1.9.Сарматтар Сарматтарға жалпы сипаттама және олардың тарихы -Сарматтар еліміздің батыс аймақтарында б.з.б. 8 ғасыр мен б.з.-дың 5 ғасырында өмір сүрген тайпа.
-«Сармат»атауы көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.б. 3 ғасырдан бастап кездеседі.
-Сарматтарды тарихи деректерде б.з.б. 8 ғасырда савроматтар деп атаған.
-Сармат тайпаларының орналасуы:
Арал-Каспий аралығында, одан оңтүстiкке қарай дах (дай, даг) тайпалары тiршiлiк еткен.
Каспийдiң жағалауында каспилер өмiр сүрген. Каспий теңiзiн сол кезде Гиркан теңiзi деп атаған, соған байланысты каспилердi кейде гирканилер дейтiн.
-Савроматтар б.з.б. 2 ғасырда қазiргi Батыс Қазақстан жерiнiң батыс аймағындағы жерлердi бiртiндеп жаулап, Қара теңiздiн солтүстiк аймақтарына дейiн жеттi.
-Савромат-сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырды. Босфор мемлекетімен байланыс орнатқан. Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказға, Парфияға жорықтар жасаған.
-Тек кейін IV ғасырда сарматтардың Қара теңіз жағалауындағы үстемдігіне Ғұндар тойтарыс берген.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ: 1.Көне дәуір авторларының еңбектерінде «сармат» атауының кездесетін мерзімі:
Жауабы: б.з.б. ІІІ ғасыр
2.Сарматтар мекендеген аймақ:
Жауабы: Каспий маңы Батыс Қазақстан
3.Елімізде сарматтар қоныстанған аймақ:
Жауабы: Батыс Қазақстан
4.Қазақстанның батыс аймағын мекендеген ежелгі тайпа:
Жауабы: сарматтар
5.Сармат тайпаларының өмір сүру мерзімі:
Жауабы: б.з.б. VІІІғ.-Vғ.
6.Сарматтардың б.з.б. VIII ғ. атауы:
Жауабы: Савроматтар
7.Б.з.б.VIII ғ. савроматтар деп аталған тайпа:
Жауабы: Сармат
8.Б.з.б. ІІ ғ. Қара теңіздің солтүстігіне дейінгі жерлерді жаулап алған ежелгі тайпа:
Жауабы: Савроматтар
9.Дах-массагеттермен, исседондармен туыстас тайпа:
Жауабы: Савроматтар
10.Қара теңіз бойындағы скифтердің жерінде Сармат билігі орнаған мерзім:
Жауабы: Б.з.б. ІІ ғасыр
11.Сарматтар жаулаушылық жорықтар жасаған аймақ:
Жауабы: Алдыңғы Азия мен Солтүстік Кавказға
12.Арал-Каспий аралығы, одан оңтүстікке қарай өмір сүрген сармат тайпасы:
Жауабы: Дах
13.IV ғасырда сарматтардың Қара теңіз жағалауындағы үстемдігіне тойтарыс берді:
Жауабы: ғұндар
14. Каспий жағалауында өмір сүрген сармат тайпасы:
Гиркани
15.Сарматтардың құрамында болған тайпа атауы:
Гиркани
16.Сармат дәуіріндегі Каспий теңізінің атауы:
Гиркан