Семинар тақырыбы 1, 2. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философия пәні мен әдісі.
Тапсырма: 1. Философияның пәні, атқаратын міндеттері мен функциялары.
2. Дүниеге көзқарас ұғымы. Дүниеге көзқарастың тарихи формалары: миф, дін және философия.
3. Философиялық білім - рухани жаңғырудың басты шарты және негізі ретінде.
1. Философияның пәні, атқаратын міндеттері мен функциялары. Философия бұл гректің екі сөзінен: mifos – аңыз, logos-ілім.. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланды. Ал дін ешнәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Әр нәрсенің себебін білгісі келгендер мұндай ұғымдарға қанағаттанбады, көңілі толмады. Ондайларды Пифогордың сөзімен айтқанда философ деп атады. Бұл гректің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio-сүйемін, sophio-даналық, екеуі қосылып «философия» деген сөзді туғызады). Арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп «фәлсафа» деп атаған. Ол сонымен бірге дүниетаным, өмірлік позиция, іс-әрекет.
Философияның тікелей айналысатын проблемаларына жататындар: логика (гр.logos-ойлау заңдылықтары туралы ілім), онтология (гр. ontos –мән туралы ілім), гносеология (гр, gnosis – таным туралы ілім), аксиология (гр. Axios-құндылық туралы ілім) болып қалыптасты. Адамзат дамуымен бірге философия өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде танылды. Ол басқа ғылымдарға методологиялық жол сілтейтін, бағыт көрсететін рөл де атқаруда. Көзқарас - білімнің толықтырылған, қорытылған түрі. Ол күнделікті өмірді байқаудан, өткенді талдаудан, келешектң болжаудан туындайды. Ондай міндеттерді абыздар атқарған. Бірақ дүниеге көзқарас біркелкі емес. Ол жай қарапайым, ғылыми, діни, прогресшіл, не кертартпа, нәсілшілдік, ұлтшылдық, не интернационалистік сипатта кездеседі.
2. Дүниеге көзқарас ұғымы. Дүниеге көзқарастың тарихи формалары: миф, дін және философия. Дүниеге көзқарас - дүниені көзқарас сезімінен, танымынан, нанымынан тұрады. Обьективтік шындық адамға түрлі әсер туғызады: сезіну, күдіктену, уайымдау, қайғыру, мазасыздану, қорқу, ренжу, шаттану, қуану, масаттану. Осылардың барлығы адамдардың интеллекті мен эмоциясына тікелей байланысты. Эмоция (сезіну, шырай, әуестік, көңіл-күй) - әрдайым ізденістің, қызығудың бастамасы. Ішкі дүниесінде ойы, жігері, ынтықтығы қызып тұрған адам әрнәрсеге таңданада, таңырқайда, қызығада біледі. Эмоциясы бай адамның жаңарында терең ой тұнатыны тегін емес. Бірақ дүниеге көзқарас бұлармен бітпейді. Ол тек бастамасы ғана. Дүниеге көзқарастың түбірі негізі теорияда. Ол үшін ұғыну, түсіну, нану қажет. Наным - көзқарастың өзегі. Бірақ наным да түрліше болады. Діни көзқараста нанымға негізделген. Адам бір нәрсеге иланбайынша, оның ісі тыңғылықты, нәтижелі болмайды. Дүниені ұғымдармен бейнелеу түрі жатады (abstractio - латын сөзі, ой арқылы заттың, құбылыстың әртүрлі жақтарын бір-бірінен бөліп алып қарау). Олай болса, философия – дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.
Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады? Біріншіден, миф алғашқы пайда болған қоғамдық сананың формасы ретінде өзінің ішінде болашақта дүниеге келетін өнер, дін, саясат, мораль сияқты құбылыстардың элементтерін бойында сақтайды. Сондықтан мифті ғалымдар қоғамдық сананың синкретикалық түрі деп есептейді (synkretismos – грек сөзі, қосылған, араласқан, бөлінбеген деген мағына береді). Екінші ерекшелігі мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жағалай қоршаған ортаны антропоморфизациялау, адамның өзіндік мәндік қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы, табиғаттың құбылыстары мен заттарын олардың адам сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкәрі бар деп түсінуі. Үшіншіден, мифте әлі ғылыми ұғымдар жоқ, онда қоршаған орта, әлеуметтік қатынастар көркем сөз арқылы бейнеленеді.
Философия екі түрлі әдіс қолданылады. Бірі диалектикалық әдіс. Ол дүние ұдайы қозғалыста, дамуда деп түсінеді. Екіншісі - метафизикалық (гр. tameta, ta physika- деген екі сөзінен құралған әдіс). Бұл біріншіге қарама-қарсы дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсінетін ұғым.