Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады.
Дара сандардың атаулары аса көп емес нөл - (0)бір-(1),екі-(2),үш-(3),төрт-(4),бес-(5),алты-(6),жеті-(7),сегіз-(8),тоғыз-(9),он-(10),жиырма-(20),отыз-(30),қырық-(40),елу-(50),алпыс-(60),жетпіс-(70),сексен-(80),тоқсан-(90),жүз-(100),мың-(1000),миллион,миллиард,триллион,квадриллион,секстиллион,септиллион,октиллион,нониллион,дециллион,андилион,дубдецилион,гредециллион,кваргтордециллион,квиндециллион,сеацдециллион,сендендециллион,октодециллион,новемдециллион,вигинтилион.
Сан есімдер құрамына қарай дара сан және күрделі сан болып бөлінеді.
Күрделі сандар
Күрделі сан есімдер жоғарыда аталатын дара сан атауларының әр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалынады. Демек, күрделі сан есімдер іштей, біріншіден, негізгі атауларының (он сегіз,мың тоғыз жүз алпыс бест. б.) тіркесуі арқылы жасалынған сан есімдер, екіншіден , негізгі сан атауларының қосарланып айтылуы арқылы жасалған күрделі сандар (бір-екі, үш-төрт, бес-алтыт. б.) болып екі салаға бөлінеді.