2024-2025 оқу жылына арналған Нұра жалпы білім беретін мектебі бойынша «Балақайлар мектебі» бойынша есеп
Міндеттері:
-балалардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мектепалды білім беру кезеңінде оқыту процесін ұйымдастыру;
- балалардың жаңа білім беру жағдайларына табысты бейімделуін, ойын әрекетінен оқу әрекетіне біртіндеп көшуін қамтамасыз ету;
- когнитивті және әлеуметтік дағдыларды дамыту;
- баланың мектепте оқуға оң көзқарасын қалыптастыру.
«Балақайлар мектебі» курсының мазмұны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (бұдан әрі - Стандарт) талаптарына сәйкес ұсынылады.
Оқытудың әдістері мен тәсілдері:
Сөздік: әңгіме, әңгімелесу, сену, мақтау, мадақтау.
Көрнекілік: бақылау, түсіндіру, үлгіні көрсету.
Практикалық: жаттығу, ойын әдісі, тапсырманы бірге орындау.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрлері: ойын сабақтар, дидактикалық ойын, ертегі, зерттеу, саяхат, байқау.
Баланың мектепте оқуға дайындығының көрсеткіштері:
жеке-тұлғалық дайындығы – оқуға ынтасы (мектепке барғысы келеді, оқудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді, жаңа білімді алуға қызығушылық танытады);
зияткерлік дайындығы – білім алуға қызығушылықтың, оң көзқарастың болуы;
әлеуметтік-психологиялық дайындығы – ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуі.
Курстың соңында күтілетін нәтижелер:
- мектепте оқуға қажетті базалық іскерліктерді меңгереді;
-мектептегі оқуға ауыртпалықсыз енуге мүмкіндік береді;
-мектепте оқуға тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді;
-қоршаған заттық әлем, табиғи және әлеуметтік орта туралы білімі кеңейеді.
Нұра жалпы білім беретін мектебінде 1 тамызда балаларды мектепке қабылдау мақсатында "Балақайлар мектебі " өз жұмысын бастады.
Даярлық сыныбынан 1-сыныпқа келетін балалар қамтылды. Балақайлар мектебінің басты мақсаты болашақ оқушыны мектепке дайындау, мектеп өмірі туралы түсініктерін қалыптастырып, мектеп ортасына бейімдеу. Сабақтар сөйлеуді, жазуды, сурет салуды үйретуге бағытталған. Балақайлар мектебінің көмегімен балалардың шығармашылық қабілеттері қалыптасып, ойын түріндегі негізгі дағдылары игерілді. Сабақ сағат 9:00-ден 11:30-ға дейінгі аралықты қамтыды, үзіліс аралығы 10 минуттан болды. Қатысқан оқушы саны – 9. 1-сыныпқа келетін оқушылардың барлығы күнделікті сабаққа қатысып отырды.
Дайындық бағдарламасына сөйлеуді дамыту, сауат ашу негіздері (оқу, жазу, грамматика), қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (логика, математика), ұсақ қол моторикасын және ой-қиялдарын дамыту бойынша сурет салу, мүсіндеу, аппликация, құрастыру ұйымдастырылған оқу қызметтері кірді.
Оқушылардың берілген тапсырмаларды орындауы төмендегідей деңгейде. Яғни сыныптағы 6 оқушы тапсырмаларды орындауда қиналмайды, жоғары деңгей көрсеткішін көрсете білді. Екі оөушы берілген тапсырмаларды орындауда қиналады, мұғалімнің кқмегін, не болмаса қайта түсіндіруін қажет етеді.
№
|
Фамилия имя уч-ся
|
№1
|
№2
|
№3
|
№4
|
№5
|
№6
|
1.
|
Аманжол Айкөркем
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
2.
|
Әбдіғалым Хантөре
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
-
|
3.
|
Григорьев Сабыржан
|
+
|
+
|
+
|
+
|
-
|
+
|
4.
|
Елубай Нұрислам
|
+
|
-
|
-
|
-
|
+
|
-
|
5.
|
Исатай Аружан
|
-
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
6.
|
Кешубай Жанерке
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
7.
|
Қанат Айсәуле
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
8.
|
Қанат Ақберен
|
+
|
-
|
+
|
+
|
+
|
+
|
9.
|
Омар Айбақыт
|
-
|
+
|
+
|
-
|
+
|
-
|
Жағымды жақтары: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату. 1 ден 10 ға дейінгі сандарды тура және кері санайды. Қарапайым тапсырманы орындай алады. Жазу дағдыларын меңгерген (сызықшалар, әріп элементтері) Қағаз парағында кеңістікті бағдарлай алады.
Жағымсыз жақтары: Таныс шығармаларды айтуда қиындық туғызады (ертегілер, өлеңдер) Кей балалар бейнелеу құралдарын дұрыс қолдана алмайды.
Ұсынымдар: Балаларға қызықты ертегілер тығдату керек. Баланың логикасын дамытатын тапсырмалар ұсыну қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |