Шаншуға арналған ерітінділер сипаттамасы



Дата25.12.2023
өлшемі35,49 Kb.
#199241
Байланысты:
фарм тех бакылау
Монғол шапқыншылығы кезіндегі Қазақстан Дәріс, journal2017-06-0728607, sagyndykova ba. anabaeva rm

Шаншуға арналған ерітінділер сипаттамасы
Шаншуға арналған дәрілік түрлер ағзаға шприц арқылы тері немесе кілегей қабаттарын бүтіндігін (іnjectіo-впрыскивание) бұзу арқылы енгізілетін дәрілік түрлердің ерекше тобына жатады. Көлемі 100 мл және одан көп болатын шаншуға арналған ерітінділер инфузиялық (лат. іnfusіo - құю) деп аталады.
Көз жағар майларына қандай талаптар қойылады? Көз жағар майларында қолданылатын негіздер және оларды стерильдеу жолдары
1)көз конъюнктивін жарақаттайтын, өткір ұштары бар қатты бөлшектер болмауы; - ылғал кілегей қабатта жеңіл және өз бетінше таралуы қажет; - жағар майдың рН мәні көз жасы сұйықтығының рН мәніне сай болуы, басқа жағдайда жас ағып, дәрі тез жуылып кетеді; - көз жағар майлары өте жоғары сапалы негізде дайындалуы және қатты фазасы өте майда дисперсиялы болуы керек.
2) Асептикалық жағдайда сақталып және стерильді тубаларға салынған көз жағар майлары, микробтық контаминацияға (1 г 100 микроб клеткалары) ұшырамайды. Бірақ үнемі қолданғанда көз жағар майы микробтармен ластануы мүмкін. Сондықтан жағар майларға көз тамшылары сияқты консервантар қолдану орынды. Бұл мақсатта бензалконий хлориді 1:1000, нипагин және нипазолдың қоспасы нипагин 0,12%, нипазол 0,02%, сорбин қышқылы (0,1 - 0,2%) және басқа медицинада қолдануға рұқсат етілген консервантар ұсынылған. Көз жағар майының рецептурасы әр түрлі. Негізінен бұл екі фазалы және одан көп күрделі дисперсті жүйе. Құрамында антибиотиктер, сульфаниламидтер бар, сынап тотығымен көз жағар майлары жиі кездеседі. Қолдану мақсаты әр түрлі (дезинфекциялау, ауырусыздандыру, көз қарашығын ұлғайту және кішірейту, көз іші қысымын төмендету) болады.
Құрамында антибиотиктер бар жағар майлар технологиясының ерекшеліктері
Антибиотиктер, басқа дәрілік заттардан айырмашылығы, физикахимиялық қасиеттерінің ерекшіліктерінде: сақтау мерзімі қысқа, қышқыл әсеріне сезімтал (әсіресе пенициллин), жартылай ыдырау периоды қысқа, көптеген қосымша заттармен әрекеттеседі, суда қиын ериді (кейбір антибиотиктердің сулы ерітінділері толық тұрақты емес), термолабильді (оларды термиялық стерильдеуге болмайды). Көрсетілген қасиеттер құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлердің технологиясына елеулі әсер етеді. Сондықтан антибиотиктердің физикахимиялық және фармакологиялық қасиеттерін және олар өзінің белсенділігін сақтайтын жағдайларды білу керек.
Шаншуға арналған ерітінділер енгізу жолдарына байланысты қалай жіктеледі?
Дәрілік препараттарды енгізу жеріне байланысты инъекцияның әр түрі (тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, қан тамырға, жұлын-милы, ми сауыт ішілік, құрсақ ішілік, плевра ішілік, буын ішілік) қолданылады. Тері ішілік (іnjectіones іn tracutaneae) инъекция. Инъекцияның бұл тәсілінде ине тек эпидермисті тесу арқылы сұйықтық (0,2-0,5 мл) эпидермис пен дерма арасындағы кеңістікке енгізіледі. Тері астылық инъекция (іnjеctіones subcutaneae). Ерітінділер 1-2 мл көлемде тері асты клетчаткаға енгізіледі. Тері астына сулы және майлы ерітінділер, сонымен қатар суспензиялар және эмульсиялар енгізіледі. Бұлшық етке енгізілетін инъекция (іnjеctіones іntramusculares). Сұйықтық (1-2 мл) қалың бұлшық етке енгізіледі. Кей жағдайларда 50 мл-ге дейін сұйықтық енгізіледі. Сулы, майлы, суспензиялар және эмульсиялар түрінде енгізіледі. Қан тамырына енгізілетін инъекция. Қан тамырына енгізілетін (іnjеctіones іntravenosae) және артерияға енгізілетін (іnjеctіones іntraartherіeales) инъекциялар жатады. Бұл кезде ерітінді күре тамырға (жиі шынтақ) немесе артерияға (сан, иық, ұйқы) енгізіледі. Бұл жағдайда дәрілік заттың әсері тез (1-2 секунд) көрсетіледі. Инъекцияны қан тамырына енгізу тәсілі қанға өте көп мөлшерде сұйықтық енгізуге мүмкіндік береді. Мысалы, физиологиялық ерітінділер кейде үш литрге дейін енгізіледі. Қан тамырларына қанмен жақсы араласатын тек сулы ерітінділерді енгізуге болады. Жұлын-милы инъекция (іnjеctіones іntraarachnoіdales, cerebrospіnales, endolumbales). Ерітінді ІІІ және ІV бел омыртқа арасындағы омыртқа каналының субарахноидалды және перидуальды кеңістікке енгізіледі. Бұл 382 тәсілмен негізіне жансыздандыратын дәрілер және антибиотиктер енгізіледі. Жұлын-милы инъекцияларда рН мәні 5-тен төмен емес 8-ден жоғары болмайтын нағыз ерітінділер енгізіледі. Жұлын-милы инъекцияларды тәжірибелі дәрігер-хирург жүргізеді. Мисауыт ішілік инъекция (іnjеctіones suboccіpіtales). Дәрілік зат лезде әсер етеді. Нейтралды реакциялы нағыз ерітінділер (1-2 мл) енгізіледі. Сирегірек инъекцияның басқа түрлері: сүйек ішілік, буын ішілік, плевра ішілік, құрсақ ішілік және т.б. қолданылады. Дәрілік заттардың инъекция түрінде енгізілуі жалпы танылған және кеңінен қолданылатындығы олардың бірқатар артықшылықтарына байланысты
Шаншуға арналған ерітінділер мен көз тамшыларын сапасын бағалау көрсеткіштері бойынша салыстырыңыздар.
Көз тамшыларының технологиясында қандай жағдайда концентрлі ерітінділер қолданылады? Олардың дайындалу және сақталу шарттары.
Сулы ерітінділер, пилюлялар, шаншуға арналған ерітінділер және көз тамшылары технологиясын сипаттағанда жағымсыз тотығу-тотықсыздану реакцияларының жүру мүмкіндігі көрсетілген болатын. Калий перманганаты және күміс нитраты ерітінділерін мақта немесе қағаз арқылы емес, шыны фильтр арқылы фильтрлеу қажет.
Шаншуға арналған ерітінділердің дәрілік түр ретінде қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар?
Шаншуға арналған дәрілік түрлердің артылықшықтары: - тез терапевтік әсер көрсетеді; - дәрілік зат дәл дозаланады; - енгізілетін дәрілік заттар бірден қанға түседі. Дәрілік заттарды өзгертіп, кейде тіпті бұзатын асқазан-ішек жолдары, бауыр сияқты ағзаның қорғаныс барьерлерінен өтпейді; - ес-түссіз жағдайындағы науқасқа дәрілік затты енгізуге мүмкіндік береді; - жағымсыз иісі мен дәміне және асқазан-ішек жолдарын тітіркендіруіне байланысты жағдайларды болдырмайды; - қанды көп жоғалтқан кезде, оны сұйықтықтарымен алмастыру мүмкіндігі (қан алмастырғыштармен). Шаншуға арналған дәрілердің кемшіліктері: - инфекция енгізу қаупі; - шприц инесімен ұлпаны жарақаттану нәтижесінде ауырсынуы, осмостық қысымының өзгертуі, рН-мәнінің ауытқуы және т.б; - майда қан тамырларының қатты заттармен немесе ауа көпіршіктермен бекітілу қаупі - эмболия; - дәрілік затты ағзаға енгізу үшін арнайы білімі бар медициналық қызметкердің қажеттігі. Шаншуға арналған ерітінді
Беттік активті заттардың тұрақтандырғыштық механизмі қандай?
Жоғары молекулалы қосылыстар - беттік активті заттар коллоидты бөлшектердің бетіне адсорбцияланып, беттік энергияның төмендеуіне әсер етіп коллоидты жүйені тұрақтандырады. ЖМҚ макромолекуласымен қорғалуы нәтижесінде, гидрофобты коллоидтар практикада жоғары бағаланатын жаңа қасиетке - тұрақтылыққа ие болады
Көз тамшыларын механикалық қоспалардан қалай тазартады?
Көз тамшыларында механикалық қоспалардың болмауын қамтамасыз ету. Көзге арналған ерітінділердің механикалық қоспамен ластануы көздің кілегей қабығын қатты тітіркендіреді, механикалық қоспалардан көзге арналған ерітінділерді (N 3) шыны фильтр, қағаз немесе мембранды фильтрлер арқылы сүзеді
Шаншуға арналған ерітінділерге қойылатын талаптар қандай?
Дәрілік заттарға қойылатын талаптар. Шаншуға арналған ерітінділер МФ, УФМ, ГОСТ талаптарына жауап беретін квалификациясы химиялық таза. (х.т) және талдау үшін таза (т.ү.т.) дәрілік заттардан дайындалады. Глюкоза, натрий хлориді, натрий гидрокарбонаты, калий хлориді, кальций хлориді, новокаин және т.б. субстанциялардың микробтық ластануын зерттеген кезде келесі жағдайлар анықталды: глюкозаның, зерттелінетін үлгілерінің 20-ның ішіндегі 10-үлгісінде микроорганизм мөлшері 1 г ұнтаққа 10 бактериядан аспады, 1-үлгісінде 110 бактериялар (оның ішінде тек 10 теріс), қалған 9-үлгісінде 1 г ұнтақта бактериялар мөлшері 15-тен 40 аралығында болды. Орташа алғанда, зерттелінетін субстанциялардың 1 г ұнтағында микроорганизм саны 10 аспайды. Осыған байланысты, дәріханада инфузиялық ерітінділер дайындау үшін қолданылатын бір қатар субстанциялардың ластануы - өмір суруге қабілетті граммтеріс микроорганизмдердің мөлшері, құрамы бойынша зерттелінетін заттар инфузиялық ерітінділер пирогендігіне қауіп тудырмайды. Бірақ инфузиялық ерітінділерді дайындау процесінде оларды суда, ауада, құрал-жабдықтарда, қондырғыштарда және әртүрлі беттердегі микроорганизмдермен ластану қаупі бар.
Жеңіл тотығатын заттар ерітінділерін тұрақтандырудың қандай жолдары бар? Мысал келтіріңіздер.
адреналин гидрохлориді, адреналин гидротартраты, норадреналин гидротартраты, 1 л ерітіндіге 1 г натрий метабисульфитін қосып тұрақтандырады;
– 5% аскорбин қышқылының ерітіндісіне 2 г сусыз натрий сульфитін немесе 1 г натрий метабисульфитін қосып тұрақтандырады. Аскорбин қышқылының ерітіндісі қышқылды орта (рН 2,6 - 2,8) болғандықтан және енгізген кезде ауыртатындықтан, нейтралдау үшін 1 л 23,85 г мөлшерде натрий гидрокарбонатын қосады;
– фенотиазин туындылары - аминазин, дипразин, имизин және пропазин, 1 л ерітіндісіне 1 г натрий сульфитін, 1 г натрий метабисульфитін, 2 г аскорбин қышқылын қосып тұрақтандырады;
Көз тамшылары мен көзге арналған ерітінділердің сапасын бағалау.
Көзге арналған дәрілік түрлердің сапасын бағалау. Көз тамшылары мен көзге арналған ерітінділердің сапасын қамтамасыз ету құралдары мен тәсілдерінің қазіргі кездегі көрсеткіштері 24 кестеде көрсетілген.
Дәріханаларда шаншуға арналған су қалай алынады?
1 әдіс. Әр партиядан бақылауға алынған 5 флаконды 2 рет ағынды сумен, толтырып, тығындап, бу стерилизаторында (автоклав 121 0С температурада, 1,1 атм.) 30 минут немесе 100 0С температурада 1 сағат стерильдейді. Суыған соң бастапқы тазартылған судың рН мәнін анықтайды. Егер ауытқу 1,7-ден жоғары болса, онда шыны сілтілі және ыдыстардың барлық партиясын жуып болған соң өңдейді.
2 әдіс. Бақылауға алынған 5 флаконды жоғарыда көрсетілгендей жуып, оның 3/4 көлемін метил-қызылдың қышқылы ерітіндісімен толтырып, бу стерилизаторында (автоклавта) стерильдейді. Егер стерилденген соң ерітінді түсі қызылдан сарыға өзгерсе, онда шыны сілтілі және ыдыстарды жуып болған соң өңдеу қажет
Антиоксидантар әсерінің негізгі механизмі қандай?
Антиоксидантардың тұрақтандыру механизмі күрделі және олар антиоксидантардың және дәрілік заттардың табиғатына, сонымен қатар ерітіндідегі ауыр металдардың микроқоспаларына да байланысты. Ең тиімді антиоксидантар - гидроасқынтотықтарды бұзатын заттар. Олар тотығудың тізбекті процессін тоқтатпайды, тізбектің тармақталу жылдамдығын төмендете отырып, тотығу процессін тежейді. Оларға күкіртті қышқыл тұздары және күкірттің органикалық қосылыстары жатады. Реакция келесі схема бойынша жүреді: ROOH + R  SR   ROH + R  2 SO ROOH + R  2 SO  OH + R  2 SO
Көзге арналған ерітінділерді тұрақтандырудың қандай жолдары бар?
Жылумен стерильдеу кезінде гидролиз, сабындану, дәрілік заттардың тотығуы реакцияларының жылдамдығы артады. Сондықтан көптеген көз тамшыларын тұрақтандырады. Шаншуға арналған ерітінділердегідей, шартты түрде, тұрақтандыруды қажет ететін көзге арналған ерітінділерді үш топқа бөледі: әлсіз негізбен және күшті қышқылдан тұратын тұздар, күшті негізден және әлсіз қышқылдан түзілген тұздар, жеңіл тотығатын заттар.
Шаншуға арналған дәрілік түрлерде қандай дисперстік орталар қолданылады?
Шаншуға арналған ертінділерде сұйық дисперстік орта (ерткіш) ретінде шаншуға арналған су, бейсу еріткіштер қолданылады. Олар нормативті құжаттардың талаптарына жауап беруі керек. МФ XІ басылымына сәйкес шаншуға (инъекцияға) арналған су, тазартылған суға қойылатын талаптарға жауап беруі және апирогенді болуы керек. Шаншуға арналған суды асептикалық жағдайда ҚР Ұлттық экономика министрінің 19 наурыздағы 2015 жылғы № 232 «Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес алынады. Шаншуға арналған суды алу асептикалық блоктың дистилляциялық бөлмесінде жүргізіледі. Ол бөлмеде қосымша, суды дистилляциялаудан, басқа жұмыстарды жүргізуге болмайды.
Глюкоза ерітіндісін тұрақтандыру қалай жүргізіледі?
Стерильдеу кезінде глюкоза ерітінділері, әсіресе сілтілі шыныда, тотығады және карамелизицияланады. Бұл кезде ерітінді сары түске боялады. Глюкоза ерітінділерін тұрақтандыру үшін оның полифункционалды қасиетін ескеру қажет. Сілтілі ортада глюкоза тұрақсыз, оттегі әсерінен оксиқышқылдар: гликоль, левулин, құмырсқа және басқа қышқылдар және оксиметилфурфурол түзіледі. Бұл процестерді болдырмау үшін глюкоза ерітінділерін МФ XІ басылымына сәйкес 1 л ерітіндіге 0,26 г натрий хлоридін және 0,1 н хлорсутек қышқылынан рН мәні 3,0-4,0 болғанға дейін қосып тұрақтандырады.
Құрамында антибиотиктер бар дәрілік түрлердің сапасын бағалау
Дайындалған көз тамшыларының, суппозиторийлердің, ұнтақтардың, жағар майлардың сапасы жалпы талаптар бойынша жүргізіледі: құжаттарды (рецепт, бақылау паспорты), безендіруді, буып-түюді, түсін, иісін, механикалық қоспалардың болмауын, біркелкілігін (суспензиялық жағар майлар), көлемінен (ерітінділер) немесе салмағынан (жағар майлар, суппозиторийлер, ұнтақтар) ауытқуларын тексереді
Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар ерітінділерін тұрақтандырудың қандай жолдары бар? Мысал келтіріңіздер.
Гидролиз нәтижесінде аз диссоциацияланатын әлсіз негіз және әлсіз қышқыл молекулалары түзіледі, сондықтан гидролиз жоғарыдағы жағдайларға қарағанда толығырақ жүріп, реакция нейтралды болады: ВА + НОН ВОН + НА Мұндай тұздар гидролизін болдырмау тек ББЗ қосу арқылы мүмкін болады, өте сирек кездеседі. 397 Шаншуға арналған ерітінділердегі дәрілік заттардың ыдырауы тотығутотықсыздану реакциялары есебінен де жүреді.
Көз тамшылары мен көзге басуға арналған ерітінділердің стерильділігін қалай қамтамасыз етеді?
Көптеген көз тамшылары инстилляциялау кезінде қолайсыз сезім, әдебиеттерде көрсетілгендей, дискомфортты құбылыстар, көзге арналған ерітінділердің осмостық қысымы және pH мәнінің көз жасы сұйығының мәндеріне сәйкес келмегенімен түсіндіріледі. Көз жасы сұйықтығының осмостық қысымы нормада, қан плазмасының және (0,9 %) натрий хлориді ерітіндісің осмостық қысымына сәйкес. Сондықтан көзге арналған ерітінділердің де осмостық қысымы сондай болуы тиіс. Бірақ, егер көз тамшыларының осмостық қысымы натрий хлориді ерітіндісінің концентрациясы 0,7 % тен 1,1 % дейінгі концентрациясының осмостық қысымына сәйкес келетін болса, онда олардың қолайсыз сезім тудырмайтындығы іс жүзінде дәлелденген, көз тамшылары шамамен изотонды.
Жоғары және төмен концентрациялы новокаин ерітіндісін тұрақтандырудың ерекшеліктері неде?
Новокаиннің 5 және 10% ерітінділерін тұрақтандыру үшін ерітінді 0,1 моль/л хлорсутек қышқылымен рН мәнін 3,8 - 4,5 дейін жеткізу жеткіліксіз, себебі стерильдеу кезінде новокаиннің интенсивті тотығу процесі жүреді. Сондықтан антиоксиданттар қолданылады. Мысалы, оториноларингологиялық іс-тәжірибеде қолданылатын 10% новокаиннің ерітінділері келесі құрам бойынша дайындалады: Новокаин 50 г, 100 г Натрий метабисульфит немесе калий метабисульфит 3 г Лимон қышқылы 0,2 г Хлорсутек қышқылы 0,1 моль/л ерітіндісі - 10 мл Шаншуға арналған су 1 л дейін Ерітіндінің рН мәні 3,8 - 4,5 Ерітінді 120+2 0С температурада 8-15 минут стерильденеді.Жұлын-ми ішілік анестезияға арналған 5% новокаин ерітіндісі асептикалық жағдайда тұрақтандырусыз дайындалады. Ол үшін новокаин ұнтағын 120  2 0С температурада 2 сағат стерильдейді. Ерітіндінің рН мәні 5,0- 5,3 тең. 5% новокаин ерітіндісіне қышқыл қосқан кезде оның анестезирлеуші қасиеті төмендейді.
Қан алмастырушы ерітінділер қанша топқа бөлінеді? Әр топқа сипаттама беріңіздер.

  1. Дезинтоксикациялық қан алмастырғыштар. Гемодез. Су-тұзды ерітінді, құрамында 6% төмен молекулалы поливинилпирролидон - ПВП бар.

  2. Оттегі тасымалдау қасиеті бар қан алмастырғыштар. Механикалық және термиялық жарақаттар салдарынан қан жоғалғанда, есенгіреу дамуынан ағзада барлық мүшелер мен жүйелердің функциясының өзгергендігі байқалады. Соның ішінде, гипоксия және ағзаның интоксикациясы ерекше орын алады. Қазіргі заманғы трансфузиологияның маңызды міндеттерінің бірі – оттегіні тасымалдау, қан жоғалғанда және шокта қан тамырлар арнасындағы эритроциттер мөлшерінің орнын толтыратын қабілеті бар, қан алмастырғыштарды жасау

  3. Комплексті әсерлі қан алмастырғыштар. Комплексті әсерлі қан алмастырғыштар науқасқа енгізер алдында жоғарыда көрсетілген ерітінділер, науқастың көрсеткіштері бойынша құрастырылады.



  • Су-тұз және қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті реттеуші ерітінділер (натрий хлоридінің изотонды ерітіндісі, Рингер ерітіндісі, Рингер-Локк, лактасоль, ацесоль, дисоль, трисоль, хлосоль, квартасоль және т.б.).

  • Гемодинамикалық ерітінділерге (есеңгіреуге (шокқа) қарсы қан алмастырғыштар, полиглюкин, реополиглюкин, желатиноль, декстран). Пайда болуы әртүрлі есеңгіреулерді емдеу және бұзылған гемодинамиканы, соның ішінде микроциркуляцияны қалпына келтіру үшін белгілейді.

  • Дезинтоксикациялық қан алмастырғыштар (гемодез, полидез). Этиологиясы әртүрлі улануларда токсиндерді шығаруға ықпал етеді.

  • Парентеральды қоректендіруге арналған препараттар (гидролизин, аминопептид, полиамин). Мүшелер мен ұлпаларға қоректік заттарды жеткізу үшін, ағзаны энергетикалық қормен қамтамасыз етеді.

  • Оттегі тасымалдау қасиеті бар қан алмастырғыштар. Қанның тыныс алу функциясын қалпына келтіруге арналған.

  • Комплексті әсерлі қан алмастырғыштар. Құрамына плазма алмастырғыш ерітінділердің бірнеше топтары кіретін, кең спектрлі ерітінділер

Рецептіде антибиотиктің мөлшері көрсетілмеген жағдайда пенициллин жағар майын қандай концентрацияда дайындайды?
Пенициллин асқазандағы тұз қышқылымен бұзылады, сондықтан оны пероральды қолданған кезде қанда қажетті концентрациясын алу үшін, оның мөлшері бұлшық етке енгізілетін мөлшерімен салыстырғанда шамамен 5 есе көп болуы керек. Микстуралар. Кей жағдайда, егер инъекция салу мүмкін болмаса, балаларға бензилпенициллин микстурасын, антацидті әсер көрсететін, натрий цитратымен бірге белгілейді. Капсулалар. Пенициллиндерді ішуге, сонымен қатар қатты желатинді капсулада натрий цитратымен бірге белгілейді
Шаншуға арналған ерітінділерде қолданылатын дәрілік заттарға қойылатын талаптар?
Шаншуға арналған ерітінділер МФ, УФМ, ГОСТ талаптарына жауап беретін квалификациясы химиялық таза. (х.т) және талдау үшін таза (т.ү.т.) дәрілік заттардан дайындалады. Глюкоза, натрий хлориді, натрий гидрокарбонаты, калий хлориді, кальций хлориді, новокаин және т.б. субстанциялардың микробтық ластануын зерттеген кезде келесі жағдайлар анықталды: глюкозаның, зерттелінетін үлгілерінің 20-ның ішіндегі 10-үлгісінде микроорганизм мөлшері 1 г ұнтаққа 10 бактериядан аспады, 1-үлгісінде 110 бактериялар (оның ішінде тек 10 теріс), қалған 9-үлгісінде 1 г ұнтақта бактериялар мөлшері 15-тен 40 аралығында болды. Орташа алғанда, зерттелінетін субстанциялардың 1 г ұнтағында микроорганизм саны 10 аспайды. Осыған байланысты, дәріханада инфузиялық ерітінділер дайындау үшін қолданылатын бір қатар субстанциялардың ластануы - өмір суруге қабілетті граммтеріс микроорганизмдердің мөлшері, құрамы бойынша зерттелінетін заттар инфузиялық ерітінділер пирогендігіне қауіп тудырмайды. Бірақ инфузиялық ерітінділерді дайындау процесінде оларды суда, ауада, құрал-жабдықтарда, қондырғыштарда және әртүрлі беттердегі микроорганизмдермен ластану қаупі бар.
Термолабильді заттармен шаншуға арналған ерітінділерді дайындау жолдары
термолабильді заттар ерітінділерін жылумен стерильдеусіз асептикалық жағдайда дайындайды. Бұл топқа жататын ерітінділер: акрихин, барбамил, натрий барбиталы, гексаметилентетрамин, физостигмин салицилаты, апоморфин гидрохлориді, 12% эуфиллин ерітінділері; - шаншуға арналған термолабильді заттардың ерітінділерін МФ Х 992 бет басылым көрсетілген бойынша консервантар қосу арқылы дайындауға да болады. Ол үшін ерітінділерге 0,5% фенол немесе 0,3% трикрезол қосып, құтыны суға салып, 80 0С температурада 30 минут ұстайды; 403 - кейбір заттардың бактерицидті антисептикалық қасиеттері болғандықтан, асептикалық жағдайда, жаңа қайнатылған шаншуға арналған суда дайындап, стерильдемейді. Оларға фенотиазин туындылары жатады: аминазин, дипразин, имизин ерітінділері
Дәрілік заттар негізге қалай енгізіледі? Дерматологиялық және көз жағар майлары технологиясының ұқсастығы неде?
Дәрілік заттар негізге дерматологиялық жағар майлардағы секілді жалпы ережелер бойынша енгізіледі. Суда еритін заттарды алдын-ала стерильді суда ерітеді. Мырыш сульфаты, резорцин, пирогаллол дерматологиялық жағар майлардан өзгешелігі, көз жағар майына құрамына сулы ерітінді түрінде енгізіледі. Суда және негізде ерімейтін дәрілік заттарды қосымша 434 сұйықтықпен мұқият ысқылап, майда ұнтақ (суспензия) түрінде негізге енгізеді
Көз жағар майларында негіз ретінде «көз жағар майы үшін» сортындағы вазелин және әр түрлі қатынастағы вазелин мен ланолин балқымасы қолданылады. Егер жазылымда негіз көрсетілмесе, онда МФ ХІ басылымы «Жағар майлар» мақаласына сәйкес 10 бөлік сусыз ланолин мен 90 бөлік вазелин балқымасы қолданылады. Қоспаны балқытып, фильтрлейді, содан соң стерильденген құрғақ банкіге салып, пергамент қағазбен жауып, кептіргіш шкафтарда 180 0С 30 минут немесе 200 0С 15 минут стерильдейді. Дайын негіз жарықтан қорғалған жерде 25 0С температурада 2 тәулік немесе 3-5 0С 30 тәуліктей сақталады.
Пенициллин ерітіндісі қандай дәрілік түрлермен сыйымсыз?
. Пенициллиндер - эффективтілігі жоғары, улылығы төмен антибиотиктер. Пенициллиндерді қолдану кезінде олардың ағзадан тез бөлініп шығатынын ескеру керек, сондықтан оларды міндетті түрде тәулігіне 4-5 рет белгілейді. Енгізу санын дозасын жоғарылату арқылы қысқарту негізсіз, себебі сирек енгізу кезінде қанда да, зақымдалу ошағында да антибиотиктің терапевтік концентрациясын тұрақты ұстап тұру мүмкін емес. Дәріханада пенициллиндермен жиі: көз, мұрын және құлақ тамшылары, қуыстарды жууға арналған ерітінділер, ұнтақтар, сеппелер, көзге арналған және дерматологиялық жағар майлар дайындалады. Құрамына пенициллин кіретін дәрілік түрлерді, басқа антибиотиктер секілді, пенициллинді пенициллиназадан қорғайтын, асептикалық жағдайда дайындау керек.
Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар ерітінділерін тұрақтандырудың қандай жолдары бар? Мысал келтіріңіздер.
Күшті негіз және әлсіз қышқылдан түзілген тұздарға: натрий нитриті, натрий тиосульфаты, кофеин-натрий бензоаты жатады. Осы тұздардың ерітінділерін тұрақтандыру үшін, олардың 1 л: натрий нитрит ерітіндісіне - 2 мл 0,1 моль/л натрий гидроксидін; кофеин-натрий бензоат ерітіндісіне - 4 мл 0,1 моль/л натрий гидроксидін; натрий тиосульфат ерітіндісіне - 20 г натрий гидрокарбонатын қосады. Барбитур қышқылының натрий тұздары көмір қышқылының әсерінен суда ерімейтін қышқылды түрін бөле отырып, жеңіл гидролизденеді. Мысалы: гексенал ерітіндісін 0,05 - 0,25% концентрацияда натрий гидрооксидін, тиопенталнатрий тұзы ерітіндісін 5-6% концентрацияда натрий карбонатын қосып тұрақтандырады.
Көзге арналған дәрілік түрлер қалай жіктеледі?
Көзге арналған дәрілер қатты, сұйық, жұмсақ, газ тәріздес түрінде шығарылады. Қатты көзге арналған дәрілерге: таблеткалар, қарындаштар, сеппелер, көз қыстырғыштары, ламелалар; газ тәріздес – аэрозольдер (көз спрейлері); жұмсақ – гомогенді және гетерогенді жағармайлар; сұйық – нақты сулы және майлы ерітінділер, коллоидты ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар жатады. Олар көз тамшылары, көзге басуға арналған ерітінділер, шаншуға арналған ерітінділер түрінде қолданылады. Көз дәрілік түрлері қолдану тәсіліне байланысты ерекше топқа бөлінеді. Офтальмологиялық ерітінділерді дайындау процесі дәріхана жағдайында қиын және жұмысы көп. Көз тамшылары - Guttae ophthalmіcaе. Көз тамшылары сулы немесе майлы ерітінділер, дәрілік заттардың майдағы суспензиясы. Көз тамшыларын стерильді пипетка көмегімен көздің шырышты қабығына енгізеді. Қысқа мерзім аралығында қолдану есебімен көз тамшыларын аз (5-10 мл) көлемде белгілейді.
Шаншуға арналған ерітінділерді қандай мақсатта тұрақтандырады?
Ерітінділердегі дәрілік заттардың изотондық концентрациясын қандай тәсілдермен есептеуге болады?
Ерітінділердегі дәрілік заттардың изотондық концентрацияларын әртүрлі тәсілдермен есептеуге болады: Вант-Гофф заңын қолдану арқылы, криоскопиялық әдіспен (Рауль заңы), дәрілік заттардың натрий хлориді бойынша эквивалентерін қолдану арқылы.
Құрамында антибиотиктер бар ұнтақтардың технологиясы қалай жүргізіледі?
Антибиотик ұнтағының салмағын анықтау үшін, антибиотик белсенділігі мен оның салмағының арасындағы, әсер ету бірлігімен белгіленетін, байланысқа негізделген есептеу бойынша жүргізіледі
Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар ерітінділерін тұрақтандырудың қандай жолдары бар? Мысал келтіріңіздер
Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздарды хлорсутек қышқылының ерітіндісін қосу арқылы (0,1 моль/л) тұрақтандырады. Ерітіндіні тұрақтандыру үшін қажет қышқыл мөлшері препараттың қасиетіне байланысты анықталады. Жиі шығын нормасы 1л тұрақтандыратын ерітіндіге 10 мл қышқыл ерітіндісі құрайды, осыған байланысты хлорсутек қышқылының (0,001 моль/л) рН=3,0-4,0 болатын ерітіндісі түзіледі. Бұл топқа стрихнин нитраты, дибазол, дикаин, атропин сульфаты ерітінділері жатады. Ерітінділерді тұрақтандыру үшін 1л ерітіндіге хлорсутек қышқылының (0,1 моль/л) ерітіндісінен 10 мл, ал 1-5% морфин гидрохлоридының ерітіндісіне 10-20 мл қосады. Совкаин ерітіндісіне 6 мл 0,1 моль/л хлорсутек қышқылын қосады. Лобелин гидрохлоридының 1 л ерітіндісіне 15 мл хлорсутек қышқылын қосады. 0,25; 0,5; 1; 2% новокаин ерітінділерін сәйкес 3; 4; 9; 12 мл 0,1 моль/л тұз қышқылымен тұрақтандырады.
Изотонды ерітінділер дегеніміз не? Оларға қандай талаптар қойылады?
Шаншуға арналған ерітінділердің ішінде изотонды ерітінділер ерекше топ құрайды, яғни бұл ерітінділердің осмостық қысымы ағза сұйықтықтарының: қан плазмасы, жас сұйықтығы, лимфа және т.б. осмостық қысымына тең болады. Изотонды деген атау грек тілінен isos – тең, tonus – қысым дегенді білдіреді. Бұл сұйықтықтардың осмостық қысымы бір қалыпта, 7,4 атм (72,82х104 Па) деңгейде болады. Осмостық қысымы төмен ерітінділер гипотонды, ал жоғары - гипертонды деп аталады. Осмостық қысымы жоғары (гипертонды) ерітіндіні қанға енгізген кезде, эритроциттер ішіндегі және оларды қоршаған плазманың осмостық қысымдардың айырмашылығы нәтижесінде, эритроциттерде осмостық қысымдарды теңестіруге әкелетін су қозғалысы басталады. Эритроциттер суынан айырылып жиырылады, бұл құбылысплазмолиз деп аталады.
Дәріханаларда құрамында антибиотиктер бар қандай дәрілік түрлер дайындалады?
Көптеген дәрілік құралдардың ішінде антибиотиктер бактериялық инфекцияны емдеу үшін қолданылатын негізгі құрал болып табылады. Антибиотиктер микроорганизмдерден немесе табиғи шикізаттардан, сонымен бірге олардың синтетикалық аналогтарынан немесе туындыларынан алынатын, ауру адамның ағзасындағы қоздырғышты басатын немесе тоқтататын қабілеті бар төменмолекулалы химиотерапевтикалық заттар. «Антибиотик» терминін 1942 жылы америка ғалымы Ваксман ұсынған. 437 Антибиотиктер микроорганизмдермен түзілген және олардың микробтыққа қарсы әсері бар (антибиотик сөзі грек тілінен аударғанда анти – қарсы және биос – өмір дегенді білдіреді). Антибиотиктерді қолдану бойынша зерттеулердің басы, атап айтқанда пенициллинді (алғаш рет пенициллинді 1928 жылы ағылшын микробиологі А. Флеминго ашқан) қолдану, 1942 жылы З.В. Ермольевамен жүргізілген

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет