Сөж тақырыбы: Балалық шақты әлеуметтік-педагогикалық, проблемалары және оларды шешу жолдарын көрсетіңіз Орындаған: Мақсатқызы Қарақат Тексерген: Дуйсенбаев Абай Алматы 2022ж



бет1/5
Дата22.11.2022
өлшемі72,63 Kb.
#159348
  1   2   3   4   5
Байланысты:
МАқсатқызы Қарақат соц пед 12 (копия)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «Философия және саясаттану»
Кафедрасы «Педагогика және білім беру менеджменті»

СӨЖ
Тақырыбы: Балалық шақты әлеуметтік-педагогикалық, проблемалары және оларды шешу жолдарын көрсетіңіз

Орындаған:Мақсатқызы Қарақат
Тексерген:Дуйсенбаев Абай

Алматы 2022ж

Балалық шақты әлеуметтік-педагогикалық, проблемалары және оларды шешу жолдары



1.Кіріспе
Балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендірудің жағдайы.
2.Негізгі бөлім
Балаларды әлеуметтендірудің ерекшеліктері.
Жасөспірімдердің әлеуметтік ортаға бейімделу проблемасы.
Мектепке дейінгі балалық шақтағы баланың дамуының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.
3.Қорытынды
Балалық шақты әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын шешудегі нәтиже.

Балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендірудің жағдайы.Әлеуметтену – индивидтің нақты қоғамға, әлеуметтік топқа тән қүндылықтарды, нормаларды, мінез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу процесі. Әлеуметтену бастапқы (балалық шақ, бозбалалық кезең, жастық шақ) және екінші (егде жас) болып бөлінеді. Социология ғылымы «ұрының баласы қашанда ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туылады» деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені адам анасынан бірден мәдениетті болып туылмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процесінде ғана қалыптасады. Әлеуметтену – тура мәнінде, жарық дүниеге келген адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық – психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттақ, әлеуметтік маңызды қасиетерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы тлғаға айналдыру жолы. Сондықтан әлеуметтену дегеніміз, индивидтің әлеуметтік орамен диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, осының барысында бір жағынан – адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан – қоғам тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді. А.В.Мудрик әлеуметтендіруді адамның бүкіл ғұмырында қоғам мәдениетін ұдайы өндіру мен меңгеру үрдісіндегі өз орнын алуы мен дамуы ретінде түсіндіреді.
А.И.Ковалеваның пікірінше, әлеуметтендірілген норма индивидтің қоғамға кірігуінің қалыптасқан әрі реттелген әлеуметтік механизмін көрсетеді, адамның жас мөлшері мен жеке даралық психологиялық мінезін ескерген тұлғалық дамудың бағыт алуы.
Әлеуметтену адамды жеке-дара қайталанбайтын ерекшеліктерден гөрі, типтік, топтық қалыптастыруды мақсат етеді. Типтік – бұл әлеуметтік өзара әрекеттің әралуан түрлерімен біріккен, адамдық тұлғаға қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Тұлғаның типтік мазмұны топта және тұтастай социумда бейімделуді қамтиды, белгілі бір мәдениетке жататын адамдардың өзара әрекет қалыпты өлшемдері мен өзара түсіністіктің кейбір деңгейін жалғастырады.
Әлеуметтендірудің үздіксіз үдеріс екендігі жоғарыда атап көрсетілді, әлеуметтік деңгейі жаңа әлеуметтік тәжірибені адамның меңгеру мөлшеріне қарай өзгеретіндігі айтылды. Сондықтан әлеуметтену сатыларын анықтауда зерттеушілер балалық шақ жылдармен шектелмейді, еңбекке дейінгі, еңбектегі және еңбектен кейінгі әлеуметтенуді сипаттайды.
Баланың әлеуметтену үрдісінің психологиялық мәнін сипаттай отырып, бұл үрдістің мазмұны, бір жағынан, баланың әлеуметтік тәжірибесі, тағы бір қырынан, қоғамның мәдениеті мен психологиясын анықтайтынын атап өту қажет. Тұлғаның қалыптасуын анықтай келе, әлеуметтену екі түрлі жолмен іске асады.
- жеткілікті ұйымдастырылмаған әрі бақылауға алынбаған жан-жақты әлеуметтік ықпал (отбасы, мектеп, аймық ықпалы, БАҚ әсерлері);
- әлеуметтік қалыптасудағы нәтижелері арқылы ғана байқалатын кездейсоқ туындау (өзгермелі қатынастар, көзқарастар, бағалаулар, құндылықтар).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет