І бөлім. Тыңдалым.
(41834 аудиоматериалы бойынша)
Тест сұрақтары:
1. Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.
а) Тау сілеміндегі апат
в) Жер сілкінісі
с) Су тасқыны
d) Дауылды боран
2. Медеу-Шымбұлақ тас жолы қанша уақытқа жабылды?
А. Ұзақ мерзімге
В. Уақытша
С. Жабылған жоқ
Д. Бір күнге
3. Таулы сілемдер не себептен жабылды?
А. Қар мөлшерден тыс жауды
В. Қар аралас жауын жауды
С. Жауын мөлшері аз болды
Д. Жауын мөлшері шамадан тыс түсті
4. Таулы аймақтарда не нәрсеге тыйым салынды?
А. Серуендеуге
В. Шаңғы тебуге
С. Ән айтуға
Д. Дем алуға
5.Мәтінге сәйкес тақырып қойыңыз.
ІІ бөлім Оқылым.
Бір ауылда халықты әрдайым жаман сөзімен ренжітетін бір жігіт болған екен. Ауылдың жасы үлкен қариясы бір күні оны қасына шақырады.
Сен өзіңнің орынсыз сөздеріңмен халықтың тыныштығын бұзады екенсің? Осы айтқаным дұрыс па?-дейді.
Оны мойындаймын. Сөзбен ренжіткен кездерім болды. Алайда мен олардан кейін кешірім сұраймын ғой.
Олай болса , сен мынаны жаса. Мына тақтайға осы уақытқа дейін қанша адамды ренжітсең, сонша шеге қақ,-дейді.
Адам тақтайға бірнеше шеге қағады.
Ал енді осылардың қаншасынан кешірім сұрадың? Сұрамағандарыңнан кешірім сұра. Әрбір кешірім сұраған сайын, бір шегені жұлып таста,-дейді.
Көп ұзамай тақтайда шеге қалмайды. Қария кісі ол жігітті шақырып алып былай дейді:
Жарайсың! Барлығынан кешірім сұрадың. Тақтада шеге қалмады. Бірақ шегенің орнында қалған қара дақтарды көрдің бе? Адамдардан кешірім сұрасаң да , олардың жүрегінде реніштің іздері қалады ол дақтар ешқашан кетпейді.
Сондықтан бұдан былай сөздеріңе абай бол.
1.Не себепті қария мен жас жігіттің арасында әңгіме болады? .
А. Өйткені ол жас
В. Тәрбиесіз болды.
С. Жігіт ақыл сұрады.
Д. Адамгершілігі мол болды
2. Тіл мәдениетінің сапаларын көрсетіңіз
А. Сөзге абай болу, ренжітпей сөйлеу.
В. Ренжітіп сөйлеу, кешірім сұрау.
С. Мәдениетсіздік таныту, дөрекі болу.
Д. Ақырын сөйлеу, түсініксіз сөйлеу.
3. Мәтіннің тәрбиелік мәнін анықтаңыз.
Жазылым. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері. Эссе.
Айтылым. Қазақстанның көрікті жерлері.
Берілген тақырып бойынша ауызша әңгімелеу.
|