Орындаған: Абытхан Қ. Тобы: МЕП20-2нк Қабылдаған: Сахиева Ф. Шиеленістердің даму тарихы Алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ адамзат өмірінде болған қақтығыстар мен олардың шешілу жолдары жайлы көп толғаған. Конфликт(шиеленіс, қақтығыс) бұрыннан ғылыми зерттеудің обьектісі болмаса да, оның өзіндік тарихы бар және кейбір басқа ғылымдармен салыстырғанда оның тарихы көне заманнан бастау алады. Ежелде конфликтінің пайда болу себебі илік үшін,тіршілік үшін күрес соғыстары болған.
Конфликтіге (латын тілінде conflictus --- қақтығыс) қазақ тілінде нақты бір атаумен айдар тағуға келе бермейді. Қазақ тілінде «дау»: егес, керіс, жанжал деген мағынаны берсе, «шиеленіс» сөзі талас-тартыс, айтыс-тартыс деген мағыналар береді.
Тұлғааралық шиеленіс мәселесі шетелдік, отандық зерттеушілердің: С.И. Ожеговтың, Н.И.Кондаковтың, А.Н. Леонтьев, В.С.Мерлин, А.И.Анциферова, Л.Козер, А.Я.Анцупов, В.Конюх-Синица, Э.Шкиль, Т.Полозова, А.И.Шипилов, Е.Бабосов, Л.Ахметова, С.Сүлейменова, Ұ.Абуталипова т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Шиеленісті басқарудың мақсаты- оның кең жайылып өршіп кетуіне жол бермеу. Шиеленісті басқарудың субъектісі ретінде үшінші тұлға болуы мүмкін, яғни араласпай оның реттелуінде қызығушылық білдіре алады.
Шиеленіс дегеніміз – екі немесе одан да көп жақтардың арасындағы келіспеушілік. Екі жақта немесе әр топ өздерінің көзқарасын немесе мақсатын орындауға тырысады, сол мақсаты үшін қарсыласына кедергі жасайды.
Шиеленісті басқарудың мақсаты- оның кең жайылып өршіп кетуіне жол бермеу. Шиеленісті басқарудың субъектісі ретінде үшінші тұлға болуы мүмкін, яғни араласпай оның реттелуінде қызығушылық білдіре алады.
Шиеленістердің негізгі ролі тиімді басқаруға байланысты. Шиеленісті немесе қайшылықты шешу үшін (яғни басқару үшін) оның негізгі пайда болу себептерін түсіну және қарастыру қажет. Көбінесе, басшылар қайшылықтың болу себептерін жеке адамдар арасындағы қақтығыс (дау - дамайдың) келіп туындайды деп көрсетеді. Бірақ кейінгі зерттеулер мен талдаулар бойынша қайшылықтар мен шиеленістердің пайда болуына басқа да факторлар әсерін тигізеді.
Жеке тұлғамен топ арасындағы шиеленістер;
ішкі жеке шиеленістер;
Жеке (адам) тұлғалар арасындағы шиеленіс.
мекемелер аралық шиеленістер
Шиеленістің жіктелуі: Ішкі жеке шиеленіс. Бұның дисфункционалды әлеуетті (потенциалы) басқа қайшылықтың нақты түрімен жасалады. Бұл үлгінің кең тараған үлгісі ретінде – рөлдік басқару қарастырылады және адамдардың істеген жұмыстарының нәтижесінде қарама – қарсы талаптар қойылады.
Жеке (адам) тұлғалар арасындағы шиеленіс. Шиеленістің бұл үлгісі өте кең таралған. Көбінесе басшылардың өздерінің шектеулі ресурстары, капиталы, жұмыс күші, құрал – жабдықты пайдалану уақытына байланысты күрестері.
Жеке тұлғамен топ арасындағы шиеленістер.Өндірістік топтар жоғарыда айтылғандай, өздерінің ережелері мен (беталыс) мінез – құлықтарын қалыптастырады. Әр адам осы ережелерді орындауы қажет, сол кезде оның әлеуметтік қажеттілігі де қанағаттандырылады. Бірақ топтың күтуі жеке адам күтуі біріне қарама – қарсы болса қайшылық пайда болады.
Біріншісі – мәселе тек қана шешім қабылдауға екі жақты да адамдардың қатынасуы. Бұл екі жақтың бір – біріне қарсылығын,жауласушылықты жояды.
Екінші салдар – екі жақты бірлесіп қоян – қолтық жұмыс істеуі.
Үшінші салдар – топтың ой пікірлері.
Төртінші салдар – шешімдердің альтернативасының (баламасының) болуы.
Бесінші салдар – шешімдердің орындалуына баға беретін критерийлер.
Қайшылықтар мен шиеленістерді басқарудың бірнеше әдістерін қарастырамыз.
Шиеленістің алдын алу-оны болжау нәтижелеріне негізделеді. Басталып келе жатқан жағымсыз конфликтінің себептері туралы ақпарат келісімен, оның ары қарай дамуына әсер ететін барлық факторларын белсенді түрде нейтрализациялау ісі басталады. Бұл конфликтінің басталуын алдын-алудың амалсыз формасы.
Шиеленісті шешу жолдары: Шиеленісті реттеу - бұл шиеленісті әлсіретіп, шектеу арқылы оны шешу жолына қарай бағыттайтын басқару субъектісі әрекетінің ерекше түрі.
Шиеленісті шешу - конфликтінің аяқталуын қамтамасыз ететін басқару процессінің шешуші фазасы.
Қорытынды: Конфликтіге (латын тілінде conflictus --- қақтығыс) қазақ тілінде нақты бір атаумен айдар тағуға келе бермейді. Қазақ тілінде «дау»: егес, керіс, жанжал деген мағынаны берсе, «шиеленіс» сөзі талас-тартыс, айтыс-тартыс деген мағыналар береді.
Басқару теориясында көптеген түсініктердегі шиеленістердің, өзгерістердің, стресстердің де өз алдында анықтамалары мен талқылаулары бар. Шиеленіс дегеніміз – екі немесе одан да көп жақтардың арасындағы келіспеушілік. Қақтығыс,талас, шиеленіс көріністері жалпы өмірде де, түрлі салаларда да кездесіп, жиі байкалады.
Назарларыңызға рахмет