Сыныбы 6 а
|
Күні 27. 11. 2014
|
Тақырыбы
|
Сан есім туралы түсінік. Дара және күрделі сан есімдер.
|
Мақсаты
|
Сан есімдерді меңгерту.
|
Күтілетін нәтиже
|
А) Сан есім туралы біледі;
|
В) Сан есімнің құрылысына қарай бөлінуі дара және күрделі сан есімдерді ажыратып, ережені өз сөзімен айтады.
|
С) Морфологиялық талдау жасап, қорытындылайды.
|
Дереккөздер, құрал-жабдықтар
|
Оқулық: асықтары бар қоржын, қорап, сабаққа байланысты көрсетілім,
электронды кесте, постер, топшамалар, суреттер, бағалау үшін бағдаршамның суреті, рефлексия парағы «Мұғалімге хат», критерий парағы, «Өрмекші торына» жіп, «Құпия сөзге мақал-мәтелдер», конверт сұрақтар, мозайкаға арналған сөздер, бағалау парақтары, т.б.
|
Сабақтың барысы
|
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Кіріспе
Ұйымдастыру бөлімі. Сыныпты сабаққа әзірлеу
|
10 мин
|
І.Сергіту сәті.
«Өрмекші торы»
ІІ. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
Үйге берілген тапсырма орындалған дәптерлерін оқушылар сағат тілімен ауыстырады да, бағалайды, яғни 2 жұлдыз, 1 ұсыныстарын жазады. Екі жұлдыз, бір ұсыныстарын стикерге жазады. ІІІ. 1) Сан есімдері бар мақал-мәтелдер жазып, жаттап келу.
2) Сан есімдері бар жұмбақ, жаңылтпаштарды жазып, жаттап келу.
ІҮ. Топқа бөлінуді асықтардың көмегімен жүзеге асырамын.
Оқушыларды екі топқа бөліп, сабақ айдарымен таныстырып, сабақ мақсатын айтамын.
Бағалау критерийлері
Бағалау критерийлері
1. Үй тапсырмасын айтуы – 5 ұпай
2.Даналық сөздерді есте сақтауы –10 ұпай.
3.Конверт-сұрақтағы белсенділік – 10 ұпай
4. “Сөздік мозайка” ойынындағы белсенділік – 10 ұпай
Бағалау шкаласы
«5» — 30 – 35 ұпай
«4» — 20 – 29 ұпай
«3» — 10 – 19 ұпай
«2» — 9 – 0 ұпай
Ү. Жадыны дамытуға арналған ойын: «Құпия сөз»
Біз бүгін/соңғы бірнеше сабақ барысында оқыған негізгі сөздер келтірілген. Оларды жаттау үшін, сендерде 2 секунд бар.
1. Ел құлағы – елу.
2. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
3. Еріншектің ісі – екі.
4. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болған артық
5. Ер жігіт бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.
7. Бір гүл толып ашылады,
Бір гүл солып ашылады.
8. Бір адамның соңында қырық сайтан жүреді.
9. Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.
10. Бір жаман мың қолды ірітер,
11. Он екі мүшең сау болса жарлымын деме,
Он саусағың түгел болса, дәулет емей, немене.
|
Балалар топқа бөлінеді, топпен, жұппен жұмыс орнығады.
Бір-бірінің үй жұмыстарын тексереді, қанша мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш жазып келгенін санайды, шама-шарқынша қарындашпен орфографиялық, пунктуациялық қателерін түзейді, баға қояды.
Жадыны дамытуға арналған ойында балалар құпия сөздерді жаттайды, жаттаған мақалдарын топтың бір мүшесіне келіп айтады, ол келесі оқушыға жеткізеді, сонымен ең соңғы оқушы құпия сөзді айтады.
|
Тұсаукесер
|
15 м
|
ҮІ. Жаңа сабақтың тақырыбын бірігіп айқындау:
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
-Сан есім, өте жақсы, қазір қазақ халқы үшін киелі санға тоқталамыз,
-Қане, айта қойыңдаршы, қандай киелі сан бар екенін?
-Әрине, 3, 7
ҮІІ. Әр топ 7 киелі санға тоқтайсыңдар, :
1 – топ «Жеті қазына» 1) Ер жігіт
2) Сұлу әйел
3) Ақыл, білім
4) Жүйрік ат
5) Берен мылтық
6) Құмай тазы
7) Қыран бүркіт
2 – топ «Жеті жұт» 1) Құрғақшылық
2) Жұт
3) Өрт
4) Оба
5) Соғыс
6) Топан су
7) Зіл зала
|
Топтарға берілген тапсырмаларды орындайды, яғни киелі 7 санына байланысты сөздерді жазады.
|
Негізгі бөлім
|
|
ҮІІІ. конверт-сұрақ:
2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай). Әрбір топта өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз. Әрқайсысына екі минут беріңіз: топ мүшелері берілген мәтінмен танысады, топта талқылайды, жоспар құрып алып, қалған топ мүшелеріне түсіндіреді.
«Конверттегі сұрақтар» әдісі арқылы балаларға тапсырмасы бар конвертті алуларын ұсынамын.
Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады.
Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Сан есім морфол. құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. Семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді. Есептік Сан есім өзге Сан есім топтарының жасалуына негіз болады (мыс., бір, екі). Реттік Сан есім есептік сандарға -ыншы, -інші (бірінші, екінші), жинақтық Сан есім бірден жетіге дейінгі есептік Сан есімге -ау, -еу аффикстерінің (біреу, алтау), топтық Сан есім -дан, -ден, -тан, -тен қосымшаларының (алтыдан, жүз-жүзден) жалғануы арқылы жасалады. Болжалдық Сан есім заттардың санын дәл көрсетпей, шамамен, мөлшермен атайды (жүз шақты), бөлшектік Сан есім математикада жиі қолданылады (оннан екі бөлігі). Сан есімге ұқсас жарты, жалғыз, сыңар, қадақ, шақырым, қозы көш жер, ет асым, т.б. сөздер уақыт, салмақ өлшемдері ретінде қолданылғанымен Сан есімге жатпайды, нумеративтік сөздер болып табылады.[1]
Морфологиялық сипаттары
Сан есімнің негізгі функциясы анықтау болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сөздерінен бұрын қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді. Демек, сан есімдер өздерінің әрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып есептелінетін сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атау формасында ғана айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді.
Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді.
Негізгі сан есімдер
Негізгі сан есімдер қатарына тек қана есептік сандар жатады. Мысалы: бір, екі, үш т. б.
Туынды сан есімдер
Туынды сан есімдер негізгі есептік сан атауларына -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: бір - бірінші, он - оныншы; екі - екеу, алты - алтау; бір - бірер, қырық - қырықтай, елу - елудей т.б.
Сан есімдер іштей дара сан және күрделі сан болып бөлінеді.
Дара сандар
Дара сандардың атаулары аса көп емес нөл- (0)бір-(1), екі-(2), үш-(3), төрт-(4), бес-(5), алты-(6), жеті-(7), сегіз-(8), тоғыз-(9), он-(10), жиырма-(20),отыз-(30), қырық-(40), елу-(50), алпыс-(60), жетпіс-(70), сексен-(80), тоқсан-(90), жүз-(100), мың-(1000), миллион, миллиард, триллион, квадриллион,секстиллион, септиллион, октиллион, нониллион, дециллион, андилион, дубдецилион, гредециллион, кваргтордециллион, квиндециллион,сеацдециллион, сендендециллион, октодециллион, новемдециллион, вигинтилион
Күрделі сандар
Күрделі сан есімдер жоғарыда аталатын дара сан атауларының әр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалынады. Демек, күрделі сан есімдер іштей, біріншіден, негізгі атауларының (он сегіз, мың тоғыз жүз алпыс бес т. б.), екіншіден , негізгі сан атауларының қосарланып айтылуы арқылы жасалған күрделі сандар (бір-екі, үш-төрт, бес-алты т. б.) болып екі салаға бөлінеді.
Синтаксистік қызметі
Сан есімдердің сөйлем ішінде атқаратын негізгі қызметі - [пысықтауыш] болу. Өйткені сан есімдер сан мөлшерін, сан ретін, сан шамасын білдіру сияқты өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанда, үнемі анықтауыш болады да, анықтайтын сөзінің алдында (бұрын) қолданылады. Сан есімдердің өзге сөздермен байланысудағы бұл тәртібіне тек жинақтық сандары ғана бағынбайды.
Сан есімнің семантика-морфологиялық топтары
Сан есімдер есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, жинақтық сан, топтық сан, бөлшектік сан болып алты топқа бөлінеді.
ІХ. «Сөздік мозайка» . Өткен тақырып бойынша негізгі тұжырымдардағы әр сөзді бөлек А4 форматына басып, араластырып екі топқа беремін.
І топқа:
Сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы жаңа мағынаның тууы. (туынды сөз)
Адамның түрлі көңіл-күйін, сезімін білдіретін не жануарларға қаратып айтылатын сөздер. (одағай)
ІІ топқа:
Есім сөздердің орнына жүретін сөздер. (есімдік)
Екі я одан да көп сөздің тіркесуі арқылы бір ұғымды білдіруі. (Тіркесті сөздер)
|
Әр конвертте тапсырмалар жасырылған, түскен тақырыпты оқып, флипчартқа постер қорғайды.
Постер қорғау арқылы сабақтыы өз беттерімен түсінеді.+
Негізгі ережені шығарады, қандай ереже екенін шешеді.
|
Қорытынды
|
5 м
|
Х. «Мұғалімге хат» әдісі арқылы рефлексия жасату.
Рефлексия «Мұғалімге хат» (хатта балалар бүгінгі сабақ туралы ойын, көзқарасын, ұсынысын, жалпы алған әсерін, тілегін жаза алады.)
Бағалау парағын толтыру.
1
|
1. Үй тапсырмасын айтуы – 5 ұпай
|
|
2
|
2.Даналық сөздерді есте сақтауы –10 ұпай.
|
|
3
|
3.Конверт-сұрақтағы белсенділік – 10 ұпай
|
|
4
|
4. “Сөздік мозайка” ойынындағы белсенділік – 10
|
|
|
Барлығы
|
|
|
Бағасы
|
| |
Достарыңызбен бөлісу: |