СИНОНИМДЕР Синоним – жазылуы, дыбысталуы әртүрлі бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер. Мысалы: амандасу-сәлемдесу; тез – жылдам – шапшаң – жедел – лезде; ауру – науқас – дерт.
Синонимдердің көркем шығармада айрықша көрінетін, өлеңге әр түрлі реңк беретін ұтымды көріктегіш құрал негізінде жұмсалады.
Абай қара сөздеріндегі синонимдер Төртінші сөз: «Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кәніш болса керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғықыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек һәм қылу керек. Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт!»