Тема: Растворимость
Цель: Объяснить ученику 7-класса что такое раствор и понимать значение растворов
Задание: Надо написать:
Текст;
Иллюстрацию (в виду поста)
Сценарий для видео (1-3 минут)
Ниже приведен пример на тему «Скорость и модуль скорости» по предмету физика для 7-класса
Мәтін.
Бірқалыпты қозғалыс нені білдіреді?
Егер дене тең уақыт аралығында бірдей қашықтық жүріп өтсе, онда қозғалыс бірқалыпты деп аталады. Айталық, қозғалыстағы дене соңынан із қалдырса (мысалы, автокөлік майының тамшылары), біз автокөліктен тамған май дақтарының арасындағы қашықтық бірдей болатынын бақылаймыз, демек дене бірқалыпты қозғалады. Бұл дене тұрақты жылдамдықпен қозғалатынын білдіреді.
Жылдамдық — дененің белгілі бір бағытта қаншалықты тез қозғалатынын сипаттайтын физикалық шама. Бұл жылдамдықтың векторлық шама екенін білдіреді.
Жылдамдық « » таңбасымен белгіленеді. Жылдамдықты ( ) есептеу үшін жалпы орын ауыстыруды ( ) осы орын ауыстыруға жұмсалған жалпы уақытқа (t) бөлу керек.
Автокөліктің спидометрі шамамен 120 км/сағ көрсетіп тұр. Бұл нені білдіреді? Бұл дегеніміз автокөлік бір сағатта 120 км жүретінін білдіреді.
Жылдамдықтың шамасы (мәні) өте маңызды және оны жылдамдық модулі деп атайды. Жылдамдық модулі — нысанның көрсетілген нүктедегі және белгілі бір уақыттағы мәні. Жылдамдық модулі « » деп белгіленеді. Бізге тек мәні керек болғандықтан, жылдамдық модулі скаляр шама болып табылады.
Жылдамдық модулі жылдамдық сияқты есептелінеді. Бірақ бұл жағдайда бізге дененің жүріп өткен жолы (d) мен осы жолды жүріп өтуге жұмсалған уақыт (t) қажет
Жылдамдық бағытының сондай-ақ маңызды мәні бар. Жылдамдық векторының бағыты нысан қозғалысының бағытын көрсетеді. Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесіне (ХБЖ) сәйкес жылдамдықтың өлшем бірлігі — секундына метр (м/с). Күнделікті өмірімізде біз басқа да өлшем бірліктерін қолданамыз, мысалы, сағатына километр (км/сағ) немесе сағатына миль (миль/сағ).
Достарыңызбен бөлісу: |