Сынып: 7 Мектеп: мдшоб кәлпе ом мұғалімнің аты-жөні



Дата04.09.2023
өлшемі15,84 Kb.
#180139
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ 7 сынып


Сынып: 7 Мектеп: МДШОБ Кәлпе ОМ
Мұғалімнің аты-жөні: Султанов М.К.
Сабақтың тақырыбы: Көлік инфрақұрылымы
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) 7.5.2.1 Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде көлік инфрақұрылымының элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді.
Сабақтыңмақсаты: Көлік инфрақұрылымының күнделікті өмір мен шаруашылықты дамытудағы маңызын анықтап, көлік инфрақұрылымының тасымалдаушы транспорттарының орналасу ерекшеліктері мен маңызын қорытындылайды.
Бағалау критерийі: Көлік инфрақұрылымының элементтерін сипаттайды; · Көлік түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін жіктейді · Қазақстандағы көлік инфрақұрылымының элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді
Сабақтың жоспарлау кезеңдері
Сабақтың басы
6 мин Оқу мақсатын ашу үшін «Миға шабуыл» әдісін пайдалана отырып, жұмбақтарды шешу арқылы тақырыбымызды анықтаймыз. Құс сияқты, құс емес, Самғап ұшқан биікке. Қанаты бар қақпайды, Жүрсе де сондай биікте (Ұшақ)
Бір керуен қатарында өңшең түйе, Аузынан жалын шығар қара күйе, Жүрмейді ұрса-дағы басқалары, Бәріне жалғыз бура болған ие. (Пойыз)
Төрт аяқты ,екі көзді, Өзі жансыз жүреді. От пен майдан жемі бар, Құрыш болат жүрегі. (Машина) Осы жұмбақтың жауабының бүгінгі тақырыпқа қандай қатысы бар екенін анықтап алып, оқушыларды осы көліктердің атауы бойынша топқа бөлемін, 1 топ – «Ұшақтар» 2 топ – «Пойыздар» 3 топ – «Машиналар»
Сабақтың ортасы
10 мин
І-тапсырма: «Көліктер және оның түрлері» бейнематериалы бойынша туралы көлік инфрақұрылым элементтерін анықта. Оқыту формасы: сыныптық жұмыс, топтық жұмыс және жеке жұмыс. Әдіс-тәсілдер: «Көре отырып, тұжырымда» тәсілі 1-қадам. Берілген бейнематериал бойынша көлік түрлерін атап шығыңыз. 2-қадам. көлік инфрақұрылымының мағынасын ашу. І топ «Ұшақтар» – инфрақұрылым деген не? ІІ топ «Пойыздар» – транспорт деп нені айтамыз? You tube сайты Интерактивті тақта
12 мин ІІІ топ «Машиналар» – Транспорттық инфрақұрылым неден тұрады? 3 -қадам. Көлік инфрақұрылым элементтерін берілген сызбаны толтырыңыз.
Бағалау критерийі Дескриптор Көлік инфрақұрылымының элементтерін анықта. Көлік түрлерін атай алады. Көлік инфрақұрылымы терминінің мағынасын айта алады. Көлік инфрақұрылымына мысал келтіре алады Көлік инфрақұрылымының элементтерін атай алады. Көлік инфрақұрылымының элементтерін анықта тапсырмасы бойынша оқушылардың алған білімін жинақтау мақсатында «Ұшқыш ұшақ» әдісін қолданамын. Ұшақты оқушыға ұшыра отырып сұрақтар беремін. Қателескен оқушыларды дер кезінде бір-біріне кері байланыс айтқызып, қателерін түзетіп, бір-бірін бағалатамын. Өзімнің тарапымнан оқушыларды ынталандыру мақсатында әр тапсырма сайын ұпай ретінде қағаздан арнайы жасалған көлік түрлерін үлестіріп отырамын. ІІ-тапсырма. Оқулық мәтіні бойынша Көлік түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңыз. Оқыту формасы: Жұптық жұмыс. Әдіс-тәсіл: «Ой қозғау» әдісі 1-қадам. «Ой қозғау» әдісі арқылы тапсырманы орындау. Көлік инфрақұрылымының адам үшін пайдасы мен зияны қандай? 2-қадам. Оқулықтағы мәтінді оқи отырып тақырыпқа түсінік беріңіз; 3 қадам: Көлік инфрақұрылымының маңызын қорытындылап, тұжырым жасаңыз
Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет