Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы- функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы ретінде



бет1/3
Дата28.06.2017
өлшемі376,82 Kb.
#20433
  1   2   3
Тақырыбы: Физика пәні сабақтарында сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы- функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы ретінде

Физика пәні оқытушысы: Курмалакова Ж.Ж.

Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан оқушыларымыздың сапалы білім мен саналы тәрбие алуы ең басты мәселеміз. Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған ғасырында жас ұрпақты ізденімпаздыққа, білімділікке және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру үшін заман талабына сай сапалы білім беру мұғалімнің ең басты міндеті. Қандай пәнді оқыса да оқушы білімі сапалы, нәтижелі болуы керек. Ендеше оқушы білімін бүгінгі күн талабына сай дамыту, тереңдету ғылыми түрде құзіреттілік деп түсіндіріледі. Елбасының тапсырмасы бойынша  оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл  жоспар қабылданды. Бұл – Елбасының білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асырудағы  маңызды тетіктердің бірі.

Аталған тетіктер Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында, жаңа Мемлекеттік бағдарламада, «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында айрықша мән беріліп айтылған.Дүниежүзілік экономикалық форумда жарияланған әлем елдерінің бәсекеге қабілетті рейтингідегі соңғы нәтижелерден байқауға болады.

Әлемдік білім берудің нәтижелілігіне қарағанда Қазақстан бірден 21 орынға жоғары көтерілген. Мұндай өсу еш елде бір жылда болған емес. Демек,  біздің еліміздің Білім және ғылым саласындағы осындай жетістіктеге жетуіміз ұстаздарымыздың өлшеусіз қажымас еңбегінің  нәтижесі деп білеміз.Ел Президенті білім саласына үнемі көңіл бөліп, қамқорлық жасап келеді. Елбасы бастамасымен  өмірге келген «Функционалдық сауаттылық бойынша Ұлттық жоспардың» маңызы ерекше. Оның негізгі мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету.

Осы мақсатқа қол жеткізу арқылы Қазақстан оқыту деңгейі мен сапасы жағынан жетекші елдер тобына қосылады. «Функция»- сөзі латынның «functio» сөзінен шыққан, қазақша «орындау», «атқару» деген мағынаны білдіреді.

Адам табиғаттың туындысы, ол туындының жеке тұлға ретінде қалыптасуы санасына, қоршаған ортадағы тіршілікпен қатынаста бола  отырып, оны тани білуіне, дүниетанымының дамуына байланысты өрбиді.Баланың психологиялық  қасиеттерінің қалыптасуында оқу-тәрбие үрдісі шешуші рөл атқарады. Жас жеткіншек жеке адам болып қалыптасуы кезінде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасап, орта тәрбиесі арқылы белгілі бір мазмұнға ие болады. Функциналдық сауаттылықты дамытуда

-Ғылыми –зерттеушілік жағынан  қамтамасыз ету (мектепті басқару жүйесі,ғылыми-зерттеушілік,сараптамалық -талдамалар, оқушылар мен ата-аналардың рөлін диогностикалау);

– Білім беру мазмұнын жаңарту (мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары функционалдық сауаттылық пен құзыреттілік тәсіліне бағытталған білім беру мазмұнын қамтамасыз ету, оқу жоспары бойынша вариативтілігін,коммуникативті дағдыларын қалыптастырудағы білім алудағы дербестік, ақпарат пен технологияны пайдалана білу, іскерлік пен сыни тұрғыда ойлауды жүзеге асыру;

Физиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану қажет. Физика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Есептерді өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет.

Физика пәні күрделі пән екеніне ешкімнің де дауы жоқ. Оны жаттап алу
мүмкін емес, түсіну қажет! Егер ол пән оқушыны қызықтырмаса, не істеу қажет? Міне осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс — тәсілдерді қолдануы тиіс. Соның бірі «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясының әр түрлі стратегияларын өз сабақтарымда қолданып отырамын. Нәтижесінде:

— сабақтың мазмұны, сапасы артады;

— жауапкершілік, шығармашылық қабілеті қалыптасады;

— оқушы өзін-өзі бағалап, білім деңгейін арттыра алады;

— пәнге деген қызығушылығы артады.

Сабақ сыни тұрғысынан ойлау (СТО) – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарламаны бірнеше стратегиямен жұмыс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс мынандай мақсат қоя алады:

-оқушыларды ойландыруға;

-өз ойларын ашық айтуға;

-пікір таластыруға /дебат/;

-дұрыс сөйлей білуге;

-өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге;

-оқушылар шығармашылығын дамытуға;

Сабақ СТО бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады:

I. Қызығушылықты ояту

II. Мағынаны тану

III. Ой толғаныс

Қызығушылықты ояту кезеңінде – мұнда өткен тақырыптан не біледі, не айта алады, өткенді еске түсіру, ой қозғап, әсер ету кезеңі болады.

Мағынаны тану кезеңінде – нақты тақырыпты мұғалім сұрақ-жауап арқылы түсіндіре отырып, өз беттерімен ойларын ортаға салып, жаңа сабақ, жаңа идеяны жүзеге асыруға талпынады. Яғни оқушыға ескі мен жаңаны ұштастырып ойын кеңейтеді. Ой толғаныс кезеңінде -оқушы не білгенін қорытып, саралап, бекіту арқылы білімін жинақтайды. Оқу және жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау технологиясы жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымымен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің қызметі бар. Жалпы стратегияларының саны 80 – нен асады.

Енді осы технологияның әдіс – тәсілдері бойынша өткізген сабақтарымның бірнешеуін ұсынамын.

Тобы:№34

Сабақ тақырыбы: Жарық дисперсиясы

Білімділік мақсаты: Дисперсия құбылысын тұжырымдап, табиғаттағы

дисперсия құбылысын түсіндіру.



Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың қызығушылық және ойлау

қабілетін дамыту.



Тәрбиелік мақсаты: Үйрене отырып, көргенді есте сақтауды, өз бетімен

еңбектене алатындай ерік –жігер ,өзіне сенімділікті қалыптастыру.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап,топпен жұмыс

Технологиясы: – дамыта оқыту, СТО – стратегиясы.

Көрнекілік: Үлестірме қағаздар, интерактивті тақта, шыны призма, диск.

Пәнаралық байланыс: Математика, химия, информатика, география, арнаулы пән.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Кезекші рапорт береді, жоқ оқушыларды белгілеу, тотастыру және топтарға атау беру, бағалау парағын тарату (1 мин )

1-топ:Жарық интерференциясы

2-топ: Жарық дифракциясы

3-топ Жарық дисперсиясы

Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақта біз жарықтың дифракциясы және жарық интерференциясы тақырыбын өткен болатынбыз,олай болса оқушылардың білімдерін шындайтын сұрақ-жауап



Блиц-турнир (әр топ кезекпен жауап беред)(2 мин)

1. Жарық жылдамдығын лабораториялық тәсілмен ашқан француз физигі.(О.Ж.Френель)

2.Толқындардың интерференциясы дегеніміз не?

3.Толқындардың дифракциясы дегеніміз не?

4. Жарық жылдамдығының сан мәні неге тең

6. Толқын ұзындығының өлшем бірлігі

7. Жарық дегеніміз не?

8. Неліктен далаға қарағанда бос бөлмеде дыбыс қатты шығады? (шағылу құбылысы)

9. Неге жазда ақ түсті киім, ал қыста қара түсті киім киеміз?

10. Қусаң қашады, қашсаң қуады? (Көлеңке)



Жұмбақтар шешу

1.Хабар алған алыстан, екі өріс табысқан (электромагниттік толқын)

2. Бар жоғын білмейсің, онсыз өмір сүрмейсің (ауа)

3. Аспандағы алып топ, жарқырайды жарық боп (күн)

4.Жарқылдап соң жаңағы, суға бөкті бар алып, көкте түрлі жолақты, өрнек тұрды ғаламат (кемпірқосақ

Сонымен, дифракция дегеніміз- жарық толқындарының бөгетті орағытып өтуі, ал дифракциялық тор толқын ұзындығын өлшейтін құрал екендігін біле отырып, жарық өлшейтін бір қасиетін білдік.

Жаңа материалды түсіндіру (20 мин)

Тақырыбы: Жарық дисперсиясы.

Сабақ мақсаты: Дисперсия құбылысын тұжырымдап, табиғаттағы дисперсия құбылысын түсіндіру.Оқушылардың қызығушылық және ойлау қабілетін дамыту.Үйрене отырып, көргенді есте сақтауды, өз бетімен еңбектене алатындай ерік –жігер ,өзіне сенімділікті қалыптастыру.

СТО бағдарламасымен топты үшке топтастырып, әр топқа атау беріледі.

-Топта жұмыс істей алуға үйрету

- өз ойын ашық айта білуге дағдыландыру

-пікір айтуға үйрету

-бір-бірін тындауға, жауаптарын бағалай білуге үйрету. Топтарға өзбетінше ізденіс жасай отыра мәтін бойынша тақырыптан мәлімет алады.



Жоспары:

1-топ: Ньютон эксперименті .Спектр дегеніміз не?

2-топ: Дисперсияның мағынасы не?

3-топ: Алғашқы және толықтауыш тустер

Үш топқа ортақ деңгейлік есептер.

1-топ: Ньютон мынадай эксперимент жасады.



(Интерактивті тақтаға суретті шығару)

Әр түрлі заттардың түстері туралы сұрақ адам баласын ерте заманнан бері қызықтырып келді. Сонда да Ньютонға дейін бұл салада ешқандай белгілі нәрсе болмады. Түс заттың өзіне тән қасиет деп есептелді. Ал әр уақытта түрлі бақылау жүргізгенде жарықтану шарты өзгерген жағдайда дененің түсі де өзгеретінін анықтауға болады. Жарық пен қараңғыны араластырғанда әр түрлі түстер пайда болады деген пікірлер де болды. Кемпірқосақ түсін жаңбыр тамшыларымен байланыстырды. Алмаз түстерінің ойнауы, шыны призмадан өткен түстің түрленуі де белгілі болатын. Бірақ Ньютонға дейін ешкім де бұл құбылыстарды салыстырып, олардың арасындағы байланысты білуге ұмтылған жоқ.

“1666 шыны өңдеп жүрген болатынмын,мен түс жөніндегібелгілі құбылыстыарды тексеру үшін ұшбүрышты призманы тауып алдым. Осы мақсатта мен призманы өзімнің бөлмемді қараңғыладым да күн сәулесін өткізу үшін жақтауға өте кішкене саңылау жасадым. Осы саңылауға мен призманы одан сынған сәуле қарсы қабырғаға түсетін етіп орналастырдым. Осындай жолмен алынған түрлі түсті және күшейтілген түстерді қарау маған өте үлкен қанағаттандыру сезімін тудырды”. Жарық көзінен шығып, призма арқылы өткенде пайда болған әр түрлі түстерден тұрақты жолақтарды Ньютон спектр (spektrum- көру) деп аталады.

Бұл эксперимент ақ жарықтың күрделі түс екенін анықтады.



7 Түс.

Ньютон бұл түстерді спектр деп атады. ( лат dispersio- шашырау дегенді білдіреді) Ньютон ашқан құбылыс дисперсия деген атаққа ие болды.Сонымен дисперсия дегеніміз не?

Ньютон қызыл,күлгін түсті жеке жеке бөліп алып,екінші призмадан өткізген кезде күлгін тіс күшті сынады, қызыл түс әлсіз сынады.

Дисперсия қүбылысының ашылуы кемпірқосақ құбылысын түсіндіреді, яғни жарық су тамшыларын немесе атмосферадағы мұз қабыршақтарында сынуының нәтижесінде пайда болады. (судың хим.форм. жазу,кемпірқосақтың суреті интерактивті тақтада көрсетіледі)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет