«Сауда жасай білесің бе?» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқушының аты-жөні : Сыныбы



Дата03.12.2019
өлшемі25,04 Kb.
#52896
Байланысты:
8 сынып СОР 2

«Сауда жасай білесің бе?» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқушының аты-жөні :______________________________

Сыныбы:________________________________


Тапсырма: Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз

Еуропаның көркемөнер орталығында кішкентай бала әдемі туындыны көреді. Бұл туынды өте қымбат екен. Бала суреттен көзін ала алмай ұзақ тұрады. Ақшасы жетпеген соң, ала алмай кетеді. Қанағат деп жеген-кигенін азайтып, бір жылда аздап ақша жинайды.

Бір жылдан кейін дүкенге қайтып келеді. Суреттің сатылмағанын көріп қуанады. Суреттің авторына келіп: «Салған суретіңізді ағамның туған күніне алғым келеді. Ақша жинадым. Суретті маған сатыңызшы», - деп бір уыс ақшасын суретшіге береді.

Суретші біраз ойланып, суретті әдемі қағазға орап, балаға сатады. Бала қуанышын жасыра алмай, алғысын айтып, сыртқа шығады.

Дүкенде болған басқа суретшілер таңданып: «Есің дұрыс па?! Oл жұмысың миллионға кетер еді. Неге су тегінге саттың?» – деп сұрап еді, суретші: «Иә, бұл суретті миллионға не одан да қымбатқа сататын едім, алайда суретті сатып алу үшін бір жыл бойы ақша жинайтын адам табыла ма?» – дейді.



1.Мәтіннің сюжетін сөз тіркестерімен беріңіз.




Шешімі








Дамуы






Басталуы





2. Басты кейіпкердің саудамен қандай байланысы бар? Оның адамгершілік қасиетін сипаттап, мәтіннен дәлел келтіріп жазыңыз.

3. Бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазыңыз. 1/2 , 3/2 , 2/5 , 7/9 , 3/9 ,5/6 .

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығармалардың композициялық құрылымын ажыратады. Кейіпкерлерге, олардың іс-әрекетіне баға береді

1

мәтіннің сюжетін сөз тіркесімен жазады;

1

1

1



кейіпкерді анықтап, адамгершілік қасиетіне баға береді;

1

1


Тақырыпқа қатысты эссе жазу жұмысында өз көзқарасын ұсынып, дәлелді аргументтер келтіреді

2

мәтіннен дәлелдер келтіреді;

1

өз ойын саудамен байланыстырып жазады.

1

Барлығы

7


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет