Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері. Жаңаберген Айым 026
Саяси ғылым
Саяси ғылым-қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен даму тарихын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістерді, саяси сана мен саяси мәдениетті, әлемдік саяси үрдісті зерттейді. Саяси ғылым сұрақтары бойынша өткен 1948ж халықаралық коллоквиум оның зерттеу объектілері ретінде;
Кейбіреулер саясаттанудың даму жолын оқып керегі не деп те ойлауы мүмкін. Ондай ой ағаттық болар еді. Себебі, біріншіден, қазіргі өркениетті деп саналатын қоғамдық құрылыс, демократиялық идеялар бір күн немесе бір жылда пайда бола қойған жоқ. Оған мыңдаған жылдар бойы озық ойлы данышпан ойшылдар ерінбей еңбек етіп, әрқайсысы өшпестей өз үлестерін қосты. Екіншіден, қоғамдық ой-пікірде түпкілікті, үзілді-кесілді шешуге келмейтін мәңгілік мәселелер де кездеседі. Әрбір тарихи дәуір оларға өзінше ой жүгіртіп, өзінше баға береді. Ал тарих болса, ескі қателіктерді қайталамауға үйретеді. Үшіншіден, адамзат ақыл-ойы дамуының өзіндік ішкі қисыны, логикасы болады. Оларды оқып-білу арқылы өркениеттіліктің сатыларынан өтіп, саяси тәжірибе жияды. Сондықтан саясаттану тарихын білмей, қазіргі саяси жағдайды толық түсіну қиындық етеді. Төртіншіден, кейбір саяси теорияларды негіздеушілер және оларды жақтаушыларды өз іс-әрекеттерінің шындығын дәлелдеу үшін тарихи дәстүрлерге жүгінуді ұнатады. Бұл да тарихы тағылымға талмай үңілуді талап етеді. Сондықтан саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін өткен замандардағы ғұлама ғалымдардың, данышпан дарындардың саралы саяси ой-пікірлерін оқып-үйренудің маңызы зор.
Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырап түсетін де кезеңдері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырап гүлдену Ежелгі Шығыс – Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып, өркениеттіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды.
Карл Маркс (1818 – 1883) философия мен саяси экономия саласында екі жаңалық жасады. Біріншісі – тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық тұрмыстың өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызатындығын дәлелдеді. Капиталистік құрылыстың өндіргіш күштері үздіксіз дами отырып, өндіріс құрал – жабдықтарына жеке меншікке негізделген буржуазиялық өндістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа келеді. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы тереңдеп келе жатқан антолгонизмді тек пролетарлық революция ғана шеше алады, ол жұмысшы табының өкіметін орнатуға жеткізеді және қоғамды социалистік жолмен қайта құру үшін жол ашып береді деді. Екінші жаңалығы – капиталістік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құн туралы ілім болды.
Ленин Маркс пен Энгельс жасаған социалистік революция теориясын дамытты. Буржуазиялық – демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуын негіздеді. Социализмның алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елді жеңу мүмкіндігі туралы тұжырымдама жасады ( бұған дейін марксистер социолизмнің жеке бір елде немесе елдердің шағын тобында жеңуі мүмкін еместігі, дүниенің дамыған елдерінің көпшілігінде социализмнің бір мезгілде жеңуінің міндеттілігі туралы тезиске сүйенген болатын).
Ленин әр түрлі елдердің капитализмнен социализмге өту түрлерінің сан алуан болатындығы туралы қағиданы қолдады. Пролетариат диктатурасының мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты.
Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістерді түсіну үшін бірнеше әдістер пайдаланылады
Салыстырмалы
Жүйелеу
Тарихи
Нормативтік