Сценарий. 1-курс «Медиадарама»



Дата27.04.2024
өлшемі79,86 Kb.
#201477
түріСценарий
Байланысты:
Сценарий основа 11


Студенттік өмір.

Киносценарий. 1-курс «Медиадарама». Авторлары: Бердібай Айымжан, Бүркітбек Ажар, Ахметкарим Әнуар, Амангелді Шерхан, Әлібек Болат. Курс жетекшісі: Асылбек Ихсанов





  1. КҮНДІЗ. ЖАТАҚХАНАНЫҢ АЛДЫ. ДИЛЬНАЗ. ШОПЫР. ЗАҢҒАР



Жатақхананың алдына такси келіп тоқтайды. Ішінен Дильназ түседі. Жатақхананың есігі жәймен ашылады. Іштен Заңғар шығып келе жатыр. Заңғар Дильназды байқамай өтіп кетеді. Дильназ жақтырмай қарап, біраз тұрып қалады.
ДИЛЬНАЗ
Көріп тұр ғой ауыр екенін, көмектесуіне болатын еді.
ШОПЫР
Әй, қыз-ау болшы! Ақшамды алып кетейін, асығып тұрмын, тездет!

ДИЛЬНАЗ
Туй, аға қазір заттарымды түсіріп алайын, көмектесіп жіберсеңізші.


Дильназ заттарын көліктен түсіріп, жатақханаға беттейді. Кіре салысымен телефонынан ордерді қарайды. 3-қабат, 303-бөлме. 3 -қабатқа көтеріледі. Оңға және солға жалғасқан ұзын дәліз. Оңға бұрылудың орнына солға бұрылып, адасып кетеді. Бөлмесін таппай әлек болып 3- қабатты бірнеше рет айналып шығады. Ақыр соңында тауып, есіктің тұтқасын тартады. Есік құлыптаулы. Бөлмесін іздеп шаршаған Дильназ ауыр күрсініп, кілтін алу үшін 1- қабатқа қайта түседі.





  1. ИНТ. ЖАТАҚХАНА. ДИЛЬНАЗ. КҮЗЕТШІ.

Дильназ.
Ағай, сәлеметсіз бе? 303- бөлменің кілтін бересіз бе? Кіре салысымен алуды ұмытып кетіппін.


Күзетші.
Сәлеметсің. Бәсе, мына қыз амандаспай, кілтін алмай қайда кетіп қалды десем. Мінекей кілтің.
Дильназ

Рахмет, ағай.


Дильназ есікті ашып, бөлмеге кіреді. Бөлмеде 4 төсек, ағаш шкаф және үстел бар. Дильназ шамоданын көтеріп төсектің үстіне қояды.



  1. ЖАТАҚХАНАНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ ДҮКЕННІҢ АЛДЫ. ЗАҢҒАР. САТУШЫ.

Заңғар.
Тәте, сәлем бердік! Қалыңыз қалай? Асығып келіп тұрмын, бөлмеге жаңадан орналасып жатқан жайымыз бар. Енді күнде кездесетін боламыз. Заңғар дейтін балаңыз мен боламын. Тәте, ұзартқышыңыз бар ма? Қаншадан болып жатыр жалпы?

Сатушы
Ее,кел кел балам. Бар ұзартқыш, әне артыңа қарасаң кір сабындар мен кір жуатын ұнтақтар тұрған сөренің жанында. 3560 теңге. Аласың ба?


Заңғар
3560 теңге дейсіз ба? Ай, жәрәйді, беріңіз. Каспий бар ма, тәте?


Заңғар дүкеннен шығып, жатақханаға келеді. Қайтар жолда Заңғар жолдастарын кездестіреді.



  1. НАТ. ЖАТАҚХАНАНЫҢ АЛДЫ. ЗАҢҒАР. ЗАҢҒАРДЫҢ ДОСТАРЫ.

БІР БАЛА
О, Заңғар Ассалаумағалейкум! Жағдай қалай?


Заңғар
Уағалейкумассалам! Аллаға шүкір, жақсы. Жігіттер бөлмеме орналасып жатыр едім…


БІР БАЛА
Е, бірге кірейік. Түс болыпты. Ас ішіп алайық.


Заңғар достарымен жатақханаға кіріп 4-қабатқа көтеріледі. 3-қабаттың айнасының алдында Дильназ тұр екен. Айна арқылы Заңғар Дильназға қарап, көтеріліп кетеді. Екеуінің көздері кездесіп қалады. Дильназ жақтырмай қарап төмен түсіп кетеді.



  1. ИНТ. ЖАТАҚХАНА. ЗАҢҒАР. ДИЛЬНАЗ

Дильназ қайта бөлмесіне оралып, заттарын шығаруға кіріседі. Заңғар да достарымен қоштасып, бөлмесіне кіріп, ұзартқышты қосып, тефаль шәйнекті тоққа тығады. Заңғар шамаданын шығарып, заттарын шығарады.


(Параллель әрекеттер.)
Шампунь; тапочки; сүлгі; ет, макарон, кружка, ноутбук т.б. шығарады.



  1. ИНТ. ТҮН. ЖАТАҚХАНА. ЗАҢҒАР. ДИЛЬНАЗ

Экран әлі екіге бөлініп тұр. Заңғар да, Дильназ да ұйқыға жатуға дайындалады. Төсекке жатады.


ЗАҢҒАР
Қап, көмектесе салуым керек пе еді?


ДИЛЬНАЗ
Неге сонша тесірейіп қарады? Біртүрлі екен.

Ұйқыға жатады.





  1. ИНТ. КҮНДІЗ. ЖАТАҚХАНА. ЗАҢҒАР

Экран екіге бөлінулі. Будильник шырылдайды. Сағат таңғы 7:00. Тұрып беті-қолын жуады. Дильназ әрленеді. Заңғар шашын жөндеп киінуге кетеді. Таңғы астарын ішеді. Шәй қояды. Доширак жейді. Аналары беріп жіберген тамақтарын (шамаданнан) шығарып қояды. Уақытқа қарайды. Сағат 7:40. Сабаққа баратын уақыт.



  1. НАТ. КҮНДІЗ. ЖАТАҚХАНАНЫҢ АЛДЫ. МАЛИКА. ЗАҢҒАР. ДИЛЬНАЗ

Сағат 8:00. Студенттер жатақханадан шығып жатыр. Заңғар жатақханадан шығады. Малика жаңадан жатақханаға орналасуға келеді. Көліктен заттарын түсіріп жатады. Малика Заңғарды көріп қалып, (айналшықтап) көмектесуін сұрайды.
МАЛИКА
Ей, бала! Көмектесіп жіберші! Мынаның барлығын мүлде көтере алмай тұрмын. Ужас, шаршап кеттім.

ЗАҢҒАР
Көмектесуден қашып тұрғам жоқ. Бүгін аралық бақылау еді. Асығыспен...


МАЛИКА
Ейй, мені естіп тұрсың ба? Бөлмеме дейін көтерісіп жіберші деп тұрмын ғой.


Сабаққа асығып бара жатқан Заңғар Маликаны жақтыртпайды.

ЗАҢҒАР
Жарайды. Не? Не көтеру керек саған? Қай бөлме? Тез айтшы. Асығып тұрмын.


Заңғар Маликаның артынан еріп 3- қабатқа көтеріледі. 303- бөлменің алдына келеді. Сол сәтте Дильназ бөлмеден шығып қалады. Заңғар Дильназға біраз тесіліп қарап тұрып қалады. Дильназ да оған қарайды. Заңғар Маликаның сөмкелерін жерге қойып, үн қатпастан жүгіріп кете береді.





  1. НАТ. ҚАЗҰУ ҚАЛАШЫҒЫ. ЗАҢҒАР. ҚУАНЫШ.

Сағат 8:50. Заңғар сабағына асығып бара жатып сағатына қарайды. Асыққаны соншалық, алдында келе жатқан Қуанышты көрмей қалады.

ҚУАНЫШ

Ох, ема…
Тоқташы еу…!Еу…

Заңғар қағып өтіп, жүгіріп кете береді.





  1. ИНТ. ЖАТАҚХАНА КІРЕБЕРІСІ. ЗАҢҒАР

Заңғардың телефонына смс келеді.


СМС( тренер)


Заңғар, ертең тренировкаға кешікпей кел!

Заңғар жауап қайтарады.


ЗАҢҒАР

Болды, болды, ағай.
Телефонын қалтасына салып, жатақхана кіріп кетеді.


  1. ИНТ. ЖАТАҚХАНА. 401 БӨЛМЕ. ҚУАНЫШ. ЗАҢҒАР

Заңғар бөлмесіне кіріп келсе, төсегінде Қуаныш алма жеп, телефонмен сөйлесіп жатыр екен.


ҚУАНЫШ

Иә, мам жеттім. Сол жатырмын. М-ә-ә... ҚАЗҰУ дәу екен. Айта алмадым…

Заңғар Қуанышқа жақындап…


ЗАҢҒАР
Не қылса... андағы менің төсегім еді.

ҚУАНЫШ (алмасын бір тістеп(.


Сомен?

ЗАҢҒАР
Сомен болғанда, тұр!


ҚУАНЫШ
Кә мам, сосын звандаймын. Не болды сонша родной? Бір төсекке бола? Тұрамыз кәз. Ее-е , чета сені көрген сияқтымын. Ее-е сен ғой бағана қағып кеттің. Енді тұр-тұр деп зарлап.

ЗАҢҒАР
А, сен ба ол?


Екеуі қол алысады.

ЗАҢҒАР
Мә, ренжіме родной. Асығып бара жатқанмын ол кезде.


ҚУАНЫШ
А, болд, болд. Не ма, е, атым Кука болады. Қуаныш деп еркелете бер!



  1. ИНТ. ЖАТАҚХАНА. 401 БӨЛМЕ. ЗАҢҒАР. ҚУАНЫШ.

Заңғар мен Қуаныш бірге шәй ішеді.

ҚУАНЫШ
Сонымен қайдан боласың?


ЗАҢҒАР
Алматыдан өзің ше?


ҚУАНЫШ
Шырайлы Шымкенттенмін брат.


Осылай екеуі танысады.


ҚУАНЫШ
Мә, брат че-то қарын ашып кетті.

ЗАҢҒАР
Иә, мен де тамақ ішпеп едім…


ҚУАНЫШ
Қазір мен келемін. Әрекет қымаса өліп баратырық қой


Қуаныш бөлмеден шығып, ас үйге келеді. Плитаның үстіндегі қазанды алып, бөлмеге келеді.
ҚУАНЫШ
Қасықты алып, ұр брат.

ЗАҢҒАР
Ей, қайдан алдың ?


ҚУАНЫШ
Не қыласың? Үндемей жей берші.





  1. ИНТ. ЖАТАҚХАНА. ҚУАНЫШ. ЗАҢҒАР. ДИЛЬНАЗ. МАЛИКА

Дильназ ас үйге қазанын алуға келеді. Келіп қараса қазан жоқ. Дильназ аң- таң. Бөлмеге қайта келіп Маликаға айтады.

ДИЛЬНАЗ
Малика, қазан жоқ.


МАЛИКА
Қалай жоқ? Тауып кел жүгір.


Дильназ 401 бөлмеге келіп, есік қағады. Есікті Қуаныш ашады.
ҚУАНЫШ
Ау?

ДИЛЬНАЗ
Сәлем. Плитаның үстінде тұрған қазанды көрген жоқсыңдар ма?


ҚУАНЫШ
Жоқ. Біреу алып кетті ма, не?


ДИЛЬНАЗ
Туй, енді қайттім. Жарайды, рахмет


Дильназ өз бөлмесіне кетеді. Қуаныш есікті құлыптап алады да, екі алақанын ысқылап, дастархан басына отырады. Заңғар Қуанышқа ала көзімен қарайды.


ҚУАНЫШ
Не болды досым? Түрің сұстанып кетіпті ғой. Жәй мә? Үй -іші бәрі жақсы ма жалпы? Жоқ қызың тастап кетті ма?

ЗАҢҒАР
Е, қайдағы қыз? Сен тамақты ұрлап алғансың ба?


ҚУАНЫШ
Ұрлаған жоқпын. ( пауза) Жәй алып кеттім.


Заңғар қазанның ішінде тұрған Қуаныштың қасығын үстелге лақтырып тастап, қақпағын жауып бөлмеден алып кетеді. Қуаныш аң-таң. Заңғар Малика мен Дильназдың бөлмесіне келіп, есік қағады. Дильназ есік ашады.


ЗАҢҒАР
Мынау сен іздеп жүрген қазан. Ау?


Дильназ қуанып кетеді.


ДИЛЬНАЗ
Ой… иә, дәл өзі. Рахмет


Заңғардың келіп тұрғанын Малика көріп, орнынан атып тұрады да, есікке жақындайды.
МАЛИКА
О, сәлем. Қалайсың?
Заңғар Дильназдан көзін алмай қарап тұрып, Маликаға суық жауап қайтарады.

ЗАҢҒАР
Сәлем.


Дильназ Заңғарға күлімсіреп қарап тұр. Малика тамақты алады.


ЗАҢҒАР
( толқып)


А, жақсы онда мен барайын. Асың дәмді болсын.

Дильназ басын изеп, жымиып, есікті ақырын жауып алады. Есік жабылады. Заңғар қуанып, шүйдесін қасып, бөлмесіне бет алады.





  1. ИНТ. ЖАТАҚХАНА. 401 БӨЛМЕ. ЗАҢҒАР. ҚУАНЫШ

Заңғар бөлмеге күлімсіреп кіреді.


ҚУАНЫШ
Че там? Қызыңмен қосылдың ба?


ЗАҢҒАР
Сен де қатырасың. Қыздардың тамағың ұрлағаның не?


ҚУАНЫШ
Аштан өлеміз ба енді? Бұл да бір жақсы бола қалады екен тегі.


ЗАҢҒАР
Оны қоя берші, тамақты не істейміз?


ҚУАНЫШ
Білмеймін, Тимуровец. Қалтада көк тиын жоқ. Бәрін құртып тастадым. Степендияға дейін шыдау керек.


ЗАҢҒАР
Жарайды, мен төлеймін. Жүр магазға барып қайтайық.


ҚУАНЫШ
Еркек! Жарайсың е, Қозы Көрпеш!



  1. ИНТ. ЖАТАҚХАНА. МАЛИКА. ДИЛЬНАЗ.

Дастархан басында Малика мен Дильназ


МАЛИКА
Жыр болған тамағың дәмді шығыпты. (Жақсы жасапсың.)


ДИЛЬНАЗ
Қызық, біреудің тамағын «в наглую» ұрлап кетуге болады ма?


МАЛИКА
Бұл жатақхана Дильназ ханым. Әркім өзі үшін.


ДИЛЬНАЗ


Иә. Бірақ өзім де күзетіп тұруым керек еді. Қайта анау көзілдіріктегі балаға рахмет. Қайдан тауып келді екен...
МАЛИКА
А, жаңағы баланы айтасың ба? Иә, жақсы бала.Алдында заттарымды көтерісіп жіберуге көмектескен. Көмекке шақырған кезде тесірейіп қарап еді. Сірә ғашық болып қалған секілді маған.

Малика қулана күледі де тырнағына көз салады. Дильназ үндемей түсінікті деген сыңай танытып жәй басын изейді.


Кука. Е, осы адамдар да қызық. Кешігіп келеді сен көмектескен қыз.


Камера жоғарыдан көрсетеді.





  1. НАТ. ЖАТАҚХАНА АУЛАСЫ. ДИЛЬНАЗ. ҚУАНЫШ. ЗАҢҒАР

Сағат 23:20. Жатақхананың ауласында Дильназ жатақханаға кіріп үлгермей қалады. Қобалжу күйінде тұр. Балконнан Қуаныш Дильназды көреді.


ҚУАНЫШ
Опа! Е, Төлеген, Қыз Жібек тұр ғой түнделетіп…


Заңғар төсектен атып тұрып, Қуаныштың жанына келеді.


ҚУАНЫШ

Осы адамдар біле тұра неге кешігеді?

Заңғар Дильназды көре салысымен асыға бөлмеден шығып кетеді. Баспалдақпен түсіп келеді. Кіре беріске келсе Дильназ ішке кіріпті, коменданттан ұрыс естіп жатыр.


КОМЕНДАНТ
Неге кешігесіңдер осы сендер? Қас қарайғанша қайда жүресіңдер осы…

Заңғар коменданттың сөзін бөліп, Дильназға қарайды.


ЗАҢҒАР
Аружан кешіктің ғой? Сені ерте күтіп аламын ба деп едім. Мен айтқан дәрілерді алдың ба?


Дильназ аң-таң.


ЗАҢҒАР
Ой, апай кешіріңізші. Мен кішкене ауырыңқырап, жол-жөнекей дәрі ала сал деп сұрап едім. Айып етпеңіз .

Заңғар Дильназдан пакеттерін алып, баспалдақпен 2- қабатқа көтеріледі. Дильназ артынан ереді.


ДИЛЬНАЗ
Рахмет саған. Алайда менің атым Аружан емес Дильназ. Жарайды, пакеттерімді ала салайын.


ЗАҢҒАР
Жоқ болды, бөлмеңе дейін апара салайын.


Дильназ келіседі. Басын изейді. Заңғар мен Дильназ баспалдақпен көтеріліп келе жатыр.
ЗАҢҒАР
Менің атым Заңғар... айтпақшы...

Дильназ Заңғарға қарап жымияды. Екеуі баспалдақпен көтеріліп кетеді.





  1. ИНТ. ҚАЗҰУ. КҮНДІЗ. МАЛИКА. ДИЛЬНАЗ

Малика мен Дильназ сабақтан жатақханаға келеді.
Қоңырау уақыты. Студенттер у-шу. Малика Дильназдың ойланып отырғанын байқап, жақындайды.
МАЛИКА
Дикош, не болды ? Ойланып кетіпсің ғой.
Дильназ Маликаға қарайды.
ДИЛЬНАЗ
А, ой. Кешір, иә…

МАЛИКА
Не ой сонша?


ДИЛЬНАЗ
Жәй, кеше алдындағы қазанды алып келіп берген баламен танысып, сөйлесіп қалып едім.


МАЛИКА
Ааа,солай ма? Қызық, не туралы сөйлестің онымен?


ДИЛЬНАЗ
Аты Заңғар екен. Басында маған мүлде басқа адам болып көрінген болатын

Маликаның үні өзгеріп, көңіл-күйі бұзылады.


МАЛИКА
Иә, өзі сондай кішіпейіл. Менің бұрынғы жігітіме ұқсайды. Бірақ одан да күштірек негізі.😏


Дильназ Маликаға қарап, өтірік жымияды. Заңғар лекция залына кіріп келеді. Малика Заңғарға қол бұлғайды. Заңғар қарағысы келмей, сүлесоқ түрде, көңілжықпастықпен ғана сәлемдеседі. Жанында отқан Дильназды көріп ұяла қол бұлғайды. Дильназ жымияды.


МАЛИКА
Заңғар!

Заңғар қарайды. Малика қасына отыруға шақырады. Заңғар жақындайды.


ЗАҢҒАР
Қалайсыңдар, қыздар?


ДИЛЬНАЗ
Жақ…


МАЛИКА
Жақсы, Заңғар. Өзің қалайсың? Бәрі жақсы ма?


Дильназ біртүрлі болып қалады.


ЗАҢҒАР
Жақсы. Дильназ кеше неге кешіктің? Енді кешікпе, тағы құтқара алмай қалып жүрмейік.😅😁

Дильназ күледі.


ДИЛЬНАЗ
Иә, кеше…

МАЛИКА
Мә, кеше кешігіп қалдың ба не? Сен ережені білесің ғой 23:00-ден кейін жатақханаға кіргізбейтінін. Қызықсың. Қайта Заңғарға рахмет.😌


Малика Заңғардың қолына саусағын тигізеді.


Дильназ Заңғарға қарайды.
ДИЛЬНАЗ
Иә, рахмет тағы.

ЗАҢҒАР
Дильназ (пауза) нөміріңді беріп қойсаңшы. Көмек керек болса хабарласасың.


Дильназ нөмірін Заңғарға береді. Малика өзін басы артық жанша сезініп қалады.


МАЛИКА
Достар, инсталарыңды берсеңдерші. Жазылып қояйын. Дильназ сенікі керек емес, менде бар.


Дильназ біртүрлі болып қалады. Заңғар Маликаның телефонын алып, инстаграм парақшасын береді.
МАЛИКА
Рахмет 😚



  1. ИНТ. ЖАТАҚХАНА. КЕШ. 401- БӨЛМЕ. ЗАҢҒАР. ҚУАНЫШ.

Заңғар мен Қуаныш бөлмеде әркім өз ісімен айналысып жатыр. Заңғар кітап оқып жатыр. Қуаныш теннис добын төбеге лақтырып ойнап жатыр.

ҚУАНЫШ
Досым, іш пысты ма ?


ЗАҢҒАР
Жоқ, не болды?


ҚУАНЫШ
Мә, іш пысты иә?


Заңғар үндемейді.
ҚУАНЫШ
Досым, іш пысты…
Заңғар үндемейді.

ҚУАНЫШ
Е, Қозы Көрпеш. (Пауза). Менің ішім пысты деймін!


Қуаныш теннис добын Заңғарға лақтырып жібереді.

ЗАҢҒАР
Қоймадың ғой. Жүр жарайды.


Заңғар мен Қуаныш бөлмеден шығады.





  1. ИНТ. ЖАТАҚХАНА. ТЕННИС ҮСТЕЛІ. ЗАҢҒАР. ҚУАНЫШ. ДИЛЬНАЗ. МАЛИКА. СТУДЕНТТЕР.

Заңғар мен Қуаныш теннис үстелінің жанына жақындап, студенттермен амандасады. Ойнауға кіріседі. Дильназ бен Малика теннис үстелінің жанынан өтіп бара жатады.
МАЛИКА
О, Заңғар жүр ғой. Жүр, көрейікші кім жеңетінін.
Малика Дильназдың қолынан ұстап, екеуі орындыққа жайғасады. Есеп 4-4.
Қуаныш алда.
МАЛИКА
Мә, Заңғар жақсы ойнайды екен. Бірақ есеп 4-4

ДИЛЬНАЗ
Иә, жақсы ойын болып жатыр.


Малика тыпырши бастайды.

МАЛИКА
Қане, Заңғар, қалыспа! Сен ұтасың!


Дильназ Заңғарға қарап отыр. Малика айқайлауын қояр емес.

МАЛИКА
Аз қалды, Заңғар! Сен жеңесің!


Дильназ Заңғарды Маликадан қызғанып қалады. Заңғар гол соғады. Есеп 4-5


Заңғар ұтып кетеді. Малика орнынан атып тұрып, қол соғып, Заңғарды құшақтайды. Дильназ орнынан жұлқына тұрып, кетіп қалады. Заңғар Дильназдың кетіп қалғанын көріп, артынан қарап, тұрып қалады.

ҚУАНЫШ
Ұста, досым!


Заңғардың бетіне доп тиеді. Заңғар ойынды жалғастырып кетеді.



  1. ИНТ. ЖАТАҚХАНА. ТҮН. ЗАҢҒАР. ДИЛЬНАЗ

Экран екіге бөлінулі. Дильназ төсекте кітап оқып отыр.Телефоны қасында. Заңғар төбеге қарап ойланып жатыр.


ЗАҢҒАР (Кадр сыртындағы мәтін):


Неге ренжіп, кетіп қалды екен? Артынан баруым керек пе еді? Маған ренжімесе қайтемін? Ұят болып қалар еді. Ал олай болмаса ше?

Заңғар телефонын алып, Дильназға жазады.


^(Заңғар телефонында жазып жатады.)

Дильназға хабарлама келеді. Дильназ алып қарайды.


Экранда Заңғардың СМС шығады.


«Сәлем, Дильназ».


Дильназ жазады.


«Сәлем».

Заңғар жазады.

«Қалың қалай? Бәрі жақсы ма?»


Дильназ жазады.

«Біркүйше».


Заңғар жазам ба, жазбайым ба деп отырып қалады.


«Сені бүгін теннис ойнап жатқанда көріп едім…»


Заңғар телефонын үстіне қояып, 2-3 секундтай мазасызданып, ойланады.


Дильназ жазады.


«Иә, Малика отырып тамашалайық деген соң келгенмін. Жақсы ойнайды екенсің.😊».

Заңғар жымиып қоя береді.


«Рахмет! Соңына дейін неге болмадың?».


Бұл кезде Дильназ әрі-сәрі ойланып қалады, алайда телефоны қолында. Алаңдап жатады да жаза бастайды.


«Кетуім керек болды.😊 Маликаға да ойын ұнаған секілді. Түні бойы айтып шықты».


Заңғар жазады.


Түсінікті. Шын ба?


Дильназ жазады.


«Иә. Кешір, кеш болды. Мен жатайын. Жақсы түс көр.


Заңғар жазады.


«Сау бол. Кездескенше.☺️


Дильназ тез телефонын өшіріп, қабырғаға қарай аунап түседі де ұйықтап кетеді.


Заңғар телефонын үстелге қояды да шалқасынан жатқан күйі көзін жұмады.



  1. ИНТ. ЖАТАҚХАНА. ЗАҢҒАР. ДИЛЬНАЗ. ВАХТЕРША

Заңғар ерте тұрып жүгіруге шығады. Қайтып келеді.Құлаққабын шешіп, турникеттен өткен кезде Дильназды көріп, амандасады. Дильназ үндемей, бетіне жай қарап, өтіп кетеді. Заңғар түсінбей, вахтершамен амандасып еңсесі түсіп, бөлмесіне көтеріліп кетеді.





  1. ИНТ. ЖАТАҚХАНА. 401- БӨЛМЕ. ЗАҢҒАР. ҚУАНЫШ.

Қуаныш төсекте отыр. Укулеле ойнай алмай, басы қатып отырады. Заңғар кіреді.


Қуаныш
Как раз келдің ғой, брат қайда жүрсің? Ойнай алмай-ақ қойдым ғой мынауыңды. Бір тегі көрші бөлменің қыздарына ойнап, жыр болайын деп едім. Бейне…бейне…туууй. Ой, осы адамдар тиктокта әп-әйбәт-ақ ойнап отырады ғой.


Заңғар келіп төсекке отырады.


ЗАҢҒАР
Ей, бағана басқасын үйреніп жатыр едің ғой.


Қуаныш «Күмістен алқа» сазын әндетіп, әуен тарта бастайды.

ҚУАНЫШ
Не болды саған Қозы Көрпеш-ау?


Көңіл-күй жоқ қой. Әлде ақша жоқ па? Әу…айтсаңшы!
ЗАҢҒАР
Қайдағы ақша. Қоя тұршы.

Заңғар Қуаныштың жанына жақындап, өзінің төсегіне отырады. Ойланады.


ЗАҢҒАР
Диль…Дильназ. Так- так- так...


Қуаныш ештеңе түсінбейді.


ҚУАНЫШ
Дильназ…Дильназ. А-а-а, Дильназ ба?! Оған не болды ей?
ЗАҢҒАР
Бұл қызды түсінбей-ақ қойдым.Елемеді ме…

ҚУАНЫШ
Е,қыздарды қойшы.Сенің сабағың қашан?


ЗАҢҒАР
Қазір 1 сағатта шығамын.Сенде ше?


ҚУАНЫШ
Сабақ жоқ бүгін.Болмаса 1 сағатта укулеледен сабақ үйретсей.Әйтпесе бір әуенді ойнай беріп ығырым шығып кетті.


ЗАҢҒАР
Жарайды,әкелші.


1 сағат өткен соң.


23.НАТ.ЖАТАҚХАНА ЖАҚТАҒЫ БАСПАЛДАҚ.ЗАҢҒАР.ДИЛЬНАЗ


ДИЛЬНАЗ
Қалайсың, Заңғар?


ЗАҢҒАР
Жақсы, өзің қалайсың?Бағанағыдай амандаспай кетеді ме деп едім.


ДИЛЬНАЗ
Қай жерде?


ЗАҢҒАР
Бағана,астында.


ДИЛЬНАЗ
Байқамай қалған шығармын.


Екеуі өз жолдарымен кетеді.


24.НАТ.ЖАТАҚХАНАҒА АПАРАР ЖОЛ.КҮНДІЗ.ГҮЛНАЗ.БЕЙТАНЫС ЖІГІТ.МАЛИКА


Малика жатақханаға беттеген жолда Гүлназ бен бейтаныс жігіттің сөйлесіп тұрғанын көреді.Жымиып,бірден телефонын қалтасынан алып,суретке түсіреді.Заңғарға жібереді.


25.ИНТ. ФАКУЛЬТЕТ.АУДИТОРИЯ.ЗАҢҒАР


Заңғарға инстаграм желісінен хабарлама келіп түседі. Телефонын қолына ал берген кезде оқытушыдан ескерту келеді.

ОҚЫТУШЫ
Студент,телефонды тастаңыз!


Санаулы уақыттан соң дәріс аяқталып,Заңғар заттарын жинастырып,жатақханаға беттейді.Жатақхананың алдына жеткен кезде Маликадан тағы хабарлама келеді.Алдыңғы жіберген хабарламаларды ашу керектігі Заңғардың есінен мүлде шығып кетіпті.Ашып қарайды.Суреттерді көрген кезде үстінен жай түскендей болады.Алдында тұрған студентті елемей қағып кетеді.


26.ИНТ.ЖАТАҚХАНА.ЗАҢҒАР.РУСЛАН.ДИЛЬНАЗ
Заңғар күңіреніп, баспалдақтың бірін басса бірін баспай асығыс көтеріліп келе жатқанда, әңгімелесіп тұрған Дильназ бен Русланды көреді.

27.ФЛЭШ-БЕК.НАТ.ЗАҢҒАР, РУСЛАН, ДИЛЬНАЗ


Дильназ Заңғармен сөйлесіп болып жатақханаға кетті. Заңғар баспалдақтан түсе бергенде Русланның иығынан байқаусызда қағып кетеді. Русланға Заңғардың ісі басқа қырынан көрінді.


РУСЛАН
Е балмұздақ, жайрақ кішкене.
ЗАҢҒАР
Кешіріңіз.
28.ИНТ.ЖАТАҚХАНА.401 БӨЛМЕ.ЗАҢҒАР.
Заңғар бөлмесінің есігін жұлқып ашып кіреді.Жан- жағын қиратты.Бір сәтке Дильназды ойлайды.Өзінің де шарасыз екенін түсінеді.Айналасына қарайды.Шашылып жатыр.Бұл іске өзі барғанына сене алмай,қапаланған күйі сыртқа шығып кетеді.Бой сергітуге төмен түсіп бара жатқан кезде Гүлназ бен бейтаныс жігітті көріп,жандарынан өтіп кетеді.

29.НАТ.ЖАТАҚХАНАНЫҢ АЛДЫ.ЗАҢҒАР.ДИЛЬНАЗ


Дильназ сабаққа кешігіп бара жатыр.Заңғар жатақхананың алдында тұрған самокаттың QR кодын сканерлеп,тебуге дайындап тұр.Дильназ Заңғардың жанына жақындайды.

ДИЛЬНАЗ


Сәлем,Заңғар

ЗАҢҒАР
Сәлем.


ДИЛЬНАЗ
Сабаққа шықтың ба?


ЗАҢҒАР
Иә,сабақ.


ДИЛЬНАЗ
Бірге барайықшы.Кешігіп бара жатыр едім.


ЗАҢҒАР
Жақсы.


Заңғар болған жайттар жайлы Дильназдан ашық сұраудан тартынады.Бірақ көңілінде хаяу қалдырғаны айдан анық.Ақырында сұраймын деген шешімге келеді.Мінгескен күйі сұрауға бекінеді.

ЗАҢҒАР
Дильназ,сен кеше кіммен сөйлесіп тұр едің?


ДИЛЬАНАЗ
Кешее…кешке ағаммен сөйлесіп тұрғанмын.3 курс оқиды.


ЗАҢҒАР
Түсінікті


ДИЛЬНАЗ
Оны неге сұрадың?


ЗАҢҒАР

Кеше көрдім.Ұзақ сөйлескен жоқсыңдар-ау, өзге жігітке шығып үлгердің ғой....

ДИЛЬНАЗ
Не деп кеттің сен? Тоқтатшы мынауыңды, қандай жігіт?


Дильназ мүлдем түсінбеген күйі Заңғардың көздеріне қарап тұрады.


ЗАҢҒАР
Кеше көрдім, Дильназ шыныңды айтшы тағы да көрмеген сыңай таныттың ғой?


Дильназ тіл қатпастан тез әрі ашулы күйі артына қарамай алға қарай беттей береді. Заңғар Дильназды қуып жетіп тоқтатып алды.

ДИЛЬНАЗ
Мен кешігіп бара жатырмын, соңымнан ермеші.


ЗАҢҒАР
Маған сенің тек мойындағаның керек. Сен, кеше кешкісін осы жерде бейтнасы жігіт пен сөйлесіп тұрдың ғой, өзің айтқандай «ағаң» мен сөйлесіп болған соң.


ДИЛЬНАЗ
Жоқ. Заңғар, енді не ойласаң да өзің біл.


Дильназ осы сәтте Заңғардың көздеріне назды кейіппен қарап тұрып, одан кешірім күткендей сәл тұрып факультетке беттейді. Заңғар сабаққа барғысы келмей жатақханаға оралуды жөн көреді.


р сабаққа барғысы келмей жатақханаға оралуды жөн көреді.

30.ИНТ. ЗАҢҒАРДЫҢ БӨЛМЕСІ. ЗАҢҒАР. МАЛИКА.


Заңғар бөлмесіне кіріп, тынығып алуды жөн санайды. Арада біршама уақыт өтті. Оны Маликаның дауысы оятады.


МАЛИКА
Заңғар, Заңғар іштесің бе? Кірсем бола ма?


Заңғар орынынан тұрып, бөлме есігін ашады.

МАЛИКА
Неге бүгін келмедің? Қызықты дәріс өтті. Асылбек ағай бізге журналдар таратып берді. Әдеттегідей мен сені ойлап, саған да аладым. Мә, ұста.


Заңғар күбірлеп


ЗАҢҒАР
Саған ал деген кім бар?


МАЛИКА
Не дейсің?


ЗАҢҒАР
Рақмет деймін.


МАЛИКА
Айтпақшы, бүгін Дильназдар өз қалаларына қайтпақшы. Айтуына қарағанда енді сол мекендегі универда оқиды екен. Қызық иә? Үйтіп ауысатыны бар неге келді оқуға.


ЗАҢҒАР
Ааа, Малика айтып болсаң мен журналдарды бір көріп шығайын.


Заңғар есікті жаба салып, телефонына қарайды. Сағат 21:56 Дильназ неге қайтайын деп жатыр деп ойлайды және Малика неге «Дильназдар» деп айтқанын түсіне алмады.


31.НАТ. Жатақхана алды. Бір топ гитара ұстаған студенттер. ДИЛЬНАЗ. ГҮЛНАЗ. РУСЛАН.МАЛИКА.


Студенттер гитара мен әртүрлі ән айтып тұрды. Бір көлік келіп тоқтайды, Гүлназ бірінші кіріп отырады. Ал, жүктерін Тимур тиеп жатыр екен. Заңғар сол сәтте бөлмесінің терезесінен төменге қарап, бақылайды. Ол Тимурды және Дильназды көреді. Екеуі қайтып бара жатыр екен деп топшылайды. Бір күрсініп орынына жатады.


32.ИНТ. Жатақхана. ЗАҢҒАР. ТИМУР.

Арада уақыт өтеді. Заңғар укулеледе Молданазардың «махаббатым» өлеңін айтып отырады. Бөлмені қағып Малика және Руслан кіреді.


МАЛИКА
Заңғар!

РУСЛАН
Заңғар, Дильназ мына журналды сенікі деді ме? Әйтеуір беруімді өтінді.


Заңғар үнсіз алды. Ол тіпті қызықпады да.


МАЛИКА
Заңғарчик кеттік серуендеп қайтамыз ба?


ЗАҢҒАР
Мені сыртта күт.


Заңғар Русланға қарап:


ЗАҢҒАР
Мен сізді Дильназ бен кетті деп ойлағанмын.

РУСЛАН
Мен қайда кетуім керек, қызықсың. Қайта қарындастарымның неге бұлай шешкенін түсінбедім.


Заңғар таңқалып


ЗАҢҒАР
Қарындастарым?
РУСЛАН
Иә, Заңғар. Дильназ және Гүлназ.

ЗАҢҒАР
Гүлназ?


РУСЛАН
Заңғар дұрыс түсініп тұрсың.


ЗАҢҒАР
Маған ол егізі бар екенін айтпаған....


33.ФЛЭШ-БЭК. НАТ. ГҮЛНАЗ. БЕЙТАНЫС ЖІГІТ. ЗАҢҒАР


Гүлназ және бейтаныс жігіт саябақта сөйлесіп тұр. Ал, Заңғар жәй қастарынан өтіп кетеді.

34.ФЛЭШ-БЭК.ИНТ. ЗАҢҒАР. ГҮЛНАЗ.


Заңғар жатақханаға кіреді. Гүлназ кілтті өткізіп шығып бара жатады. Заңғар амандасқанда Гүлназ үндемей кете береді.

35.ФЛЭШ-БЭК. ИНТ. ДӘРІСХАНА. ЗАҢҒАР:


Заңғарға Маликадан фото келеді. Суретте Гүлназ және тағы да бейтаныс жігіт.
СОҢЫ


.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет