СөЖ (1-2апта) Азамбаев Саят ээ-21 тэф қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері



Дата08.02.2023
өлшемі2,97 Mb.
#168065
түріКодекс
Байланысты:
ло


СӨЖ (1-2апта) Азамбаев Саят ЭЭ-21 ТЭФ



  1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері



ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының Конститутциясына негізделеді және Еңбек Кодексінен, Қазақстан Республикасының заңдарынан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықтық актілерінен тұрады. 
Қазақстан Республикасының басқа заңнамаларына еңбек қатынасын, әлеуметтік серіктестік және еңбек қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды қосуға тыйым салынады. Тек қана осы Кодекспен қарастырылған жағдайларға ғана рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасымен ратификацияланған, халықаралық келісіммен осы Кодексте қарастырылған тәртіптен өзге тәртіп бекітілген болса, онда халықаралық келісім тәртібі қолданылады. Қазақстанда ратификацияланған, халықаралық келісімдер еңбек қатынасына тікелей қолданылады, тек халықаралық келісімде оның жүзеге асуы үшін заң шығару қажет болған жағдайды қоспағанда.
Мақсаты мен міндеттері. 1.Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады. 
2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының міндеттері еңбек қатынастары тараптары мүдделерінің теңгеріміне, экономикалық өсуге қол жеткізуге, өндіріс тиімділігі мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. 
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері
1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу
2) еңбек бостандығы; 
3) кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу; 
4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету; 
5) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы; 
6) еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға құқығын қамтамасыз ету; 
7) тынығу құқығын қамтамасыз ету; 
8) қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі; 
9) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету; 
10) әлеуметтік әріптестік; 
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу; 
12) қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасы еңбе заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.


  1. Негізгі сипаттамаларына және қойылатын организмнің физилогиялық талаптарына қарай еңбектің бөлінуі










  1. Еңбектің гигиеналық принцептер бойына жіктелуі

Еңбек гигиенасы — еңбектің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шараларын қарастыратын гигиена саласы. Еңбек гигиенасы — еңбектің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шараларын қарастыратын гигиена саласы.

  1. Зиянды өндірістік фактор – ол кәсіптік патологияның пайда болуын, жұмысқа қабілеттіліктің уақытша немесе тұрақты төмендеуін, соматикалық және инфекциялық аурулардың жиілігінің өсуін, ұрпақтардың денсаулығының нашарлауын туындата алатын өндірістік орта мен еңбек процесінің факторы.

  2. Психофизикалық факторлар: 1.Психофизикалық факторлар: А) Физикалық(шахтерлердің және кеншілердің жұмысы); Б)Физиологиялық жылжу(оймен істейтін жұмыстар); В)Физиологиялық зорығу(ауыр жұмыс түрлері); Г)Жүйке психикасының зорығуы(операторлардың,диспечерлер т.б)

  3. Физикалық фаторлар: Физикалық фаторлар: А)Ауа жылдамдығы(машина жасау,металлургия) Б)Инфрақызыл сәулелердің жоғарғы деңгейі(аспан астында жұмыс істейтін құрылысшылар) В)Ультракүлгін сәулелердің жоғарғы деңгейі(дәнекерлеу жұмыстары) Г)Лазерлі сәулелердің жоғарғы деңгейі(зерттеу жұмыстары,медицина) Д)Ионды сәулелердің жоғарғы деңгейі(атомды электростанциялар)

4) Физикалық зиянды және қауіпті өндіріс факторлары– микроклимат, өндірістік шаң, шу, діріл, ультрадыбыс, инфрадыбыс, иондалмайтын сәулелену, иондаушы сәулелену. 4 Физикалық зиянды және қауіпті өндіріс факторлары– микроклимат, өндірістік шаң, шу, діріл, ультрадыбыс, инфрадыбыс, иондалмайтын сәулелену, иондаушы сәулелену.
Қорытынды: Еңбек гигиенасы - еңбек жағдайларының гигиеналық әсерлерін, және жұмыскерлердің жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығына әсерін, сонымен қатар еңбек жағдайларының жағымсыз әсерлерін ескертудің тәжірибелік шараларын және ғылыми негіздерін өңдейтін ғылым. Еңбек гигиенасының негізгі мазмұны болып созылмалы сырқаттардың үдеуін, жұмыскерлердің еңбек ету жағдайында жарақаттанулар мен олардың асқынуларын, жарақаттану және сырқаттарды медициналық алдын-алу болып табылады. Қорытынды: Еңбек гигиенасы - еңбек жағдайларының гигиеналық әсерлерін, және жұмыскерлердің жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығына әсерін, сонымен қатар еңбек жағдайларының жағымсыз әсерлерін ескертудің тәжірибелік шараларын және ғылыми негіздерін өңдейтін ғылым. Еңбек гигиенасының негізгі мазмұны болып созылмалы сырқаттардың үдеуін, жұмыскерлердің еңбек ету жағдайында жарақаттанулар мен олардың асқынуларын, жарақаттану және сырқаттарды медициналық алдын-алу болып табылады






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет