Шараның тақырыбы:Бәрін білгім келеді Шараның мақсаты: а) Рухани жаңғырудың негізгі қағидаларын сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды игеру. Қазақстан мен әлем туралы тың деректермен таныстыру. Математикалық білімді жаңғырту.
ә) Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
б) Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өмірге көзқарастарын, ізденушілік қабілеттерін арттыру. Балалардың жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін сезінуге баулу. Рухани құндылықтар мен көзқарастарды сіңіру арқылы танымдық белсенділіктерін арттыруға бағыттау.
в) Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, ойлау, тыңдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту, түзетім жұмыстарын жүргізу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта слайдтары, кеспелер, үлестірме материалдар (түрлі- түсті карандаштар, бояулар, А-3 кағаздары)
Ұйымдастыру(балаларды дайын ету)
Біз бүгінгі шарамызды бейне үзінді қараудан бастаймыз.
Бейне үзінді тақырыбы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»