сынып оқушылардың



бет1/2
Дата12.05.2020
өлшемі22,48 Kb.
#67426
  1   2
Байланысты:
6 лекция
2 лекция, 3 лекция, 4 лекция, 5 лекция, 5 лекция, 5 лекция, 8 лекция, 9 лекция, 10 лекция, 10 лекция, 8 лекция, 11 лекция, 11 лекция, 15 лекция, бақылау сұрақтары 1-ші сынып.

6. 1 сынып оқушылардың оқу іс - әрекетінің формаларын

білімді, іскерлікті дағдыларды меңгеруі
1 сынып оқушысының оқу іс - әрекетінің формаларын білімді, іскерлікті дағдыларды меңгеруі іс-әрекет пен мінез-құлықтың бұл түрлерінің бір ерекшелігі мынада: түпкілікті нәтиже — қоғамдық тәжірибені игеру — мұнда іс-әрекет пен мінез-құлықтың өзінің тікелей мақсаттарымен үйлеспейді. Мәселен, бала заттармен қимылдар жасап, ойнағанда бірдеңе үйрену үшін істемейді. Ол алғаш аяғын басып, сөйлеуге әрекеттенгенде жүріп , сөйлеп үйрену мақсатын көздемейді. Бұл орайда оның іс-әрекеттері заттарды біліп, меңгеру,. айналасындағыға әрекет жасау жөнінде тікелей қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған. Тиісті іс-әрекеттер мен білімді игеру мұнда мақсат үшін емес, осы қажеттіктерді қанағат тандыру қүралдары ғана болады. Екінші жағдайларда, мәселен, машинаны басқарушыда тікелей мақсат белгілі сапасы бар, белгілі бір өнім алу болмақ. Ал бұл орайда болатын өндірістік дағдыларды жетілдіру болса, онда мұның өзі іс-әрекеттің қайсыбір қосарлас нәтижесі ретінде пайда болады.

1 сынып оқушысының оқу іс - әрекетінің формаларын білімді, іскерлікті дағдыларды меңгеруі басқа мақсаттағы іс-әрекеттің барысындағы үйренуді жол-жөнекей үйрену деп атайды. Оның бар екенін өмір кәрсетеді. Мұның ерекшеліктері психологтардың көптеген тәжірибелерінде зерттелген. Мәселен, эксперименттердің бірінде оқушыларға заттар бейнеленген карточкаларды топтастыру ұсынылды. Әрбір карточкаға цифр жазылды. Тәжірибенің бір вариантында карточкаларды бейнеленген заттардың ұқсастығы бойынша реттеп салу, екіншісінде карточкалардағы цифрлар өсіп отыратындай етіп орналастыру керек еді. Ештеңені есте сақтау талап етілген жоқ. Тапсырма аяқталғаннан кейін сыналып отырғандардан күтпеген жерден карточкалардағы заттар мен цифрлардың бәрін атап шығу сұралды. Нәтижелер мынадай болып шықты: бірінші жағдайда карточкалар есте жақсы сақталды да, цифрлардың есте сақталуы нашар болды, екінші жағдайда цифрлар есте жақсы сақталып, заттардың аттарының есте сақталуы нашар болды.

Осы және осындай тәжірибелердің нәтижелері мынаны көрсетеді: 1) үйрену (берілген жағдайда есте сақтау) үйренушілердің алдына үйрену (бірдеңені есте сақтау) жөнінде арнайы міндет қойылмағанда да болады;

2) адамның белсенді іс-әрекетімен байланысты нәрсе, осы іс-әрекет үшін не керек, ол неге бағытталған және ненің көмегімен жүзеге асырылады деген жақсы үйреніледі (есте сақталады).

Осыдан келіп оқыту практикасы үшін'маңызды қорытындылар шығады. Мәселен, балаларға өсімдіктерді жүйелеуді үйреткенде тиісті белгілерді есте сақтатқызып, кейін осы белгілерді өсімдіктердің жекелеген жүйелерінің мысалында көрсеткізіп үйретуге болады. Бұл қиын жол. Балаларға анықтамалықты, түрлі өсімдіктерді беріп, осы анықтамалықты пайдаланыңдар да өсімдіктердің әрқайсысы қай топ пен қай отрядқа жататынын анықтаңдар деуге болады. Бұл жағдайда оқушыла арнайы үйренусіз-ақ іе-әрекет процесінде тиісті білім алады. Осындай тәжірибелер мен байқаулар негізінде кейбір психологтар мен педагогтар жол-жөнекей, арнайы мақсат етпей үйрену — оқытудың ең тамаша формасы деген идея ұсынды.Бұл орайда оның «табиғилығы» баса көрсетіледі.Бұл идеяны жақтаушылар адам қолдан және мөлшерленген мәліметтермен емес, нақты өмірмен, нақты міндеттермен және заттармен істес болады деп санайды. Үйренуге деген ынта мен себептер сырттан нұсқалмай, адамның өзінен болады. Окушының психикасы мұғалім тарапынан мәжбүр етусіз-ақ қажетті мәліметтер мен іс-әрекеттерді іріктеу мен есте сақтауды өзі жузеге асырады. Оқушының үйренуге деген зор ыждаһаты, оның үлкен оқу белсенділігі, тиянақты биік оқу нәтижелері осыған байланысты.



1 сынып оқушысының оқу іс - әрекетінің формаларын білімді, іскерлікті дағдыларды меңгеруі педагогикаға мұндай көзқарастың ықпалы сан алуан «еркін тәрбие» теорияларында керінді (Жан Жак Руссо, Л. Н. Толстой, К. Н. Вентцель, Эллен Кей) Оларға ортақ жай сол, олар дербес және ерекше іс-әрекет ретінде оқуды терістеп, іс-әрекеттің басқа түрлерінің қосалқы өнімі ретіндегі игерумен алмастырады. Бірақ бәрін осындай әдіспен үйренуге бола ма, болғанда да адамға өмірге, еңбекке даярлану үшін қоғам бөлетін мерзім ішінде үйренуге бола ма? Осы сұраққа жауап іздеп психологтар көптеген зерттеулер жүргізгенде мынадай қорытындыларға келді:

1) жол-жөнекей және арнайы мақсат қоймай үйрену әдейі мақсат қойып, арнайы ұйымдастырылған үйренуге қарағанда көпшілік жағдайда тиімсіз;

2) оқушының дербес іс-әрекетінде гана болатын, арнайы мақсат қоймай үйренуге едәуір уақыт керек (өйткені мұндайда оқушы өзіне керек мәліметтерді өзі анықтап, ұғынып, жинақтауға тиіс);

3) мұндай үйренуде адам негізінен өзінің қажеттіліктерімен, мүдделерімен, ағымдағы міндеттермен тікелей байланыстысын ғана бөледі және түсінеді, қалғанының бәрі одан тыс қалады.

Соңғы жағдай аталған теориялардың тиімділігін бағалауда басты болады. Адамның табиғи түрде үйренетіні оның өзінің жеке ерекшеліктерімен, оның тікелей мүдделерімен және мұқтаждарымен анықталады. Сондықтан да мүндай үиренудің нәтижелері үздік-создық және жүйесіз. Олар бытыраңқы деректер, іскерліктер мен дағдыларды ғана елестетеді. Адамның «табиғи» белсенділігі арқылы бір ғана жол-жөнекей үйренудің негізінде оған ұғымдар жүйесін ұғындыру тіпті мүмкін емес екені айқын. Бұл үшін негізгі мақсатының өзі үйрену болып табылатын ерекше іс-әрекет талап етіледі. Адамның үйренуді тікелей мақсат ететін осындай ерекше қызметін оқу деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет