1-сыныптың сауат ашу пәніне арналған авторлық факультатив жоспары
«Сиқырлы әріптер әлеміне саяхат».
Түсінік хат. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі «педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті» деп көрсетілуі, «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында елбасының «біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілестерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек» деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында.
Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.
Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Оқушының білім сапасын көтеру – негізгі мақсат. Біздің оқушыға қойған талабымыз:
Қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Көбінесе «дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торанстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады.
Оқытуды мұғалім оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.
Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдында барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
Өзіндік талдау ( оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
Ерікті таңдау ( мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығаршылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильдерді көрсету. Қорыта келгенде, О.Балзактың «ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы» дегендей, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.
Әрине атқарылған әстер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын , толғандыратын әстер жетерлік. Атап айтқанда, олар білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, бізге ой – өрісі жоғары дамыған, зерделі,жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығару мүмкін емес.