«Жылдамдық – қозғалыс шапшаңдығын сипаттайтын физикалық шама» деген сөйлем шығады.
Өрнегі пайда болады.
Бұл екеуі өшіп, «Жылдамдық дененің уақыт бірлігінде орын ауыстыруына тең шама
Ол векторлық шама» деген мәтін шығады.
Өрнегі қайта шығады, сосын оның түсіндірмесі шығады.
Сосын теңдеудің жанында өлшем бірлігі пайда болады.
3 кадр
Карта пайда болып, Астана қаласы жұлдызшамен белгіленеді. Сосын жұлдызшадан бағдарша шығып, түрлі бағытқа бағытталып, ұшында сұрақ белгісі пайда болады.
3 кадр Орын ауыстыру векторлық шама екенін ескерсек, жылдамдықтың да векторлық шама болуы керек екені шығады. Шынымен де, Астана қаласынан шыққан көліктің қозғалысын сипаттау үшін оның жыдамдығының сан мәнін және бағытын бірдей көрсетуіміз керек. Онсыз көліктің қозғалысын толық сипаттау мүмкін емес. Мысалы, Астанадан шыққан көлік 120 км/сағ жылдамдықпен кетіп бара жатыр десек, оның қайда қозғалып бара жатқаны белгісіз болып қалады. Сондықтан да біз: «Көлік Астанадан Көкшетау қаласына қарай 120 км/сағ жылдамдықпен кетіп бара жатыр» - деп, көліктің қозғалысын толық сипаттауымыз керек.
Астана қаласы, сосын Қарағанды қаласы жұлдызшамен белгіленеді. Сосын Астанадан Қарағандыға қарай бағытталған кішкентай қызыл бағдарша пайда болып, кейіннен ұлғайып. ұзарады. Бағдарша Қарағандыға жеткенде ұлғайып, ұзаруын тоқтатып, бір сәтке өзгеріссіз тұрады да, жоқ болып кетеді. Сосын Қарағандыдан Астанаға бағытталған көк бағдарша пайда болып, Астанаға жеткенше ұлғайып, ұзарады. Ол да бір сәт тұрып жоқ болады.
4 кадр Кейде қозғалыс бағыты маңызды емес, дененің жүріп өткен жолы ғана маңызды болуы мүмкін. Мысалы, қала аралық такси таңертең Астанадан шығып, Қарағандыға барды да, түсте Астанаға қайта оралды делік. Бұл жағдайда таксидің бастапқы және соңғы орны Астана қаласы. Сәйкесінше, таксидің орын ауыстыруы нөлге тең. Бұл дегеніңіз таксидің жылдамдығы да нөлге тең. Сонда «такси қозғалған жоқ» дейміз бе? Жоқ. Бұл жағдайда таксидің орын ауыстыруы емес, жүрген жолы маңызды. Егер такси екі қала арасында таңнан түске дейін, шамамен, 5 сағат ішінде 500 км жүріп өтіп, қозғалыс жасаса, оның қозғалыс шапшаңдығын жылдамдық арқылы емес, жылдамдық модулі арқылы сипаттаймыз.
Өрнегі пайда болады.
«Сонда такси қозғалған жоқ па?» деген сөйлем шығады.
Жылдамдық модулі» тіркесі шығады.
Ағаш, көлік және уақыт өлшегіш пайда болады. Уақыт өлшегіш қосылғанда көлік те қозғала бастайды. Көлік жүріп бара жатқанда оның жүрген жолын есептейтін бағдарша пайда болады.