Сөж Екіншілік нейроинфекциялар Орындаған: Қамытаев ә



бет1/7
Дата18.09.2022
өлшемі1,42 Mb.
#149840
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СӨЖ Екіншілік Нейроинфекциялар Қамытаев Ә ЖМ505Б 1
8-наурыз

Сөж

Екіншілік нейроинфекциялар

Орындаған: ҚАМЫТАЕВ Ә

Курс: 5

Тобы: ЖМ505Б

Қабылдаған:

Алматы 2022

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  • Екіншілік нейроинфекциялар жайлы түсінік
  • Нейросифилис
  • Этиологиясы, патогенезі және клиникалық көріністері
  • Нейросифилистің түрлері, емі.
  • Нейробруцеллез этиологиясы, патогенезі.
  • Нейробруцеллез клиникалық көріністері, диагностикасы, емі.
  • Нейроревматизм этиологиясы, патогенезі.
  • Нейроревматизм клиникалық көріністері, диагностикасы, емі.
  • ВИЧ-инфекция этиологиясы, клиникасы
  • ВИЧ-инфекция диагностикасы, емі.
  • ІІІ Қорытынды

    ІV Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе


Нейроинфекция — бұл нерв жүйесін зақымдайтын инфекциялық ауру. Оның негізгі қоздырғыштары вирус,бактерия, протей және саңырауқұлақтар болып табылады.
Нейроинфекциялар 2 түрлі :
1. Біріншілік нейроинфекциялар - микроорганизмдер ең алдымен нерв жүйесін зақымдайды. Олар көбінесе вирустық инфекциялар болып келеді
2. Екіншілік нейроинфекциялар— микроорганизмдердің басқа инфекция ошағынан нерв жүйесіне өтуінен пайда болады. Бұл ауруға нейросифилис, нейроревматизм, ВИЧ-инфекция,нейробруцеллез жатады.
Нейросифилис
Сифилиспен сырқаттанғандарда нерв жүйесінің зақымдануы 15-25%-ын құрайды. Сифилистен болатын қосымша неврологиялық асқынулар әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, медициналық қызмет көрсету ерекшеліктеріне және халықтың мәдени деңгейіне байланысты. ДДҰ мәліметтері бойынша жылына бұл аурумен 20 млн адам ауырады екен.
Нейросифилистің алғашқы(мезодермалық) және кешеуілдеген (эктодермалық) көріністері ажыратылады.
Алғашқы мезодермалық асқынулар біріншілік (бас ауруы, радикулалгия, неврит) және жиірек екіншілік (менингит, миелит, менингорадикулоневрит және менингомиелит, цереброжұлындық васкулит) кезеңдерінде, яғни инфекция жұққаннан бірнеше айдан 2-3 жылға дейінгі мерзімде дамиды.
Кешеуілдеген эктодермалық асқынулар (созылмалы миненгит және менингомиелит, гумма, пахиминенгит, эндоартериит) сифилистің үшінші кезеңінде, яғни ауру басталғаннан 3-6 жыл кейін өрбиді.
Алғашқы симптомдарға 10-15 жыл өткенге дейін созылатын сифилистің эктодермалық көріністері – жұлын семуі, үдемелі салдану, амиотрофиялық жұлындық сифилис және Эрба сіреспелі салдануы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет