Қазақ халқы “үш бәйтерек” деп атап кеткен Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драмматург ретінде үлкен үлес қосты.Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан қаласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс-әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт-сенімдері кеңінен көрінеді. “Үш бәйтерек” ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты. Әдебиеттің “үш бәйтерек” өмірдегі өрнекті өнегелерімен халық жүрегіне жол тапты.
Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894-1938) Қарағанды облысы Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш класты училищеде оқыған.
Сейфуллин Сәкен - қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.
1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» деп аталған тұңғыш өлеңдер жинағын бастырып шығарған. Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болған. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берген. 1918 жылы «Жас қазақ марсельезасын» жазып, «Бақыт жолында» атты пьесасының беташар қойылымын көрсеткен.
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 1 мамырда бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( қазіргі Тадықорган облысы, Ақсу ауданы) туған.
Жансүгіров Ілияс – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор. Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды. Ескіше хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкерегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.
Бейімбет Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Майлин кеңшары) туған. Екі жасында әкесі қайтыс болып, күн көріс үшін шешесі бір байға сауыншылыққа жалданады. Жетілерге келгенде Бейімбеттің өзі де әлгі байдың қозы-лағын бағьш, соңынан ат-арбасына делбеші болады. Алуан түрлі аңыздар мен ел іші әңгімесін мол білетін, өмір тауқыметін әсерлі етіп өлеңге айналдыратын әжесі немересінің жасынан қисынды, қызық сөзге, әдебиетке зауықты больш өсуіне әсер етсе керек. Алғашында ауыл молдасынан оқып, қара таныған зерделі де орнықты бала өзі талпынып, сол ауылдағы татар мұғалімінен сабақ алады. Содан кейін 16—18 жастарында жақын жердегі Әбдірахман Арғынбаев деген кісінің медресесінде оқиды. Білімге құштар Бейімбет осымен тоқтап қалмай, 1913-1914 жылдары Троицкідегі “Уазифа” (“Міндет'') мектебін бітірген соң, 1914 жылы Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияға түседі. Онда әйгілі оқымыстылар, жазушылар Мәжит Ғафури, Ғалымжан Ибрагимов (бертінде — 90-жылдардың басында қайтыс болған) дәріс беретін. Әйгілі башқұрт жазушысы Сайфи Құдаш пен Мағжан Жұмабаев та осы медреседе қатарлас оқыған.
Шәкәрім Құдайбердіұлы– ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор....
Шәкәрім Құдайбердіұлы– ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абайдың замандасы, әрі інісі.Сонымен бірге, Абай негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы, әрі оның ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын кере білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Ш.Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға берілді де онда жеті жасына дейін оқыды.
Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының, Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11жұлдызында дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күңкеден туған. Абай екеуінің әкесі бір, шешелері бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсірді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез есін жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытты.
Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938 жж) XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды. Өмір жолы. Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі – уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады. Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады
Аймауытов Жүсіпбек (1889-1931)— қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.
Мағжан Жұмабайұлы– ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің көгінде жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі.
1893 жылы 25-маусымда Петропавл уезі Сарыайғыр болысы, Сасықкөл ауылында туған.Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді.Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Бірақ бұл оқу білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандырмайды.Ол оқу іздеп Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл-кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі.Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық жалынымен жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте-бірте ой есейгендігін танытып азаматтық лирикаға қарай ойысады.
XX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi — талантты қаламгер, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлы еді.
Аумалы-төкпелі заманда елдің болашағы үшін атқарған күреске толы кызметімен де, шығармашылық мұрасымен де ол халқына аяулы, еліне құрметті. Міржақып қоғамда да, әдебиетте де халқының тәуелсіздігін бірінші кезекке қойды. Өз шығармаларында туған елін оятуға ұмтылды. Алаш қозғалысының белсенді қайраткері болды.
Сол себепті де М. Дулатұлының есімі мен әдеби мұрасы туралы Кеңес өкіметі тұсында айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек Қазақстан өз тәуелсіздігін алған тұста ғана Міржақып халқына қайтьп оралды. Eciмі де, шығармашылық мұрасы да толық ақталды. 1991 жылы шығармалары жеке кітап болып оқырманға жетті. Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25-қарашада қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылында дүниеге келеді.
Әкесі Дулат өзіне жетерлік дәулеті, ескіше сауаты бар адам болады. Балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды.