Сыныптағы оқу үдерісін жақсартуда топтық жұмыстың ролі



Дата22.08.2017
өлшемі61,61 Kb.
#24303
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

Тақырыбы :

Сыныптағы оқу үдерісін жақсартуда топтық жұмыстың ролі

Мақсаты:

Мұғалімдер топта формалды ұйымдастыру әдістемесіне талдау жасайды және ынтымақтыстықта оқыту туралы қорытынды шығарады.

Оқу нәтижесі:

Мұғалімдер топта формалды және сапалы түрде жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылдықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құрады және оқыту мен оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу керектігі жөнінде негіздеме айтады.

Түйінді идеялар:

Мұғалімдердің бір-бірімен бірлескен жұмысының бірінші сабағын ұйымдастыру сапасы оқудың бұдан әрі қарай жүретінін түбегейлі әсер етеді. Осыған байланысты сергіту сәтінен (разминка) бастап, тренерлер сабақтарында қолданатын оқыту мен оқу тәсілдерінің негізінде тиісті модельді құру арқылы шағынтоптардағы жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне мысалдар келтірген маңызды.

ЭЫДҰ есептері мен білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы елдердің нәтижелері негізінде әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында оқушыларға қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру. Мектептерге олардың оқушыларын табысты жұмыс істеуге дайындау және өмірлік жағдайларда олардың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін инновациялық кәсіби дағдылар мен білімдерді ұсыну.



Сабақ барысы

Уақыты

Мектеп тренерінің іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ресурстар

1 күннің (1сабағы )

15 мин

«Достық» танысу шеңбері

Өздерінің жетістігі мен қуанышы туралы айтып бөліседі




«Қуаныш гүлі» әдісі арқылы топқа бөлу

Өзіне ұнаған гүлді алып,жаңа оқу жылымен құттықтап бір-біріне береді.

Гүл дестесі

Тренердің көмегімен топқа бөліп отырғызу.

Алған гүлдің түсімен топқа бөлініп отырады

20 мин

«Бумеранг» әдісі бойынша ой қозғау:

1.Топта қалай жұмыс істеу керек?

2.Топ жұмысы нәтижелі болу үшін не істеу қажет?

Тапсырма: Топ ережесін құру


Сұрақ-жауап.

Топтық жұмыс:

Топ ережесін құрады;


СТО әдәсі

Постер,


Маркер.

Түрлі түсті қағаздар, т.б.



10 мин

Сұрақ :

1.Топ ережесін осы күнге дейін пайдаланғандарыңыз бар ма?

2.Тағы қандай топ ережесін құруға болады?

Үлгі көрсету. Слайд №1


Сұраққа жауап бере отырып топ ережесі туралы ойларын толықтырады.

СТО әдісі,

Слайд №1


10 мин

Миға шабыл:

1.Топ мүшелері қанша адамнан тұрады деп ойлайсыздар?

2. Топ мүшелері бір-біріне қалай қолдау көрсететін болады?

3.Жұмыстың соңғы нәтижесін қалай ресімдейсіз?

4.Топ мүшелеріндегі ілгерілеуді қалай қадағалауға болады?

Слайд №2: тренердің көмегімен толықтыру.


Әр топтың ақылдаса шешкен жауаптарын айтады

СТО әдісі

Слайд №2.




20 мин

Оқыту және оқу әдістемесін не үшін өзгеріс енгізу керек деп ойлайсыздар?

Ал МАНда былай депті:



Өз бетінше оқып тану әдісі: «Бағдарламаның теориялық негіздері»

Қатысушылар тақырыпты топпен оқып, спикер арқылы бір-біріне түсіндіреді

МАН

15 мин

Мектеп тренері арқылы бағдарламаның теори ялық негіздерін түсіндіру

Қатысушылар қосымша түсінік алады

Слайд №3, МАН

10 мин

«Жарайсыңдар!» әуенімен қатысушыларды сергіту сәтіне шақырады. Үлестірмелі қағаздар арқылы топқа бөлу.

Бірлескен түрде сергіту сәтіне қатысты

Музыка

10 мин

Ойын. Ортаға қатысушылардың ішінен ерікті шақырылады.

Тапсырма: Ерікті қатысушыны жан-жақты сипаттама беріп, суреттеу, кейіптеу, мінездеме беру.

Сұрақ: Бұл әдісті қалай атауға болады?

Берілген тапсырма арқылы қатысушылар топтың түйінді идеясын айтады.




10 мин

Бейнесюжет көрсету

«Қасқыр мен бұзау»

Қатысушылар бейнефильм (үзіндіні) көреді.

Бейнефильм

15 мин

Топтарға бейнефильм бойынша тапсырмалар беру. Тақырыпқа сәйкес ресурстар таратылады.

Тапсырмалар бойынша қатысушылар сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып, бірлескен жұмыс жасайды.

Тапсырма

25 мин

1-топ:«Баяндап берушілер»

Тапсырмасы: Бейнефильмнен көрген сюжеттің мазмұнына өз көзқарастарын қосып, баяндау.

2-топ: «Зерттеушілер»

Тапсырмасы:

Бейнефильм кейіпкерлеріне мінездеме бере отырып, сюжеттегі іс-әрекеттерге антоним, синоним сөздерін табу.



3-топ: «Сұрақ құрастырушылар мен бейнелеушілер»

Тапсырмасы: Сюжетке жоғары деңгейлі сұрақтар дайындау және сюжет бойынша сурет салу.

4-топ:

«Сілтеме табушылар мен дәнекершілер»

Тапсырмасы: Бейнефильм мазмұнына сәйкес мақал-мәтел, афоризмдер, қанатты, нақыл сөздер тауып, сәйкестігін дәлелдеу және сюжетті бүгінгі өмірмен байланыстыру

Бейнефильм бойынша «Топтық тергеу» стратегиясы бойынша тапсырмалармен сын тұрғысынан ойлана отырып, жұмыстарын жасайды.




10 мин

«Топтық тергеу» әдісінің құрылымен таныстыру

«Топтық тергеу» әдісін теориялық тұрғыдан таныстыру Слайд №4

10 мин

Рефлексия :

Жаттығу "Кездескенше" (Барлық қатысушылар шеңбер жасап түргеп тұрады)

-Менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы күн бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлады.Оны сіздер бір-біріңізге бере отырып, бүгінгі сабақ туралы өз әсерлеріңізді қалай болғаны жайлы айтып, пікірлеріңізді білдіресіздер, әрине, осымен бірге әріптестеріңіздің бағалап, атына өз тілектеріңізді жолдайсыздар.

Қатысушылар өз ойларын білдіреді және бірін-бірі бағалайды.

ОҚО Сайрам аудандық білім беру бөлімі

42 Фурқат атындағы жалпы орта мектебі



Коучинг сабақ

Тақырыбы: «Сыныптағы оқу үдерісін жақсартуда

топтық жұмыстың ролі»
Мұғалімі: М.Сайдалиев

Қарабұлақ – 2016жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет