Шығыс шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, шексіз



Pdf көрінісі
Дата25.12.2023
өлшемі266,37 Kb.
#199101
Байланысты:
пппп-1



Автор:
Б.з.б. VI ғасырда Парсы елінде, Ахемен империясы құрылды. Парсы 
патшасы Кир II, Месопотамия елдерін біріктіріп, басқыншылық саясатын 
жоспарлай бастады. Мысырды жаулап алуды армандаған Кир, мұндай 
үлкен мемлекетпен соғысу қиын болатынын білді. Сол себепті, алдымен 
шығыс шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, шексіз 
даладағы сақ тайпаларын бағындыруды ұйғарды. Басында ол билікті 
соғыссыз, айламен тартып алуға амал іздеді. Томириске хабаршы жіберіп
әйелі болуға ұсыныс жасады. 
Сахна. Томиристің отауы. Ат дүбірі. Хабаршы келеді. 
Томиристің қызметшісі:
-Ханым. Парсы елінен келген жаушы Кир патшасының сәлемін жеткізу 
үшін рұқсатыңызды сұрайды.
Томирис келсін дегенді ыммен білдіреді. 
Жаушы кіре сала тізе бүгіп: 
-Күн нұрынан жаралған сақтың сұлу патшайымына Парсы елінің 
әміршісінен жақсы хабар әкелдім. Әміршіміз сізді өзіне әйел еткісі келеді. 
Мен жауабыңызды күтетін боламын. 
Томирис: 
-Ха ха ха ха. Мені әйел етіп, елімді соғыссыз алғысы келген екен ғой. 
Әміршіңе айта бар, Ұсынысы қабылданбады.
Жаушы иілген күйі шығып кетеді. 
Автор:
530 жылы парсы әскері шығысқа аттанды. Кир әлсіз науқас әскерлерін 
қалдырып негізгі әскерін жасырып қойды.Сақтар жалған әскерге шабуыл 
жасап жеңеді де жеңісті тойлап уланған шарапқа тойып ұйқыға кетеді. 
Қызметші: 
-Ханым, сорладық, парсылар әскердің бәрін қырып тастап, ұлыңыз 
ханзадамызды тұтқынға алып кетіпті, 
Томирис: 


-Тез жаушы жібер! Дереу ұлымды босатсын! Егер ұсынысым 
орындалмаса, «қанға қаншалықты тоймайтын болса да, басын қанға 
тұншықтырамын”.
Кирдің сарайы. Томиристің елшісі келіп тұр. 
Кир: 
-
Ха ха ха. Еліңе қайта бер. Ханымың ұлын енді түсінде көреді. 
-
Автор: 
-
Томирис патшайымның ұлы жау елінде көп ұзамай өз өзіне қол 
жұмсап өлді.( қайғылы әуен, Томирис күңіреніп аза тұтуда) 
Жорыққа аттанар алдындағы дүбірлі әуен. 
Автор: 
-
Ашуға булыққан Томирис парсы еліне шабуыл жасады. Ұзаққа 
созылған шайқастың соңында сақтар жеңіске жетеді.
Хабаршы : 
-
-Кир патша өліпті. Парсы әміршісі Кир өліпті. 
Томирис:
-Кирдің өлгені рас болса басын алып келіңдер! 
Әскерлер Кирдің басын әкеледі.
Томирис:
-Тері шанашты қанға толтырыңдар!
Томирис қан құйылған шанашқа Кирдің басын салады. 
-
Аңсағаның қан еді, іш енді тойғанша!"


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет