Сырқатнама «Қантсыз диабет» Орындаған



бет1/3
Дата05.10.2022
өлшемі163,31 Kb.
#151763
  1   2   3
Байланысты:
Балнур сырқатнама


«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ






сырқатнама


«Қантсыз диабет»

Орындаған: Абдурахманова Балнур
Темирбекова Оразгуль
Тобы: ЖМ-20-035к
Тексерген: Луиза Умбетова

Паспорттық бөлім
Фамилия, аты - жөнi: Айтбаев Бауыржан Мағжанұлы
Жасы: 6 жас
туган кунi , жылы: 12.03.2015ж
Мекенжайы: Абая Розыбакиева
Ата - анасынын ФАЖ: Берік Эльвира
Жұмыс орны,лауазымы: 20-мектеп, мұғалім
Стационарға түскен күнi: 20.05.2021 ж
Курация басталу күнi:21.05.2021
Түскендегi диагнозы:
Алдын ала диагноз:
Корытынды клиникалык диагноз :
Анамнез ( Anamnesis )
Шағымдары: айқын шөлдеу; мөлдір, иіссіз несептің артық мөлшерін шығару (полиурия); түнде зәр шығару үшін жиі оянуға тура келеді (никтурия) құрғақ тері мен шырышты қабаттар, сусыздандыру нәтижесінде сілекей мен терлеудің төмендеуі; қан қысымының төмендеуі (гипотензия).Науқастар тәулігіне 3-тен 20 литрге дейін несеп шығара алады (қалыпты жағдайда 1,5-2,5 литр). жалпы әлсіздік,; асқазан-ішек жолдарының көріністері (іш қату, нашар тәбет).

Ауру тарихы


2019 жылы науқас басынан жарақат алып, нейрохирургиялық ота жасауға тура келген. Отадан соң науқас жағдайы жақсарды.
Бірақ 2020 жылдың аяғына қарай науқас бірқатар өзгерістер байқалады: суды көп пайдалану, соның есебінен көп зәр шығару. Көп сұйықтық ішу тәбеттің төмендеуіне алып келеді.
Сонымен қатар балада, мазасыздық, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, полиурия, полидипсия, дене қызуының көтерілуі байқалады.

Науқастың тарихы


Өмір анамнезі (Anamnesis vitae)
I. Антенатальды кезең
3 жүктіліктен 3 туылған бала. Түсік тастау немесе бала алдыру ( аборт) болмаған. Анасының айтуынша, жүктілік орта дәрежедегі анемиямен өтіп, тардиферон препаратын қолданған. Емханадан ем қабылдаған. Токсикоз, варикоз, ісіну болмаған. Анасы жүктілік кезінде ешқандай наркотикалық заттар қолданбаған, тамақтану жағдайы жақсы болды.
II. ИНТРАНАТАЛЬДЫ КЕЗЕҢ
39 апта 1 күнде уақытылы босанған. Шала туылмаған. Анасында операция болмаған, өзі босанған.
III. ПОСТНАТАЛЬДІК КЕЗЕҢ
Туылғандағы салмағы = 3300 г.
Туған кездегі ұзындығы = 54 см.
Ол бірден айқайлаған. Туылу кезінде асфиксия, жарақат анықталмаған. Бірінші айқайы қатты. Кіндік бауы 5-ші күні түсіп қалған. Үшінші күні кеудеге жатқызылды. Перзентханада егу жасалынды. Бала бір айға дейін ауырған жоқ.
Бала бір жасқа дейін емшек сүтімен қоректенді. Өмірдің 5-ші айынан бастап қосымша тағамдарды енгізді. Баланың тәбеті жақсы.
Тісі 6 айдан бастап шыға бастаған. Нәрестелік және ерте балалық кезеңдерде жас ерекшеліктеріне сәйкес дамыды. Барлық вакциналар күнтізбе бойынша алынды.
Басы ұстауы, мойын қатаюы, отыру ,еңбектеу, жүру , сөйлеуі қалыпты кезеңдер бойында дұрыс жүрді.
Материалдық-тұрмыстық жағдайы орташа. Бала күтімі жеткілікті. Баланың режимі жасына сәйкес келеді. Тамақтану тұрақты.
Тұқым қуалайтын аурулар отбасында жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет