Шегиров Аюбай Шегірұлы



Дата31.01.2018
өлшемі130,56 Kb.
#37189




Шегиров Аюбай Шегірұлы

1933 жылы Қызылсая ауылы, Көкшетау ауданы, Көкшетау облысында кедей шаруаның отбасында туған. Әке-шешесі колхозшы. Әкесі Мантабаев Шегірұлы Отан соғысында қайтыс болған. Аюбай Шегірұлы 1939 жылы Кызылсая мектебінің 1- класына оқуға түсіп, оны 1949 жылы бітірген соң, Қарағанды мұғалімдер институтының физика- математика факультетін бітірді. Жарық станциясы №45 мектепте 2 жыл,3 жыл Елтай 7 жылдық мектебінде 1957 жылға дейін сабақ берді. Содан соң 1957 жылы осы кезге дейін Қызылсая орта мектебінде сабақ беріп, тәрбие жұмысымен айналысып, зейнеткерлікке шықты. 1982-1985 жылдар арасында Қызылсая селосының советінің атқару комитетінің председателі болып қызмет атқарды. Осы мерзімдер арасында оқу ісінің меңгерушісі болып 15 жылдан уақыт қызмет атқарды. Осы жастарды тәрбиелеу жөніндегі еңбегі бағаланып, ол аудандық атқару комитетінің, облыстық атқару комитетінің грамоталарымен 2 рет, Қазақ ССР оқу министрлігінің Мақтау грамотасымен және Қазақ ССР оқу ісінің

қызметкері деген атақтарға ие болды. Балалары халық шаруашылығының әртүрлі саласында қызмет атқарады


Қызылсая ауылының тарихынан

Ағайын туған туысқандар! Кейінгі жас ұрпақтар! Тәуелсіз Қазақстан Республикасы және қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында, Жеңіс күнінің 70 жылдығына орай, Қазақстанның тәуелсіздік мейрамы құрметіне өзіміздің дербес Конститутцияны қабылдану, тұрақты теңгеміздің пайда болуына байланысты өзгерістер енгізілді. Тарихымыз үшін осы мерзімді біздің елді мекеннің ең бастысы етуі жоғарландыру, сауаттандыру жолында үлкен табыстарға қол жеткізеді.

Қазан төңкерісінен кейін біздің аймақ не түрлі өзгерістерге килігіп, айтулы оқиғаларға кездесті. Сол кеңес Одағының саясаты нәтижесінде елімізде коллективтендіру, индустрияландыру деген мәселелер себеп болу арқасында біздің Қызылсая ауылы1928 жылы төмендегі артельдер негізінде құрастырылды. Қазіргі кезде ауылдың батыс жағында қысқа пана, жазға сая болып тұрған қызыл жас қайыңдар Шағарлы бауырында өскен көрінеді. Оның осылай аталуына негізгі себеп колхоз болып ұйымдасу жиынында, сол кезде қатар өсіп тұрған жас қайыңдар атына байланысты «Қызылсая» аты қабылданған көрінеді. Содан 6 артель, 10-12 ұрпағы негізінде осы елді мекенннің іргесі қаланған көрінеді.

Ол артельдер:

1. Жаңа дәуір (басқарушылары Мантабаев Абілғалым

мен Шүйкенов Қасым)

2. «Кедей» -(басқарушысы Капаров Есләм)

3. «Қызыл-Әскер» (Бекішев Залел)

4. «Шырақ» (Шайкенов Қабдолла)

5. «Өлеңді»- (Төлепбергенов Қайып)

Бұларды толықтырушы ата-аналар ұрпағы:Есен, Ескен, Жауқашар,Байтілес, Баймағамбет ауылы, Қудаспай ұрпағы, Қалқан ұрпағы т.б шоғырланып іргелі қазақ елі «Қызылсая» ауылы атанды. Сөйтіп 1930 жылы «Қызылсая» колхозы құрылып, бұған қоса екі ауылдың кеңестік негізінен «Кіндік» ауылдық Кеңесте құрылып, бейбіт еңбек майданына кірісе бастапты.

Әуелгі кезде осы елдің аумағында 700 га егістік жері болып, оны қолмен мал көлігімен өңдей отырып егіншілікпен айналысқан көрінеді. Расында сол кездегі аталарымыздың айтуынша 20 шақты ірі қара мал мен жылқы берді, екі соқа (жер жырту құралы) болса, уақыт өткен сайын елдің әлеуметтік-экономикалық шаруашылық жағдайлары өркендей келе, мәдениет ошақтары, мектеп-білім беру ордасы өркендей бастайды. Елде №1 және №2 бригадалар құрылды 1934 жылы бастан «ХТЗ (Бұлақ МТС)» үш тракторына, 1938 жылы «Нати» жыланбауыр тракторларын және екі жүк машинасын (3 тонналық, 1,5 тонналық) пайдаланды. Осы кезде елде ең бірінші темір тұлпарды жүргізгендер: Тілепов Төтімбай мен Шайкенов Қами. Елдің әл-ауқатын көтеруге барлық осы елдің тұрғандары бір кісідей жұмыла кірісіп те кетіпті. Ол кезде ауылшаруашылығына қажетті техника жоқтың қасы болғанымен ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу қол еңбегіне тиісті болды. Егілген егін өнімі қолмен жиналып, мал продукциясы да қолмен өңделіп, халық игілігіне жаратылды. Сөйтіп 1938 жылы еккен егістіктен мол өнім алып, ел қатарына қосылды. Төмендегі еңбекқорлардың өрен еңбектері арқасында қазақ елінің қатарына қосылды.

Атап айтқанда Шүйкенов Қасым (басқарушы), мал фермасында еңбек жасаған Жапаров Сеиіттің отбасы, Жантілеуов Шалғынбай, Жамұханов Жұмабай, Төрегелдин Кенжеғали, Мантабаев Зейнолла, Ақышев Әбілда, Бекішов Залел, т.б аянбай күні-түні тыным таппай көріне білді. Сол секілді дала жұмыстарында Ақышев Темір, Мұхамбетжанов Сыздық, Мақышев Ебік, Мақышев Ташметай, Керей Жапенұлы, Қазкен Айтпаев, Мақтабаев Шегір, Исин Қизат т.б

Ал, елді көркейтуде және тұрмыс жағдайларын жақсартуда колхоз шеберлері: Какимов Катрен, Жапаров Ахмағамбет, Исин Есенғұл, Ибраев Қизат, өздерінің жұмысқа қабілеттерін көрсете білді.

Осы кезде 23 шілде, 1939 жылы шабуыл жасаспау туралы Кеңес Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусым күні соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Осыдан бері уақыт ағын судай өтуде. Биылғы жыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толды.

Туған туысқандар, бауырлар соғысқа аттанып, қалған ел жастарына апа-шешейлерге ауыр түскен кезең еді.Соғыстан оралған ардагерлер бейбіт күннің қызу еңбегіне белсене араласып, елдің, кеңшардың игілігі үшін еңбек белсенділері бола білді. Олардың есімде қалғандарын атауға болады. Әкем Зейнолла-жылқышы, Маликов Мұрат-ел ағасы, Шүйкенов Қасым-зейнеткер, Әлібаевтар әулеті, Шайкеновтар әулеті (Қасым, Қами) Какимовтар әулеті, Исиндер әулеті тағы басқаларды жалғастыра беруге болады. Біздің ата-бабаларымыз осы елдің тұтастығымен бейбіт өмір сүрулері үшін қан төкті ғой. Біздің Кіндік ауылдық кеңесінен 1941-1942 жыл аралығында (Қызылсая, Биктесін, Қызылағаш, Талап, Мәданиет елді мекендерінен) 200- ден астам майданға аттанды.

Сонымен ауылымыздың биік талғамын өтеу жолында қызмет атқарып отырған 25 орындық аурухана, клуб, кітапхана байланыс бөлімшесі (Қызылсая деп аталған), монша, сауда орталығы бала-бақша (90 орындық) ас-тағам дайындайтын орын (Кулинария) халықтың сұранысын өтейтін орын (Дом-быта) мешіт т.б орындар ұйымдастырылды. Қазір елдің жағдайына көз жүгіртсек олардан санаулы-ақ орындар қалды.

Дегенмен елдің іргесі түгелдей бұзылмау арқасында, ауыл тұрғындарының өрен еңбектерінің нәтижесінде көптеген көзге ілерлік істер атқарылды. Елде бұрын майшаммен күн көрген тұрғындары ( 1956 жылы) электр жарығымен радиомен қамтамасыз етілді. Бұл үрдіске ат салысқан колхоз төрағасы- Бапенов Бәкен, осы мектеп түлегі Абдрахманов Боранбай, елге еңбегі сіңген айтулы маман иелері арқасында осындай айтарлықтай жетістіктер болды. Бұл кезде Қызыл-сая колхозы, ілгерірек «Коммунизм» колхозы, бұған кірген «Қызыл-сая» Қызыл-ағаш, Биктесін елді мекендер. Сонымен еліміз өркендей келе сауатсыз ауылдан сауатты ел қатарына қосылып облыс, республикаға паш етілді. Онда осы жағдайға үлкен әсерін тигізген 1945жылы орта мектепке айналған ҚЫЗЫЛ-САЯ мектебі ерекше орын алғанын мақтан етеміз. Расында да елу пункттер арасына жолдар салынып, 1974 жылы «Коммунизм» колхозы (бұрын Бұлақ совкозының №2 бөлімшесі) совхоз құрылып, оның алғашқы директоры мектеп түлегі Альдиев Әскербай (марқұм) басқарды.Кейіннен бұл елді жеке Жекешелендіру деген саясат арқасында 53 шағын шаруашылық ұжымын құрып, тарихи өзгерістерге ұшырады.

Дегенмен, өткенге көңіл аударсақ, Ұлы Отан соғысынан кейін село еңбеккерлері бейбіт еңбекке араласып, елдің экономикалық шаруашылығының өркендеуіне ат салысты. Қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып ел азаматтары ауқымды қызмет атқару барысында іріленген (1950 жыл) «Коммунизм» колхозы өрен еңбекке кірісіп, оның меншігінде10.000 га егістік жері, т.б мал шаруашылығы өрістеді. Сөйтіп сол мезгілде шаруашылық ұжымы аудан, облыс бойынша белгілі орынға ие болды. Еңбек ардагерлері Отан наградаларымен ие болды.

Содан соң 1961 жылы бұл колхоз Бұлақ совхозының (№4 бөлімшесі), содан кейінгі Сейфуллин совхозының (№2 бөлімшесі) болып, 6000 га егістік жері бар, 1700 бас ірі қара мал , 245 бас жылқы, 1200 бас қой т.б жетістіктері бар өлке болды. Шаруашылықты мектеп түлегі Аукаров Әбу(Ленин орденінің иегері) ауқымды жұмыс атқарып басқарды. Ауыл шаруашылық өнімі мол болды.Содан бертін келе осы бөлімше негізінде 1974 жылы ақпан айында «Қызылсая» атымен жеке шаңырақ құрды. Оның шаңырақ құруына себепші болған сол кездегі Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Н.Е.Әуелбеков себеп болып, ол ұжымды басқаруға мектеп түлегі Әлдиев Әскербай тағайындалды. Совхозда комплексті механикаландырылған бригадалар №1,№2,№3,№4,№5 арендаторлар құрылып, объектілер жұмыс атқарды. Ол кезде 80 комбайн, 79 автокөлік, 100 -ге тарта тракторлар және ауыл шаруашылық техникаларымен қамтамасыз етілді. Совхоз бойынша жалпы көлемі 29254 га, оның ауыл шаруашылық мұқтажына 28534 га пайдаланылды. 12810 га жерге дәнді дақылдар егілді. 23 га жерге картофель, 40 га жерге сұлы, жеке алғанда егетін алаң ұйымдастырылып барлығы 8545 га дәнді дақылдар егілді. Шабындық жерлер белгіленді. Селолық кеңес бойынша 1500 ге жуық тұрғынның 500-ден астамы жұмыспен қамтылса, 65-70 адам балаларды тәрбиелеу (мұғалім, тәрбиеші, денсаулық саласында т.б жерлерде жұмыс атқарды.

Осы кезеңде 1925 жыл мектептің іргетасы қаланып, оған басшылық еткен Бейімбетов Құлан көп еңбек сіңірді. Ол мектеп 1932 жылы алғаш рет екі бөлмелі ағаш үйге орналасыпты. Онда елдің сауатын (білімін) ашқан көрінеді. Жылдар өткен сайын ауыл гүлденіп, мектеп кең құлаш жайып, 1934 жылы жеті жылдық, содан соң 1946 жылы қазақ орта мектебіне айналып бүкіл елге, Көкшетау өңірінде атақты қазақ орта мектебі атанды. Жас ұрпақтарға алғашқы кезде оқу жаз айларында кигіз үйде, қыс мезгілінде жалға алынған үйде жайғасқан көрінеді.Онда арнайы педагогикалық білімі жоқ мұғалімдер жұмыс атқарды. Әйтсе де халық қамқорлығына бөленген мектеп жылдан-жылға өсті. Өзінің түлектерін өмірге аттандыра білді. Өткен еңбек ардагерлері мектептің алғашқы түлектері Какимов Хамиолла, Маликов Мұрат, Муханов Х, Құрманғожин А, Айтпаев М, Елжасов Б, Шайкенов Қасым, Искаков Қ, Тлегенов М, Шаймерденов Қабдөш т.б қолдарына алғашқы әліппесін алып, мектебіміздің даңқын шығарды. Мектепте әуелде төтенше оқу болды да, кейіннен латын әрпіне көшіп, ол 1939 жылға дейін пайдаланып, содан соң орыс алфавитіне көшті. Ол кезде Айтқұлов деген азамат, Рахпаев Көпжасар т.б дәріс берді. Сөйтіп 1934-35 оқу жылынан бастап Қызыл-сая 7-жылдық мектебі болып құрылып, оны Сейпи Сейітбеков басқарды. Ауылға ел тұрғындары көшіп келуіне байланысты оқушылар саны көбейе бастады. Кейіннен орта мектепке айналып, колхоздан совхозға айналу мезгілінде үлкен мәртебелі мектепке айналды. Расында, әуелде оның көркеюіне еңбек сіңірген мектеп директоры Әбуталипов Муталлап, совхоз директорлары:Әлдиев А, НұрғалиевТ, Құсаиынов К, Хамзин Ш т.б мектепті қамқорлыққа ала білді. Оқушылар саны 50- ден 576-ға дейін көтерілді. Осы мәселені көтерудің арқасында ескі мектеп жанынан 1964 жылы 191 балалық типовой мектеп бой көтерді. Бұған себепші болған мектеп директоры Әбілмаженов Ш, Бұлақ совхозының директоры Петренко. Мектеп жанынан жұмыс істеп тұрған интернат тұрғындарына арнап А-60 типті жатахана салынды. Басқа елді пункттен келіп мектептен білім алуға мүмкіндік туды. Бұған ұйытқы болған мектеп ұстазы Есенбаева Мөрбан Жұманқызы -ХХІV-V-сеъзд делегаты. Бертін келе облыстық кеңес депутаты Е.Н.Әуелбековтың көмегінің арқасында 464 орындық мектеп салынып, 13 айда яғни 1977 жылы 14 наурызда пайдалануға берілді.

Дегенмен мектеп тарихында ерекше орын алатын ұйымдастыру қабілеті зор, педагогтік біліммен қаруланған мектеп басшыларын атауға болады. Олар: Бейімбетов Қ, Айтқұлов, Сейітбеков Сейпи, Баймағамбетов Қажыбай, Әбуталипов Мүталлап, Нұрланов Х, Әлкеев К, Чиптаев Мұхтар, Мұханов Х, Әбілмаженов Ш, Токушев З.М, Бексұлтанов С.К, Ахметов А, Бекенов К, Калин К.Г, Маликов Ө. М, Аукарова Б.С, Жақсыбергенова К.Х, Балтабаев С.Қ, қазіргі кезде Рахымжанов Б.С басқарып отыр. Осыған орай оқу-ісінің меңгерушілерін де атап өтуге болады: Мұқышев Мырзабай, Есенбаева Мөрбән, Құрылаев С, Ерғожа Н.Ө, Айткенов Қ, Шегиров А,т.б Мектебіміз аудан, облыс республика аймағында белгілі үлгілі мектепке айналды.

Өздеріңізге белгілі 1974 жылы 22 маусым тұтқиылдан неміс басқыншылары шабуыл жасағанда ауыл тұрғындары да, мектеп коллективі де бұл қасіретті қабырғалары қайыспай көтере білді.Соның салдарынан 200 -ден астам Кіндік ауылдық кеңесі бойынша азаматтар өз Отанын қорғауға аттанды.Солардың 80 пайызы елге оралмады. Қазір жеңістің 70 жылдығында бірде-бір соғыс ардагері жоқ. Тыл ардагерлерінің өзі санаулы-ақ - 15 адам.

Мектептің одан әрі гүлдене беруіне ат салысқан Шүйкенов Қ, Ибраев Қ, Шайкенов М, Ақышев Т, ИсинЕсенғұл, Какимов Қ, т.б көмектерін тигізді. Осы 90 жыл аралығында мектебімізді 2003-жуық түлектер бітіріп, өмірге жолдама алды. Олар халық шаруашылығының әр түрлі саласында қызмет атқаруда және орта, арнаулы, жоғарғы оқу орындарын да білім алуда. Олардың ішінде зейнеткерлер де, ауыл шаруашылығы мамандары, мұғалімдер, дәрігерлер, жазушылар, журналистер, фермерлер, сауда қызметкерлері шықты.Жыл сайын біздің түлектеріміз Отан қорғау, әскери патриоттық борыштарын абыроймен орындап, еңбек жолына араласуда. Еңбек ардагерлері Ахметов О, Әлібеков Е, Мырзахметов М, Рыспаев Т, Хошаметов, Бегалин, Нұрташева т.б әскери атаққа ие болып қазір тірілері құрметті демалыста.

Осы түлектердің ішінде 3 оқушы алтын белгі иегерлері:

1. Тезекбаева Нұргүл,

2. Аукарова Азиза

3. Сәлім Әсем).

5 оқушы –медалист: 1. Муханов

2. С, Рахметтулин Х,

3. Осипов С,

4. Тлеубергенов Қ,

5. Темірбеков Ж (бұлар марқұм) бітірді.

Отан алдында абыройлы іс атқарғандар: Шаймерденов Қ (марқұм), Ақтаев С, Зейнеткер жазушы, э.ғ.к.Күлтаев А, Жунусов Б.-э.ғ.д.-зейнеткер, Зейнуллин К.-т.ғ.к. профессор-(марқұм), журналист – Жакенов Е (марқұм) , Кенесарина Ж -п.ғ.к.

Мұғалімдер: Мұғжанова А (марқұм), Кенжегалиева К, Кенжалина Исібек, Шегирова Жібек, Бегалина Әлия, Сокова Орынбасар, Шегирова Б, Темірова М, т.б

Дәрігерлер: Шаңданов Ж, Зейнуллин К, АхмеджановС, Мухамбетжанов М, т.б (марқұмдар)

Қазіргі осы мектепте мұғалім болып қызмет атқарып жүргендер: Рахымжанова Н.Д, Бегалина Р.Т, Закирина Д.С, Алиева Б.Б, Шаймерденова Т.Н,Шамгунова А.Ж, Каербекова Л.Т, Рахымжанов Б.С, Мұхамбетжанов Т.Т Бегалина Роза, Шегирова С.К т.б

Зейнеткерлікке шығып марқұм болғандар: Шамиганов Б, Ташев Қ, Ахмағамбетов Б, Ахметов Т, Айтбаев М, Кенесарин С, Есенбаева М, Құрманғожин А, Рыспамбетов Ж, Шаханов А, Шаймерденов Қ, Шаймерденов Б, Қайырбеков С т.б.

Қазір – зейнеткерлікте жүрген мұғалімдер:Ахметжанов Д, Аузаров А, Шегиров А, Құрманғожин Ғ.А, Құрманғожина Б.Ө, Хамзина Г.Т, Төлепбаев Б.А, Кабантаева С.М.

Онымен бірге біздің түлектер арасында С.Е.Е.-Жұмағалиев С, Ленин ордені иегерлері: Каримов Е, Аукаров Ә. тағы басқа ордендермен марапатталған майталман-тәлімгерлер де болды. Мысалы Сыздыков Ш, Еслямгалиев Б, (марқұм).

Сөйтіп мектептің өркендеуіне үлес қосып, еңбектерін аямаған мектеп директорлары Абуталипов Б, Баймағамбетов К, Осипов Х, Ахмеджанов Қ, Бекенов Қ, Бексултанов С. (марқұмдар) т.б

Кезінде мектебімізде 1959-60 оқу жылдары өндірістік бригада ұйымдастырылып, онда (9-10-сынып) оқушылары үлгілі еңбек өнегесін көрсетті. Сөйтіп мектебіміз білім беру ұясына айналып еліміз 1000-нан астам тұрғындары бар (қазақ, неміс, беларус, татар, корей, башқұрт, азербайжан, поляк, т.б) ұлт өкілдері бір бауыр болып білім алды, еңбекке араласты.

Олар қазақша үйреніп өзара ат басын құрып,

дәстүрлі үрдістерді ілгері дамытуда. Интернационалдық тәрбиені одан әрі тереңдете тұрып, жүргізуде мектеп оқытушылары өздерінің әрбір өткізген сабақтарында «Ата-мекені» салаларына үлкен үлес қосуда. Қазақ тілінің біздің Республикамыздан мемлекеттік тілге айналып, қазір мектебіміз 1953 жылы-1990 жыл аралығында орысша –қазақша орта мектеп болып келсе, 1991 жылдан бастап 1-сыныптан бастап түгелдей оқушылар өз ана тілінде дәріс етуде. Ендеше туған тіліміз ана сүтінен біздің қанымызға сіңген, анамыздың әлдилеген еңбектері, көкірегімізге құйылды. Осы кезде демократия туған шақта 1964 жылы 61 бала бірде-бірі қазақ сыныбына алынбауы. Аллаға шүкір мектептерде (Қызылсая, Биіктесін, Қызылағаш ) ана тілінде оқытыла бастады. Әдет-салтымызды, ата-бабаларымыз мұрасын жас ұрпаққа жеткізу біздің абыройлы міндетіміз. Біздің мектеп коллективінен Республика бойынша өтілген беделді семинар-кеңестерге қатынасып, өздерінің педагогикалық шеберліктерін көрсете білді. Мысалы: Бегалина Райхан-Республикалық Бітібаева мектебінде дәріс алса, Ахмеджанова Ботагөз-Республикалық тіл мәселесі жөніндегі конференцияға қатынасса, Ақан серінің туғанына 150 жыл толуына байланысты Көкшетау-Жидебай-педагогикалық керуенге қатысқан Баймұратова Сәуле т.б

Ұстаздар өздерінің іс-тәжірибе нәтижелерін көрсетуде. Халқымыздың салт-дәстүрін, ислам дінінің тағлымын уағыздауда 1992 жылы бой көтерген ауылдағы мешіт мектеппен арасындағы байланыс, мектептегі мұражай, пән кабинеттері тәрбие жұмысында өз әсерін қалдыруда. Өткен оқу жылында мектебімізді 68- түлектер бітіріп, алтын ұядан ұшқалы отыр. Оның арасында екі оқушы ҰБТ тестіне қатыспақшы.

Ал, жолдастар, бұл ел туралы қысқаша баяндамада 90 жыл өмір тарихынан қысқаша шолу жасадық. Мұның өзі Егеменді Қазақстанның шұғыласынан туындалды.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет