“Шын хакім, сөзің асыл-баға жетпес, бір сөзің 100 жыл жүрсе дәмі кетпес”
Абайдың әкесі - Құнанбай. Құнанбай Өскенбайұлы 1804 жылы өмірге келеді. Ол халық арасында өте беделді, абыройлы, әділ би болған. Ол 81 жыл ғұмыр кешкен. Құнанбай ел ішінде қажы атанған.
Абайдың әкесі - Құнанбай. Құнанбай Өскенбайұлы 1804 жылы өмірге келеді. Ол халық арасында өте беделді, абыройлы, әділ би болған. Ол 81 жыл ғұмыр кешкен. Құнанбай ел ішінде қажы атанған.
Семей өңірінде Құнанбай қажының мешіті орналасқан.
Абайдың әжесі - Зере Абайға халық қазынасынан нәр беріп, бойына ізгілік шуағын сепкен, білімге итермелеген ұлы ұстаз, тәлімгер, ана.
Анасы Ұлжан – ұстамды, мейірімі мен ақылы мол дана кісі болған.
Зере әже көңілі кең, жүрегі нәзік адам болған. Абай әжесін қатты жақсы көреді. Күндіз де, түнде де ертегі айтқызады.
Зере әже көңілі кең, жүрегі нәзік адам болған. Абай әжесін қатты жақсы көреді. Күндіз де, түнде де ертегі айтқызады.
Абай әжесімен бірге:
“Е-е.. Бұлдыр-бұлдыр күн өткен,
Бұрынғыда кім өткен?”– деп бастап, әңгіме сұраған тілегін осылайша бастайтын.
Абай он екі жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза қазіретінің медресесіне түседі. Онда 3 жыл оқиды. Медреседе оқып жүріп 3 айдай орыс мектебінен дәріс алады. Абай араб, түрік, парсы тілдерінде үйренеді.
Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Тәттімбет сияқты сазгердердің маржан мұраларынан сусындап, әншілік-күйшілік өнерді ерекше бағалаған. Әнге, өнерге жаны құмар болған.
Абай күйлері: “Торы жорға”, “Май түні”, “Абай желдірмесі”.
Абай әндері: “Көзімнің қарасы”, “Айттым, сәлем, Қаламқас”, “Сегіз аяқ”, “Қор болды жаным”.
Абай орыс әдебиеттерімен атап айтқанда Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Белинский, Добролюбов шығармаларымен танысады. Әсіресе Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларын сүйіп оқыған.
Абай орыс әдебиеттерімен атап айтқанда Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Белинский, Добролюбов шығармаларымен танысады. Әсіресе Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларын сүйіп оқыған.