Саяси тәртіп - саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы. Оған демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады. саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы (антидемократиялық) деп үлкен екі топқа бөледі.
Авторитаризм – саяси тәртіп, бұнда бір түрдің немесе топтың өз басшысымен билікке ұмтылысы. Авторитаризм қоғамдық құрылысы ауысып жатқан елдерде, тағы да ұзақ дағдарыста болып жатқан қоғамда пайда болады. Берілген шарттар, авторитарлық саяси режимнің орнату факторы болады.
Авторитарлық тәртіптің негізгі белгілері:
1)Жеке адам билігінің немесе саяси биліктің бір тармағының күшеюі;
2)Қоғамдық саяси ұйымдардың құқықтары мен еркіндіктерінің шектелуі;
3)Мемлекеттік жүйедегі қызметкерлердің билікпен мүдделес саяси
партиялармен бірігуі;
4)Парламент ролінің шектелуі немесе кейбір жағдайда жойылуы.
Демократиялық саяси жүйе
азаматтардың кепілденген құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымы қамтылуы;