Сагитова Гульфайруз Болатқызы- Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қоғам сұранысы «адам-адам» жүйесінде қызмет ететін маман тұлғасына, оның ішінде ұстаздарға ерекше маңызды талаптар қояды. Ұстаздың парызы - өз үлгісімен балаға жол көрсету. Білім ошағында екі мемлекеттің адамдары болса да, мектеп ұжымы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір адамдай ұйымшылдықпен мектептің абыройы үшін күш-жігерін жұмсауда. Олар өз оқушыларына білімділіктің ғана емес, әдептілік қарым-қатынас жасаудың дағдыларын, әр адам, әр оқушыны тұлға ретінде танудың үлгілерін көрсету үстінде. Себебі:«Бір жылыңды ойласаң, егін ек. Он жылыңды ойласаң, ағаш ек. Жүз жылыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиеле, білімге көңіл бөл»,- деп тағылымды сөзде айтылғандай, ұстаздық қызметтің мәні әрқашан да жоғары екені анық. Міне,осындай ұстаздық қызметтің бір парағы 8-сынып оқушыларына қазақ тілінен «Бастауыштың жасалу жолдары»атты сабақ оздырылды.
Сабақтың тақырыбы: Бастауыштың жасалу жолдары
Сабақтың мақсаты:Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу, бастауыштың жасалу жолдарын түсіндіру, бастауыштың қай сөз табынан жасалынғанын анықтауды үйрену.Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіруалған білімдерін негізге ала отырып, қалай оқу керектігін үйрету модулі бойынша бастауыштың жасалу жолдарын меңгеруге бағыт – бағдар беру арқылы топтық жұмысты дамыту, өз ойларын еркін, ашық білдіруге үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
2. Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын дамыту.
3.Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, таза, сауатты жазуға, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Әдісі - тәсілдері: Түсіндіру,оқыту, сұрақ - жауап, талдау, практикалық, баяндау. , ізденушілік, ойынт арқылы талдау;
Көрнекі құралдар: Тақырыптық суреттер, кестелер, үлестірмелі дидактикалық материалдар, тест тапсырмалары және интерактивті тақта,грамматикалық ойын.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасу;
- Оларды түгендеп шығу;
- Сабаққа даярлықтарын қадағалау;
- Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
- Тұрлаулы мүшелердің тұрлаусыз мүшелерден айырмашылығы мен ұқсатығы неде?
«Бағалау парақшасымен» таныстырып, дарынды оқушыға бағалауға беріледі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1-топ: «Ізденушілер» «Мейірімділік –үлкен қасиет» тақырыбында шағын ойтолғау жазу.
2-топ «Қорғаушылар» 165-жаттығу. Сөйлем мүшелеріне талдау арқылы ережені пысықтау
3-топ «Жақтаушылар» 2 топты тыңдай отырып,өткен тақырыпты қорыту.
Өткен тақырыптар бойынша өз білімдерін жүйелеп, бекітіп, қорытынды жасау.
ІІІ. Жаңа сабақ.(Слайдпен жұмыс) Интерактивті тақтамен жұмыс.
Ережелерге шолу жасап, мысал келтіру;
Бастауыштың құрылысына қарай бөлінуі
Құрылысына
қарай бөлінуі
|
Мысалдар
|
Дара бастауыш
|
Балалар (кімдер?) саяхаттан көңілді оралды.
|
Күрделі бастауыш
|
Ел көру, жер тану (не?) – ер жігітке лайық қасиет.
|
Үйірлі бастауыш
|
Жұмысы жоқтық (не?) аздырар адам баласын.
Анамның айтқаны (не?) әлі есімде сақтаулы.
|
Бастауыш болатын сөз таптарының кестесі.
Сөз табы
|
Мысалдар
|
Зат есім
|
Жетімкөлге биыл аққулар (нелер?) оралмады.
|
Сын есім
|
Үлкендер (кімдер?) төрге, кішілер (кімдер?) есік жаққа жайғасты.
|
Сан есім
|
Алтау (кім?) ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу (кім?) түгел болса, төбедегі келеді.
|
Есімдік
|
Кейбіреулер (кімдер?) бұл сұрақтан тосылып қалды.
|
Есімше тұлғалы етістік
|
Оқыған (кім?) жетер мұратқа, оқымаған (кім?) қалар ұятқа.
|
Тұйық етістік
|
Көп оку — білім алудың негізгі шарты (С. Мұқанов)
|
Одағай
|
Әжемнің уһлі (несі?) көбейіп кетті.
|
Үстеу
|
Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес.
|
Еліктеу сөз
|
Дабыр-дүбір (не?) жақыннан естіле бастады.
|
Сергіту сәті
Жаңа сабақтан соң тренинг өткізу «Мен қандаймын» 4-мин.
Оқулықпен жұмыс. Оқушылар талантары мен дарындылықтарын таныта отырып тапсырманы орындайды
4- тапсырма.Бастауыштың жасалу жолын анықтаумен жұмыс. Оқушылар талантары мен дарындылықтарын таныта отырып тапсырманы дәптерге орындайды.Алғашқы орындағандар тақтаға шығады.
ІY.Жаңа сабақты бекіту. Интерактивті тақтамен жұмыс.
Мына мақал-мәтелдегі бастауышты тауып түсіндіріңдер және мақал-мәтелдің мағынасын талдау.
1. Ер жігіт - ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
1. Жақсы шәкірт — ұстазының мұраты.
2. Батыр туса, ел ырысы,
Жаңбыр жауса, жер ырысы.
3. Ұстаз — халық анасы.
Сөзжұмбақ арқылы ойөрістерін дамыту. Сергіту сәті
Адам болатын кім алысқа қарайды. (бала-мальчик-boy)
Ас атасы-не (нан-хлеб-bread)
Тіл жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (қаламсап-ручка-pen)
Кім жылдам?
1.Тамақ істерде қазанға бірінші не саламыз? (Көз).
2..Қандай бөшкеге су құюға болмайды? (Толып тұрған бөшкеге)
3.Барлық адам әдетте кімнің алдына барған кезде бас киімін шешеді? (Шаштараздың)
4.литр су асқазанға сия ма? (30 литрлік ас қазанына сияды).
Ү. Сабақты қорытындылау
Бастауыш дегеніміз не?
Бастауыш қай сөз табынан жасалады?
Бастауыш құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Дара және күрделі бастауыштарға мысал келтіріңдер?
Тест тапсырмалары арқылы жаңа сабақты бекіту
(Оқушылардан жауап алу)
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау
Тақырып бойынша тапсырамалар орындау математикалық әдіспен талдау
Бағалау критерийлері
6 – «5»
5-«4»
4-«3»
1-3 = «2»
Қазақ тілі тест тапсырмалары
8 сынып.
1.Дара бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Талаптыға нұр жауар.
B) Еңбек түбі – береке.
C) Үш салт атты жүріп келеді.
D) Шу өңірі өнімді мол береді.
E) Сегіз қырлы, бір сырлы.
Дұрыс жауап: A
2.Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.
A) 3.
B) 2.
C) 4.
D) 1.
E) 5.
Дұрыс жауап: A
3. Жасырын тұрған бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Ол жығылып қалды.
B) Табиғат – біздің досымыз.
C) Марат күліп жіберді.
D) Еңбек етсең, есейерсің.
E) Ол тыңдағанды жақсы көреді.
Дұрыс жауап: D
4. Бастауыш қызметін атқарып тұрған сан есімді көрсетіңіз.
A) Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
B) Сабақты екеулеп оқыды.
C) Қызыл шұбары – он үш.
D) Отыз – онға бөлінеді.
E) Сексенді екіге бөл.
Дұрыс жауап: D
5. Бастауыш қай сөз табынан екенін анықтаңыз.
Кейбіреулері сәл тоқтады.
A) Зат есім.
B) Сын есім.
C) Есімдік.
D) Етістік.
E) Одағай.
Дұрыс жауап: C
6. Бастауыш қызметін атқарып тұрған етістікті көрсетіңіз.
A) Бұл – Еркебұлан сөзі.
B) Кешікпей Абайлар да аттанды.
C) Келгендер – осы ауылдың адамдары.
D) Орамалың бар ма?
E) “Тұр орныңнан,” – деп әмір етті.
Дұрыс жауап: C
7. Бастауыш қызметіндегі есімшені табыңыз.
A) Ол – күлдіргі бала.
B) Оқыған озады.
C) Мақсат ән айтты.
D) Армансыз адам болмайды.
E) Арманға жету керек.
Дұрыс жауап: B
8. Есімдіктен болып тұрған бастауышты анықтаңыз.
A) Маған сыйлық әкелді.
B) Мен еңбекті бағалаймын.
C) Ана сүтін ардақта.
D) Оның төрттен бірін ал.
E) Сыйлық бәріне жетті.
Дұрыс жауап: B
9. Үйірлі бастауышты табыңыз.
A) Омар және Арман қырман басында жүр.
B) Күле беру – ыңғайсыз.
C) Жұмысы жоқтық аздырар адам баласың.
D) Өзіміз де жүргелі отырмыз.
E) Тыңдау – мәдениеттілік белгісі.
Дұрыс жауап: C
10.Жалпылау есімдігінен болған бастауышты табыңыз.
A) Бәріміз уәдені орындадық.
B) Жата-жастана айтарсыз.
C) Мен ертең келемін.
D) Қашан келесіңдер?
E) Біз тез келдік.
Дұрыс жауап: A
Оқушылардың сабаққа белсене қатысуынан білемін, сонымен қатар, қызығушылықтарынан және орындаған тапсырмалардың нәтижелелегінен сабақтың соңында алынған рефлексиядан қалай өткенін байқаймын.
Рефлексия. Стик таратып, білемін, не үйрендім, қандай қиындықтар туды деген сұрақтарға жауап береді
Нәтижесінде: Сөйлем мүшелерін қолдана отырып жаттығуларды, тапсырмаларды дұрыс орындайды, бастауыштың үш түрін бір – бірінен айыра алады, бастауыш болатын сөз таптарына мысалдарды еркін келтіре алады, контекстен сұрақ қою арқылы бастауыш болатын әр түрлі сөз таптарын таба алады. оқушы жұмыс жасау арқылы басқа біреудің ойымен санасып, өз ойын еркін, ашық жеткізе алды, сыни тұрғыдан ойлау негізінде ойлау белсенділігін көрсете алды, тапсырмаларды орындау кезінде шапшаңдықпен жұмыс атқарды, ережелерге сүйеніп нақты дәлелмен келтіре алды. Алған білімді күнделікті қарым -қатынаста қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |