Электромагниттік өріс және электромагниттік толқындар Электр өрісі



бет1/5
Дата24.11.2022
өлшемі0,66 Mb.
#159646
  1   2   3   4   5


Электромагниттік өріс және электромагниттік толқындар
Электр өрісі
Электр өрісі – электрмагниттік өрістің дербес бір түрі. Ол электр зарядының айналасында немесе бір уақыт ішіндегі магнит өрісінің өзгерісі нәтижесінде пайда болады. Электр өрісінің магнит өрісінен өзгешелігі – ол қозғалатын да, қозғалмайтын да электр зарядтарына әсер етеді. Электр өрісінің бар екендігін оның қозғалмайтын зарядқа әсер ететін күші бойынша байқауға болады.
Электр өрісі ұғымын ағылшын ғалымдары
М.Фарадей мен Дж.Максвелл енгізді.
Заряд бірлігіне әрекет ететін күшке тең F/q қатынасы электр өрісінің күштік сипаттамасы болып табылады және осы нүктедегі электр өрісінің кернеулігі деп аталады.
Электр өрісінің кернеулігі
Нүктелік зарядтардың кернеулік сызығы.
Күш сызықтарының міндетті түрде басы мен аяғы болады немесе шексіздікке кетеді.Электр өрісінің күш сызықтары оң зарядтан теріс зарядқа бағытталған,яғни оң зарядтан шығып,теріс зарядқа кіреді.6 (а)-суретте теріс зарядталған дене тудыратын өрістің күш сызықтары,ал оң зарядталған дененің күш сызықтары 6 (ә)-суретте кескінделген.
Нүктелік екі зарядтардың кернеулік сызықтары.
6(б)-суретте екі әр аттас зарядтар тудыратын өрістің күш сызықтары,ал 6(в)-суретте бірдей зарядтар тудыратын күш сызықтары бейнеленген.Әр нүктеде модулі мен бағыты бойынша кернеулігі тұрақты электр өрісін біртекті деп атайды.Біртекті электр өрісіндегі кернеулік сызықтары бір-біріне параллельЭлектр өрісінің кернеулік сызықтары тұйықталған,үздіксіз және қиылыспайды.

Зарядқа әсер етуші F күштің сол зарядтың q шамасына қатынасы, яғни F/q зарядтың шамасына байланысты болмай, тек өрістің берілген нүктесін сипаттайды.Сөйтіп, өрістің барлық нүктесі үшін өрістің белгілі бір объективті қасиеттерінің физикалық сипаттамасын береді. Осы қатынас электр өрісінің кернеулігі деп аталады,оны Е әріпімен белгілейді. Е = Ғ/q немесе F = Еqc Электр өрісін графикпен кескіндеу үшін,өрістің әр нүктесі арқылы осы нүктедегі электр өрісі. Кернеулігінің шамасы мен бағытын көрсететін стрелка жүргізілсе болар еді. Сондықтан ағылшын физигі Фарадей өрісті сызықтар мен кескіндеуді ұсынды. Осы сызықтардың әр нүктесіндегі жанамалар сол нүктедегі өрістің кернеулігін векторымен дәл келетін болуы керек (4-сурет). Мұндай сызықтар өрістің күш сызықтары немесе кернеулік сызықтар деп аталады.


Сөйтіп,кернеулік сызығы өзі басып өтетін әрбір нүктеде Е өріс кернеулігінің бағытын, демек сол нүктеде орналастырылған оң +q зарядқа әсер ететін күштің бағытын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет