Сегізтәсіл Тәжірибеңізден бір/екі мысал келтіріңіз



бет1/2
Дата03.04.2022
өлшемі66 Kb.
#137783
  1   2
Байланысты:
Тиімді оқыту . Тапсырма


1- тапсырма
Берілген сегіз тәсілге өз тәжірибеңізден мысал келтіріңіз



Сегізтәсіл

Тәжірибеңізден бір/екі мысал келтіріңіз

1.Белсенді оқу

Белсенді оқыту әдісіне мысал ретінде 6-кластың қазақ тілі пәні бойыншы «Қазақтың ұлттық ойындары» сабағында мен сабақтың жаңа тақырыбына дайындық кезінде «Конверттегі сұрақтар» әдісін қолдандым. Сыныптағы оқушылардың деңгейіне қарай деңгейлік сұрақтар дайындалды?
1. Қандай ұлттық ойын түрін білесіз?
2. Үйде теледидардан ұлттық ойын түрлерін тамашалайсыз ба? Болса қандай?
3. мектепте класс сағатында наурыз мерекесіне қандай ұлттық ойын түрін насихаттандыңыздар?
4. Көкпар ойыны туралы не білесіз?
5. Ұлттық ойындардың пайдасы қандай? т.б сұрақтарды бала деңгейіне қарай таратып, оқушылар ойын тыңдаймын. Сол арқылы бүгінгі күн тақырыбын шығарамыз.



2. Бірлескен оқу

Бұл әдісті көбірек пайдалану балалардың бір-бірімен жұмыс жасау қатынасын жақсартады. Әдебиет сабағының О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат»
Кейіпкерлер әлемі сабағында балаларды үш түрлі (сары, қызы, көк) маркерлерді таңдау арқылы топтарға бөліп А3 форматта қағаздар үлестірілді. Ортасына басты кейіпкерлер беріліп, шығармада осы кейіпкерлердің бейнесін ашатын үзінділерді тауып жазады.
1топ Ораш кейіпкер бейнесі
Топ Тортай кейіпкер бейнесі
Топ Аян кейіпке бейнесі



3. Саралау

Өткізілген тақырып бойынша өз пікірін дәлелдеп, бүгінгі деген сабаққа көзқарасын білдіріп, шешім шығару үшін кей сабақтарымда «попс» формуласы әдісін қолданамын.



4.Пәнаралық байланыс

6-кластың казақ тілі сабағында І тоқсанда «Қазақстанның қорықтары-табиғат байлығы» сабағын география пәнімен байланыстырдым. Қорықтар туралы толық мәлімет беріліп, карта арқылы қорықтардың орналасқан аумағын оқушылар картадан қарап, танысты.



5.Оқушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандыру

Өткізілген сабақ бойынша оқушылардың қажеттіліктерін
Қанағаттандыру үшін сабақтарда «СМС» әдісін қолданамын. Оқушылар
1.Сабақты өте жақсы түсіндім, мен үшін сабақ қызықты болды;
2.Мен сабақты жақсы түсіндім
3.Тақырып бойынша әлі де түсінуім керек.
Осы әдіс арқылы бүгінгі сабақ бойынша қай оқушының сабақта қай деңгейде түсінгенін бақылып, жұмыстар жүргізіледі.



6.Оқу диалогтері

Әдебиет сабағында үйге берілген тапсырма бойынша бір оқушыны шығарманың мазмұнын айтуға шығарып, оқушы мазмұндауды аяқтағаннан соң сол шығарма бойынша басқа балалар тақтадағы оқушыға сұрақтар қою арқылы диалогтер құрастырамыз



7.Электрондық оқу және жаңа
Технологияларды пайдалану

Қашықтан оқу кезінде бұл әдіс кеңірек қолданылды. Балалар оқу платформалары арқылы жаңа сабақты түсініп, өз бетінше ізденді. Бір мысал ретінде қашықтан оқу кезеңінде Онлайн мектеп платформасын пайдаландық. Бұл жере балалар жаңа тақырыпты игерді және өткен сабақ бойынша тапсырмаларды өздері ізденіп жасауға мүмкіндік болды.



8.Модельдеу

«Мен табиғат қамқоршысымын» жобасы Тапсырмалар үлкен плакатта орындалады. Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың санының азаю себебін санамалап жазып көр







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет