орташа мәні бойынша тербеліс периодының Торт. орташа мәнін анықтаңдар.
7. формуласы бойынша еркін түсу үдеуінің gорт. орташа мәнін есептеп шығаруға болады.
8. Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар: