Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.
Саяси сананың функциялары - саясаттың институтционалдық емес элементі ретінде келесі функцияларды орындайды: когнитивті, яғни, саяси субъектілер функцияларын орындау мен модификациялау үшін қоғамның әрдайым білімді жетілдіру мұқтаждықтарын көрсету; коммуникативтік, яғни, субъектілердің өзара және билік институттарыменсаналы өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету; идеялық, яғни, саяси әлемді өзінше түсінуге субъектілердің қызығушылық танытуын түсіндіруі.