«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» Дайындаған: тіжо а.Ғ. Мукашева 2019 жыл «Сыңғырла, соңғы қоңырау!»



Дата02.12.2019
өлшемі23,59 Kb.
#52847
Байланысты:
Соңғы қоңырау

Социализм негізгі орта білім беретін мектебі

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

Дайындаған: ТІЖО А.Ғ. Мукашева

2019 жыл

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

  1. Фанфары.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!

1-жүргізуші:

9 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты соңғы қоңырау салтанатына қош келдіңіздер!



2-жүргізуші:

Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын – соңғы қоңырау салтанаты!


1-жүргізуші:

«Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар– отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан. Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.

Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі. «Біз, Қазақстан азаматтары, Болашағы Біртұтас Ел – Мәңгілік Елді құру жолында біргеміз» деген болатын.



2-жүргізуші:

Ұлт көшбасшысының осынау бір қанатты сөздерін арман - мақсаттарына тірек еткен тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеген 8 ұл-қызымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.



1-жүргізуші:

Жас жүректің өмірлік құштары гүл,

Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр,- деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар! Алдарыңызда 9 сынып оқушылары, сынып жетекшісі __________________мен алғашқы ұстазы Қажығалиева Гүлмира Ахасқызы

/музыка әуеніне түлектердің шығуы/

Жас түлек:



  1. Абельдиева Айсәуле- оқу екпіндісі, аудандық қолөнер бұйымдарының жүлделі орын иегері, мектеп іс-шараларына белсенді қатысушы;

  2. Амангелдиев Аманболат-мектеп іс-шараларына белсенді қатысушы;

  3. Жақсыгерей Наргиз- оқу екпіндісі, мектеп іс-шараларына белсенді қатысушы;

  4. Қуандықов Кенжебек- мектеп іс-шараларына белсенді қатысушы;

  5. Мұқамбедиярова Гүлжанат- аудандық шығарма, эссе жазу бойынша номинация иегері, мектеп іс-шараларына белсенді қатысушы;

  6. Стамғазиева Айбота-оқу екпіндісі, Республикалық, облыстық, аудандық ғылыми жобалар байқауының жүлделі орын иегері, мектеп іс-шараларына белсенді қатысушы;

  7. Сұлтанова Асемгүл-оқу озат, үздік аттестат үміткері, аудандық шығарма, эссе жазу бойынша жүлделі орын иегері, мектеп іс-шараларына белсенді қатысушы;

  8. Шайхиев Ержан- оқу екпіндісі, Республикалық, облыстық, аудандық ән байқауларының жүлделі орын иегері, мектеп іс-шараларына белсенді қатысушы;

2018-2019 оқу жылын 64 оқушымен аяқтап отырмыз. Аталған оқушылардың 11 оқушысы үздік нәтижемен аяқтап отыр. Мектебіміздің оқу озаттарын ортаға озаттар шеруіне шақырамыз.

Олар:


  1. 1-сынып оқушысы-Абельдиева Алтынай

  2. 1-сынып оқушысы Бисенгалиева Анэля

  3. 1-сынып оқушысы Букаева Жібек

  4. 3-сынып оқушысы Казиева Жаншуақ

  5. 3-сынып оқушысы Стамғазиева Айназ

  6. 3-сынып оқушысы Ережеп Аяулым

  7. 4-сынып оқушысы Байтакова Жаннель

  8. 4-сынып оқушысы Амангелдиева Амина

  9. 5-сынып оқушысы Утегенова Данагүл

  10. 6-сынып оқушысы Султанов Ибат

  11. Және де 9-сынып түлегі Султанова Әсемгүл

2018-2019 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

Мектеп тік тұр!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні шырқалсын!

Ту көтеру үшін шәкірттері Республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жүлдегері музыка пәні ұстазы Хамитова Амангүл Аронқызы мен 9 сынып түлегі, оқу озаты, үздік аттестат үміткері Сұлтанова Әсемгүлге тапсырылады.

Бізге бейбіт өмір сыйлаған бабаларымызға тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алайық. Ескерткішке гүл қою рәсімі 9 сынып түлектері Стамғазиева Айбота мен Абельдиева Айсәулеге беріледі.

Бүгінгі салтанатты жиынға қатысып отырған – игілікті қызмет иегерлері, құрметті қонақтарымызбен таныс болыңыздар:

1.

2.



3. Сонымен қатар, салтанатты жиынға мектебіміздің ардагер, зейнеткер ұстаздары Бисеңғали Меңдіғалиұлы, Нұрлы Еркінғалиқызы, Айсұлу Ғалиқызы, Мағрипа Темірқызы қатысып отыр.

2-жүргізуші:

Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,

Сөз беремін құрметпенен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.-дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөз құрметті мектеп директоры Мулдагалиева Агис Сундетқалиқызына беріледі.

Ән: «Ұстазыма мың тағзым!» орындайтын 9-сынып түлегі Шайхиев Ержан.

1-жүргізуші:

Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,

Қайрат күшін қажыта алмас қарсы ағын.

Өмір теңіз толқындарын көргенде

Асыл аға тілегіңді аңсармын.-дей келе бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз береміз.

1.

2. Мектебін 10 жыл сағына құттықтап келеген жас түлектерге сөз кезегін береміз! Алғашқы ұстазы Ақбалау Ғабдожалелқызы!



Жас бүлдіршіндердің «Детство» биін тамашалаңыздар

2-жүргізуші:

Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,

Жазып шықты қаншама іс-қазына.

Балапанын ұшырған ұясынан,

Сөз берейік жетекші ұстазына деп 9-сыныптың алғашқы ұстазы Қажығалиева Гүлмира Ахасқызына

құттықтау сөз кезегін ұсынамыз.



1-жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады,


Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.

Сөз кезегі ата-аналар атынан Күлаш апайға _______________________беріледі.



Ән: «Абұлақ» орындайтын Республикалық «Ата мұра» байқауының 3-орын иегері 1-сынып оқушысы Букаева Жібек

1-жүргізуші: Жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек, ендігі сөз өздеріңізге беріледі

(Түлектердің құттықтауы, ұстаздарға, мектепке алғысы)



2-жүргізуші: Ән: «Ұстазым» орындайтын 9-сынып түлектері

2-жүргізуші: Жас түлектердің ерекше дайындаған «Попурри» биін тамашалаңыздар!

2-жүргізуші: Ән: «Қош бол мектеп» орындайтын 9-сынып түлектері

2-жүргізуші: Құрметті Жас түлек! Қыран құстай қанаттарың талмай, биікке самғап ұша беріңдер!

1-жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу рәсімі оқу озаты, Республикалық, аудандық байқаулардың жүлделі орын иегері Буакева Жібек пен 9-сынып түлегі оқу екпіндісі, Республикалық, облыстық, аудандық ән байқауларының жүлделі орын иегері Шайхиев Ержанға тапсырылады.

2-жүргізуші: (Қоңырау соғып жатқанда)

Көгершіндей самғаңдар түлектерім,

Орындалсын өмірде тілектерің.

Үніменен соңғы естіген қоңырауды,

Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.

1-жүргізуші:

Ұшырады мектебің өз қолынан,

Көріне біл ғылымның сан қырынан

«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой»-деп



Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.

2-жүргізуші: Оқушылар! Сіздерді көңілді демалыс, жайдары жарқын жаз қарсы алуда. Жазғы демалысты көңілді өткізіп жаңа оқу жылына жаңа күш-жігермен алтын ұя мектептеріңізге оралуларыңызға тілектеспіз.

1-жүргізуші: Соңғы қоңырау салтанатына арналған мерекелік жиынды жабық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші: Келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет