Сөж тақырыбы



Дата19.07.2020
өлшемі0,89 Mb.
#75434
Байланысты:
Байғазы Ақерке

  • СӨЖ
  • Тақырыбы: Бүйрек туберкулезі, клиникалық, радиологиялық және
  • зертханалық белгілері.
  • Қабылдаған:Амангельдиева А.М
  • Орындаған:Байғазы А.Е
  • 4-039 топ ЖМФ
  • Қарағанды – 2018 жыл

Жоспар:

  • I Кіріспе
  • Бүйрек туберкулезі
  • II Негізгі бөлім.
  • Бүйрек туберкулезі этиологиясы, клиникалық көрінісі
  • Бүйрек туберкулезі патогенезі, патологиялық анатомиясы, диагностикасы
  • III Қорытынды
  • Этиологиясы
  • Бүйрек туберкулезінің арнайы қоздырғышы-туберкулез микобактериясы (Кох бацилласы) туғызады.
  • Патогенезі
  • Бүйрекке туберкулез қоздырғыштары:
  • Гематогенді
  • Лимфогенді
  • Өрлеме (урогенді )жолдар арқылы түседі және жұқтырады.
  • Кең микроцир-куляторлы тамыр(русло) . Кішкентай артериялар көптігі
  • Бүйрек клубочка-ларындағы баяу қан ағысы
  • Тамырлардың
  • интерстициальді
  • тінмен тығыз
  • байланысы
  • Патологиялық анатомиясы
  • Макроскопиялық зеріттеулерге қарағанда,бүйрек қыртысында шоғырланатын бастапқы туберкулез өзгерістері көбіне паринхиманың бетіне түсі ақшыл-сары, әртүрлі көлемді, казеозды некроз ошақтарынан, оларды қоршаған эпителиоидты, алып және лимфоидты жасушалардан тұратын арнамалы түйіршікті тіндер болады. Кейінен бұл ошақтар бір-бірімен қосылып-мұның соңы патологиялық қуыс-каверна түзуге әкеп соғады.
  • Классификациясы
  • Жіктелуі негізінен туберкулез үдерісінің дамуы,паренхиманың зақымдалуының көлемі мен тереңдігіне және инфилтративті өзгерістерден бастап, поликавернозды туберкулезге байланысты.
  • I-саты-бүйректің инфильтративті (деструктивті емес) туберкулезі
  • II-бастапқы деструкция:папиллит немесе шағын (диаметірі 1см-ден аспайтын) бірлі-жарым каверналар
  • III-саты-шектелген деструкция: үлкен каверналар немесе бүрексегменттерінің біріндегі поликаверналы туберкулез
  • IV-саты-тотальды немесе субтотальды деструкция (екі сегменттің поликаверналы туберкулез, туберкулез пионефрозы, бүйректі бор басу)
  • Бүйрек туберкулезінің патогномониялық клиникалық белгілері болмайды, мұның өзі осы ауруды анықтауды қиындатады. Ол көбінесе бастапқыда өзге урологиялық аурулар ( созылмалы пиелонефрит, бүйрек тасы ауруы, бүйрек ісігі) түрінде өтеді, белгісіз өтуі сирек кездеседі.
  • Диагностикасы
  • Анамнезінде туберкулезбен ауырғанын,туберкулезді науқастармен араласуы болғанын анықтау өте маңызды.
  • Б.Т-де бүйрек аймағын физикалық зеріттеу әдістерінің мәліметі аз. Еркектердің сыртқы жыныс мүшелерінің, қуық түбі безінің, шәует көпіршігінің туберкулезге тән өзгерістерін сипап анықтаудың маңызы бор.
  • Лабораторлық зерттеулер. Зарде-пиурия,гематурия,протеинурия және туберкулез микобактериясын анықтау. Лейкоцитурия деңгейін сандық әдістермен анықтау нәтижелі болады. Туберкулезге зәрдің қышқыл реакциясы тән. Протеинурия-жалған,шумақтарзақымдалуынан емес, зәрдегі қабыну өнімдерінің салдары.
  • Туберкулездің нақты белгісі-зәрде туберкулез микробактерияларын, бактериологиялық зерттеумен және биологиялық сынамамен анықтау. Бактериологиялық әдіс-зәр тұнбасын қоректік ортаға жеделдетілген әдіспен терең егу қолданылады. Нәтижесі 2-аптадан 2,5ай аралығында дайын болады. Биологиялық әдіс-туберкулез микобактериясын анықтаудың ең сезімтал әдісі деп есептеледі.
  • Туберкулинмен арандатушы сынамасы-туберкулиндітері астына енгізуден кейін зәр тұнбасындағы жасушалар мөлшерін сандық әдістермен лейкоцитурия, эритроцитурия деңгейін анықтайды
  • УДЗ-бүйрек паренхимасының және тостағанша-түбекше жүйесінің өзгерістерін (каверналар, ізбестелген ошақтар, тастар,гидрокаликоз) айқындайды.
  • Урография –негізгі рентгенологиялық зерттеу. Нефротуберкулез формасына және сатысына байланысты; субклиникалық нефротуберкулез — әлсіз контрасталған тостағанша-астауша, тостағаншалардың деформациясы, ал папиллитте («бастапқы» деструктивті нефротуберкулез) — түзу еместігі, контурының айқын еместігі тостағаншалардың деструкциялы белгілері, кавернозды туберкулезде — қыртысты және милы затындағы тепе-теңсіздігі, шетінің кедір-бұдырлығы; туберкулезді пионефрозда — тегіс емес контурымен бүйректің үлкею суреті, бүйрек қызметінің бұзылуы (аутонефрэктомия); нефросклероз кезінде (екіншілік-сморщенная бүйрек) —көлемі кіші бүйрек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  • Урология М.К.Алшынбаев. Алматы “Білім”1998 ж.
  • Н.А. Лопаткин « Урология » Москва 1977г.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет