Халықаралық қатынастар жүйесіндегі «Ұлы державалар»
Тақырып: Халықаралық қатынастар жүйесіндегі «ұлы державалар» Қарастырылатын сұрақтар:
1. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі ұлы державалар.
2. Халықаралық жүйелердегі күш тепе-теңдігі және тепе-теңдік.
3. Идеология және халықаралық қатынастар.
4. Халықаралық қатынастар жүйесінің сыртқы ортасы.
5. Қазіргі уақыттағы халықаралық қатынастар жүйелері.
Халықаралық қатынас
Халықаралық қатынас –бұл экономикалық, саяси, диполматиялық, әлеуметтік, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыс пен әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілері арасындағы қатынастар жиынтығы.
Халықаралық қатынастарға ықпал ететін факторлар: әлемдік экономикалық жағдай; әскери стратегиялық жағдай; жеке мемлекеттердің ықпалы, табиғи ортаның әсері; шикізат және табиғи ресурстар жағдайы.
Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері: халық; мемлекет; мемлекетаралық ұйым; әлемдік, регионалдық саяси үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар.
Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастың дамуының негізгі тенденциялары: әлемнің тұтастығы мен өзара тәуелділіктің артуы; халықаралық қатынаста көпұлтты жүйенің пайда болуы; әлемдегі әлеуметтік әр тектіліктің сақталуы; қарама - қайшылықтар мен шиеленістерді шешуде саяси құралдардың ролінің артуы; проблемаларды шешудің дәстүрлі жолдарымен әлемдік дамудың шынайылығы арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуі; бірдіндеп геосаяси кеңістіктің капитал, тауар, қызмет түрлері бар біріккен аймақты құруы.
Сыртқы саясат
Сыртқы саясат – бұл халықаралық аренада өз мүддесі мен қажеттіліктерін іске асырудағы мемлекет пен басқа да қоғамның саяси институттарының қызметі.
Сыртқы саясаттың мақсаты: саяси курстың өткізілуі мен елдің сыртқы экономикалық дамуын қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету; сыртқы саяси міндеттерді жүзеге асырып, халықаралық байланыс жүйесін қамтамасыз ету.
Сыртқы саясат
Сыртқы саясатты жүзеге асырудың формалары: мемлекеттер арасында дипломатиялық қатынастар орнату; халықаралық ұйымдар негізінде немесе соған мүше ретінде мемлекеттік өкілдіктердің ашылуы; мемлекет, партия өкілдерімен әр түрлі дәрежеде жиі және үнемі байланысты жүзеге асыру.
Сыртқы саясат
Мемлекеттің сыртқы саясатындағы әдіс - тәсілдер: үнемі информация алмасуды іске асыру; әр-түрлі дәрежеде ресми түрде қарым қатынас пен алмасу, екі жақты және көпжақты шарттар мен келісімдер дайындау; мемлекеттердің ішкі және сырқы саяси іс-әрекеттерін немесе олардың одақтасуының даму мүмкіндіктеріне көмектесу; толық немесе жартылай блокадаға дайындалу және жүзеге асыру; сырқы саяси жағдайда қолайлы әскери іс - әрекет жүргізумен қамтамасыз ету және соғысқа дайындық.
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар – бұл адамзаттың әлеуметтік дамуымен байланысты, өмірлік қажетті проблемалар жиынтығы.
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың айрықша белгілері - барлық мемлекеттердің, адамзаттың өмірлік қажеттіліктері қозғалады; адамзаттың позитивті дамуына қатер төндіреді; өз шешіміне барлық мемлекет пен халықтың ұжымдық күш салуын талап етеді.
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың негізгі топтары:
Халықаралық қатынас саласымен байланыстылар: бейбітшілікті сақтау мәселесі, әлсіз дамыған мемлекеттердің экономикалық артта қалу қиындықтарын жеңу, халықаралық терроризммен күрес.
Қоғам мен жеке адамның өзара қарым – қатынасымен байланысты: аштық пен күрес, білім мен денсаулық саласының маңызды мәселелерінің шешімі, адамзат өмір сүруінің рухани саласын қорғау.
Табиғат пен адамның өзара қарым – қатынасымен байланысты: экологиялық, энергетикалық, шикізаттық, азық – түліктік және дамографиялық.
Негізгі әдебиеттер: 1. Александров О.Б., Боровский Ю.В., Мартынов Б.Ф. Современные международные отношения. 1991-2020. – М.: АСТ, 2021. – 768 с.
2. Киссинджер Г. Нужна ли Америке внешняя политика? – М.: АСТ, 2016. – 416 с.
3. Кан Г.В. История Казахстана. Учебник для вузов. – Алматы: Алматыкітап,2013. – 304 с.
4. Рахимов М.А. Новейшая история Узбекистана.Ташкент: Адабиет учкунлари, 2018.512с.
5. Момбекова Ж.К. История кыргызов и Кыргызстана с древнейших времен до наших дней. – Бишкек: Улуу толоор, 2020. – 592 с.
6. Зайцев И.В., Кадырбаев А.Ш., Султанов Т.И., Сыздыкова Ж.С. История Центральной Азии. – М.: Издательство МГУ, 2015. – 360 с.
7. Перевезенцев А.Л., Скаков М.С. Сборник документов (хрестоматия) и хронологическая таблица по теме «Становление и развитие казахстанско-американских отношений в эпоху суверенного Казахстана (1991-2018). – Актобе: Университет Жубанова, 2019. – 38 с.
8. Печатнов В.О., Маныкин А.С. История внешней политики США. – М.: Международные отношения, 2018. – 672 с.
9. Дегтярев Д.А. Внешняя политика стран СНГ. – М.: Аспект-пресс, 2018. – 493 с.
10. Панов А.Н., Лебедева О.В. Публичная дипломатия зарубежных стран. – М.: Аспект-пресс, 2019. – 208 с.