Сайлауға түскенде жергілікті халықпен кездесуде бір ақсақал тұрып, "Әй, Әбеке, халықтың қамын ойлайтын жергілікті жігіттер бар еді. Сіз танымал жазушысыз. Мыналардың жолын кесіп жатырсыз" деген екен



Дата26.12.2022
өлшемі12,86 Kb.
#164513
Байланысты:
текст
франктер

Маңғыстау облысының тумасы, ол кезде Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің бөлім меңгерушісі, халық жазушысы Әбіш Кекілбаев 1990 жылы Жоғарғы Кеңес депутаттығына Павлодар облысының Баянауыл ауданынан сайланды.
Сайлауға түскенде жергілікті халықпен кездесуде бір ақсақал тұрып, "Әй, Әбеке, халықтың қамын ойлайтын жергілікті жігіттер бар еді. Сіз танымал жазушысыз. Мыналардың жолын кесіп жатырсыз" деген екен. Сол кезде Әбіш ағамыз былай деп жауап беріпті. "Ата-бабамыз айтушы еді: "Аттың бағын сынағың келсе, ат қосқан елге бар, тай кезінде көрмеді деп сипамай қоймас жалынды, азамат болып өсем десең, азамат өсірген елге бар, әкеммен табақтас болмас деп сындыра қоймас сағыңды". Осы талай ұлылар дүниеге келген, Қаныш Сәтбаев, Шәкен Аймановтарды өсірген ел деп бағымды сынайын деп келдім. Елге қызмет жасамақ едім. Егер қолдамасаңыздар кеттім" депті. Сонда бір ауыз аталы сөзге тоқтаған Баянауыл халқы Әбіш ағамызды 99 пайызбен Жоғарғы Кеңеске сайлаған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет