Шақырылатын ұстаздар: Алпамыс ағай,Мырза апай



Дата09.10.2024
өлшемі21,13 Kb.
#205932
Байланысты:
сценарий


Шақырылатын ұстаздар:Алпамыс ағай,Мырза апай.
Ақ көйлек киген 0 сынып, 1 сынып оқушылармен есіктің алдынан күтіп алу. Уақытша кабинетке апарып орналастыру. Дайындалған кабинетке шақырылған ұстаздарды вальс биінің ырғағымен алып шығу. 1 айналдырып билету, тақылдаған оқушыларға бір сөз бір гүл беретіндей орындыққа жеткенше тұрғызып кою. Екі жақтан
«Ардақты,
Аяулы
Білім беруде
Тәрбиелеуде
Өз уақытын
Бар білгенін сарп еткен
Болашаққа
Келешекке нұр сепкен
Алпамыс ағай
Мырзагүл апай
Сіздерге арналған кездесу кешімізге
Хормен «Қош келдіңіздер!»
Ортада: көркемсөз оқылады. «Ардагерлерге арнау»,
Ардагерлер отырған соң ортаға жүргізушілер шығады:
1-жүргізуші:
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.

2-жүргізуші:


Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Хор: «Ұстазым» орындайтын ұстаздар





  1. жүргізуші: Ұстаз! Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Барша ұстаздарымызды кәсіби мерекемізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!

  2. жүргізуші: Бүгінгі «Сыр сұхбат» кездесуінің кейіпкерлері, қонақтарымыз — шәкірттердің шуақ шашқан күніндей ардақты жан, мұғалім атты қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықты таңдағаннан бастап, сан мыңдаған жас ұрпақтың болашақ пен жалғастырар алтын көпіріне айналған ардагер ұстаздарымыз.




  1. жүргізуші: Ендеше ардақты жандардың абыройлы еңбек жолынан сыр шертетін керемет кездесуді ашық әңгімемен жалғастырсақ.

Сұрақтар:



  1. Сіз бақытты адамсыз ба?

  2. Ең алғашқы шәкіртіңіз нешеде?

  3. Көркем әдебиеттен бір шығарма оқып берсеңіз?

1-жүргізуші:


Ұстаздарым, биік тұлға, байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Абзал жандар құттықтаймыз баршаңды!



  1. Жүргізуші:

Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулықтары мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерді
Ардақтылар, төл мереке құтты болсын!

Ән: орыс әні


1-жүргізуші: Ұстаздар кім болуды армандамайды?
2-жүргізуші: Сен де қызық екенсің? Қазақ сұрқтар қояды екенсің? Армансыз адам болады ма?
1-жүргізуші: Сен мені түсінбедің, менің айтайын дегенім басқа.
Ұстазда бастық болуды армандамайды. Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, арнайы жұмыс үсталі, қарамағында 25-30 оқушы мен ата-ана бар, бастық емей немене?
2-жүргізуші: Ұстаздар сот болуды армандамайды. Ұрыс – төбелес жөнінде балалардың дауын да, ата-ана дауын да өзі шешіп отырады. Ал енді сот демей өріңіздерші.
1-жүргізуші: яяяя, дұрыс айтасың. Жазушыларға келер болсақ, тіпті мен деген жазушыларыңыздың өзі мұғалім секілді күнде жазуға отырмас. Ұстазды жазушы демей көріңізші.
2-жүргізуші: ОООО, бір адамның бойында қанша мамандық жатыр. Енді осы қатарды әртістік өнермен толықтыруға ешкім қарсы болмас, сірә?
1-жүргізуші: Әр мұғалім өз сабағының шебері, режисеры, әртісі де өзі., көбінесе бсты рөлде ойнайды.

Көріністер.


1-жүргізуші: Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық- ұлы құрмет Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да,еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ әкелген аналарды қалай ардақтасақ, ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз»» деген екен.


2-жүргізуші:
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
1-жүрізуші:
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
2-жүргізуші:
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын


Көркемсөз «Ұстаз деген кім осы»
1-жүргізуші:Құрметті Алпамыс ағай, Мырза апай, сіздердің ұзақ жылдар бойы үздіксіз еткен зор еңбектеріңіз-саналы ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше,кейінгі жас буынға үлгі-өнеге болды.Сондықтан сол талғаусыз еңбектің жемісі ретіндегі бүгінгі зейнет демалыстарыңыздағы ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңыз молынан болып,немере-шөберенің қызығына тоймай ақ жаулықты Ана бақытына бөленулеріңізді тілейміз! Жүздеріңіз күндей күлімдеп, жүректеріңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жандарыңыз шаттыққа кенелсін демекпіз.
Бәрі сахнаға шығып хормен «Біз сіздерді жақсы көреміз!»

Көрініс


Ән
1,2 Жүргізуші:Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!
Бірінші жыр
Болғаннан соң өр талабы, ақылы,
Барған болар ерлікке де батылы.
Майдан емес, қолға қару ұстаған,
Мынау тыныш, бейбіт күннің Батыры!
Мөлдіретіп шайқалмаған сезімін,
Шындай түсті, ширықтырып төзімін.
Үлкен жүрек керек шығар оған да,
Баласындай сүю үшін өзінің.
Өтті күндер, өтті жылдар жылыстап,
Асыл арман кеудесінде тыныстап.
Талай рет туған жерді қар қымтап,
Талай рет гүлге оранды күміс бақ...
Санамады ол өткен асыл уақытты,
Адам кейде сонысымен бақытты.
Нәзік жүрек тынбай қағып қанатын,
Талай белең, талай кезең асыпты...
Екінші жыр
Адам болып келгеннен соң өмірге,
Бар ғой қақың, ізденуге сенің де.
Қанша ма ұрпақ, ұқсамайтын мінездер —
Қара шашты ағартуың тегін бе?!.
Бәлкім, сенің жоқ та шығар бір қайғың
Қайда барсаң, қарсы алады сырнайлы үн.
Кешегі ұстаз, бүгін Батыр, ел сүйген,
Келе бермес кез келгенге мұндай күн!
Жалындады ойлы, сергек жүрегің,
Ұйқысыз сан түндер кештің білемін.
Сая болдың, жапырағың жайқалды,
Балауса едің, үлбіреген гүл едің.
Қанат қақты шәкірттерің қияға,
Қуанышың құшағыңа сыя ма.
Солар үшін қолыңменен от көсіп...
Ана, дана, Батыр дейді, балалар,
Ондай қамқор, мейірбан жан жоқ десіп.
Үшінші жыр
Ұқсап бір жайлап атқан қыр таңына,
Айналып, айта жүрер жыр сазына.
Жарасқан туған елге парасаты,
Ортада жүр ғой әне, Нұртазина.
Ашылған нәзік, көркем гүл өңіндей,
Ұстаздың бар ма жақсы жүрегіндей.
Озаттар саны да артты жылдан-жылға,
Сарылып көптен күткен тілегінде.
Шәкіртке жол көрсетер терең-сергек,
Қаншама ұстаздар бар, өмірге өрнек.
Мен бүгін қуаныштан жыр жазамын,
Көңілді сонша шексіз алғыс тербеп.
Ең биік өмір дейтін асып қырдан,
Арман, мақсат, ойлары асықтырған.
Білім — бастау, ұрпағын сусындатып,
Ұстаз ғой, ел мерейін тасыттырған.
Халық саған көңілдің төрін берген,
Шаршамай астың Реке, өзің де өрден.
Тұрады ол қаншама сенімдерден,
Махаббат, мейір, асқақ сезімдерден.
Бағалап, халық сүйіп Батыр деген,
Батырлықтың негізі жатыр терең!..
Шарықтап, шабыттанып, аяулы әпке,
Өсіре бер өзіңдей батыл өрен!
Қаншама рет қалам тартсам қасымда,
Сен тұрасың жүрегімнің басында,
Сен өзімнің өміріме кіргенсің
Сонау-сонау сегіз-тоғыз жасымда.
Қаламға бір, саған да бір қараймын,
Жақсы атымды, мақсатымды санаймын,
Барлық тәуір күндерімде сен барсың,
Жүздерінде сан жыл менен сан айдың.
Мен біреуді қадірлесем, сыйласам,
Адал дос пен азаматты жинасам,
Не бір ұлы биік-биік мінбеде
Сөз сөйлесем, шешендерді тыңдасам.
Бәрінде де сенің даусың, үнің бар,
Сенің жаның, сенің тәтті тілің бар,
Өн бойында осынау бір өмірдің
Өзің берген парасат пен білім бар.
Ол болмаса - сенің де атың өшкені,
Жүрегіңнен махаббаттың көшкені,
Уа, мұғалім, өз бетіңе тік қарап,
Сәл ірілеу кетіп қалсам, кеш мені!
Дауыстаман: мен сүйемін сені! - деп,
Қасыма кеп, дәптеріме төніп өт,
Онда сенің, сенің ғана атың бар
Бала күннен көп жаттаған көкірек.
Сені жазбай ешбір сабыр жоқ маған
Күнім де жоқ есіміңе соқпаған,
Сонау Ұлы Ыбырайдан бір бастап,
Мен қазіргі Мақатқа1 кеп тоқтағам.
Сонда-сонда көңіл адал, жан ізгі,
Өтеу еді шәкірт болған қарызды,
Әлі күнге ылғи класс ішінде
Менің өмірім оқып жүрген тәрізді.
Бұл Қоғамның, бұл қауымның көзінше,
Сәл қисайып, осалдығым сезілсе,
Сен қарады-ау, сен қиналып қалды-ау деп,
Кешу сұрап, күбірлеймін өзімше.
Асыл жандар, мұғалімдер, ұстаздар,
Шын шеберлер, өнерпаздар, іспаздар,
Әр шәкірттің кеудесінде бір ту бар,
Сол бір туды жығып алмай ұстаңдар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет